Гесс заңы. «Гесс заңы және оның салдарын қолдану» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
АҚПАРАТ ПАРАҒЫ
Термохимияның негізгі заңын 1840 жылы Г.И.Гесс ашқан.
Гесс заңы: «Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелді емес, тек реагенттер мен өнімдердің күйіне тәуелді».Егер химиялық реакция бірнеше реакциялардың қосындысы болса, реакцияның жалпы энтальпия өзгерісі құраушы реакциялардың энтальпия өзгерістерінің қосындысына тең болады.
ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2+ΔH3...
Гесс заңынан шығатын қорытынды қолданылады:
Герман Генри Гесс (1802-1850 жж.)
Орыс химигі 1802 жылы 8 тамызда Женева қаласында дүниеге келен. Гесс термохимия негіздерін ойлап тапқан.
1840 жылы оның тұрақты жылу қосындысы туралы атақты заңы жарық көріп, ғалымның құрметіне Гесс заңы деген атқа ие болды.
Химиялық процесс тікелей жүрсе де, бірнеше сатымен өтсе де оған керекті жылу (тұрақты қысымда не тұрақты көлемде жүрген реакциялар үшін) әрқашан бір мөлшерде болады.
Гесс заңы былай айтылады:
РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ - РЕАКЦИЯНЫҢ ҚАНДАЙ ЖОЛМЕН ЖҮРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС, ТЕК РЕАКЦИЯҒА ҚАТЫСАТЫН БАСТАПҚЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖӘНЕ РЕАКЦИЯ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮЗІЛЕТІН ЗАТТАРДЫҢ ТҮРІНЕ ЖӘНЕ КҮЙІНЕ ҒАНА БАЙЛАНЫСТЫ.
Мысалы: Сграфит + О2 (г) = СО2(г) ΔН1 1-әдіс
Сграфит +1/2 О2(г) = СО(г) СО(г) +1/2 О2(г) = СО2(г) 2-әдіс
ΔН2ΔН3
Екі әдісте де графит және газ күйіндегі оттегі қосылады, нәтижесінде көміртегі (СО2) оксиді түзіледі, сондықтан:ΔН1 = ΔН2 + ΔН3
С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж
СО(г) + 1/2 О2 (г) = СО2(г) ΔН2=-283,0 кДж
__________________________________
С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр=?
С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж
СО2(г) →СО(г) + 1/2 О2 (г) ΔН2= 283,0 кДж
__________________________________
С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр= -393+283,0=-110,5кДж
Г.И.Гесс заңынан бірнеше салдар шығады:
1.ТУРА РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ КЕРІ ТАҢБАМЕН АЛЫНҒАН КЕРІ
РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІНЕ ТЕҢ.
2.РЕАКЦИЯНЫҢ ЖЫЛУ ЭФФЕКТІСІ ОНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ТҮЗІЛГЕН ЗАТТАРДЫҢ
ТҮЗІЛУ ЖЫЛУЛАРЫНЫҢ (энтальпияларының) ҚОСЫНДЫСЫНАН РЕАКЦИЯҒА
ҚАТЫСАТЫН ЗАТТАРДЫҢ ТҮЗІЛУ ЖЫЛУЛАРЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫН АЛЫП
ТАСТАҒАНҒА ТЕҢ:
ΔНх.р. = ΣΔН0түз. + ΣΔН0түск.
Гесс заңынан бірнеше салдар шығады, олар кейбір іс жүзінде калориметрлік әдіспен де анықталмайтын химиялық реакциялардың энтальпиясын есептеуінде де қолданыс тапқан.
Бірінші салдар. Кейбір химиялық қосылыстың айрылуының жылу эффектісі оның түзілу жылу эффектісіне тең, тек таңбасы қарама-қарсы.
Екінші салдар. Егер әр түрлі бастапқы күйлерден бірдей соңғы күйге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы бастапқы күйлердің бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.
Үшінші салдар. Бірдей бастапқы күй-жағдайда әр түрлі соңғы күйлерге келетін екі реакция жүретін болса, онда олардың жылу эффектілерінің айырмасы соңғы күй-жағдайлардың бір-біріне ауысқандағы жылу эффектісіне тең.
Мысал: Сутегі асқын тотығының түзілу реакция жылуын есептеңдер:
H2 (г) + O2 (г) = H2O2 (с)
Сутегі переоксиді су және оттегіге ыдырау нәтижесінде түзілген жылу, судың түзілу жылу болып табылады.
Барлық қажетті ақпараттар төмендегі сызба нұсқада көрсетілген:
1-ші әдісі "Энергетикалық цикл әдісі"
ΔНх = -286-(-98) = -188 (кДж)
2-ші әдісі: Алгебралық әдіс
H2 + 1/2O2 (г.) = H2O ΔН3=-286 кДж
*(-1) H2O2 = H2O + 1/2O2 ΔН2=-98 кДж
_______________________________________
H2 + O2 = H2O2 ΔНх = -188 кДж
2. Энтальпия циклдері (=Энергетикалық циклдер = Гесс циклі).
Қолданылған әдебиеттері:
1. Стандартты энтальпия өзгерісі. Гесс заңы https://bilimland.kz/kk#lesson=11335
2. HESS'S LAW AND ENTHALPY CHANGE CALCULATIONS http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/sums.html#top
3. http://www.chemguide.co.uk/physical/questions/a-energeticshess.pdf
4. https://teachercavalcade.files.wordpress.com/2015/03/hesss-law-worksheet-pdf-format.pdf
5. http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/sums.html#top HESS'S LAW AND ENTHALPY CHANGE CALCULATIONS
6. https://bilimland.kz/kk#lesson=11335 Стандартты энтальпия өзгерісі. Гесс заңы
ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫ.
Алгебралық әдіс бойынша шешу жолдары:
Мысал №1
Берілгені:
1) 2H2O → 2H2+O2 ΔН1=-572 кДж
2) *(-1)2HF → H2+F2ΔН2=-542 кДж
__________________________________
2F2+2H2O = 4HF +O2 ΔHхр=?
Шешуі:
2H2O → 2H2+O2 ΔН1=-572 кДж
2H2+2 F2→4HF ΔН2=1084 кДж
__________________________________
2H2O +2F2→4HF + O2
ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2 ΔHхр= -512кДж
Мысал №2
Берілгені:
С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж
СО(г) + 1/2 О2 (г) = СО2(г) ΔН2=-283,0 кДж
__________________________________
С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр=?
Шешуі:
С (қ) + О2 (г) = СО2(г) ΔН1=-393,5 кДж
СО2(г) →СО(г) + 1/2 О2 (г) ΔН2= 283,0 кДж
_________________________________
С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г) ΔHхр= -393+283,0=-110,5кДж
Мысал №3
Берілгені:
NO(г) +O3(г) →NO2(г) +O2(г) ΔН1=-198.9 кДж
O3(г) →3/2 O2(г) *(-1) ΔН2=-142.3 кДж
O2(г) →2O(г) / (-2)ΔН3= 495 кДж
__________________________________
3/2 O2(г) → O3(г) ΔН2= 142.3 кДж
O(г) → 1/2 O2(г) ΔН3= -247.5 кДж
__________________________________
NO(г) +O(г) →NO2(гΔHхр=?
Шешуі:
ΔHжалпы= ΔH1 + ΔH2 + ΔH3
ΔHхр= (-247.5) + (-198.9) +142.3 = -304.1кДж НЕМЕСЕ
ΔHхр= 142.3-247.5-198.9 = -304.1кДж
ЖҰМЫС ПАРАҒЫ
Оқушының аты-жөні ________________________Сыныбы___Тобы ___Күні, айы, жылы _________
Оқу мақсаты:
10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіреді, және химиялық реакция энтальпия өзгерісін есептеуде қолдана біледі;
Бағалау критерийлері:
- Гесс заңының тұжырымдамасын біледі;
- Реакция энтальпиясының өзгерісін есептеуде Гесс заңын дұрыс қолданады;
- Реакцияның энергетикалық айналымдарды көрсететін циклдерді дұрыс көрсетеді;
- Энтальпияның өлшем бірлігін біледі;
Тапсырма.
Кейбір химиялық реакциялар үшін реакция энтальпиясының өзгерісі бірден есептеле алмайды. Осындай жағдайларда Гесс заңы басқа реакциялардың энтальпиясы арқылы реакция энтальпиясының өзгерісін есептеуге мүмкіндік береді.
(і) Гесс заңының тұжырымдамасын жазыңыз:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(ii) Пентанның түзілу стандартты энтальпиясы төмендегі теңдеумен сипатталады:
5C(s) + 6H2(g) →C5H12(l)
Төмендегі заттардың жану стандартты энтальпия өзгерісі берілген:
C(s) -394 kJ mol-1
H2(g) -286 kJ mol-1
C5H12(l) -3509 kJ mol-1
Пентанның түзілу стандартты энтальпиясын есептеңдер.
(ііі) Берілген реакция үшін Гесс циклін салыңыз: NH3(г) + HCl(г) → NH4Cl (қ)
ΔHf – заттың түзілу энтальпиясы
ΔHf (NH3(г)) = -46.1 кДж моль-1
ΔHf (HCl(г)) = -92.3 кДж моль-1
ΔHf (NH4Cl(қ)) = -314.4 кДж моль-1
(іv) Заттардың түзілу энтальпияларының мәндерін қолданып, жоғарыда берілген реакцияның
энтальпиясының өзгеруін есептеңіз.
Есептердің жауаптары берілген сілтемеде:
http://www.chemguide.co.uk/physical/questions/a-energeticshess.pdf
https://teachercavalcade.files.wordpress.com/2015/03/hesss-law-worksheet-pdf-format.pdf
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.
1. Төмендегі реакция нәтижесінде диаманцен (C28H2O) алу үшін қанша энергия қажет болады?
28 CO2(g) + 10 H2O(g) →C28H20(s) + 33 O2(g)
Берілгені:
- 2 C14H10(s) + 33 O2(g) →28 CO2(g) + 10 H2O(g) ΔH = -25,330 kJ
- 2 C14H10(s) → C28H20(s) ΔH = -6.78 kJ
2. Төмендегі реакция процесі кезінде түзілген жылуды анықтаңыз.
3 FeCl2(s)→Fe(s) + 2 FeCl3(s)
Берілген:
- Fe(s) + 2 HCl(aq) →FeCl2(s) + H2(g) ΔH = -769 kJ
- 2 Fe(s) + 6 HCl(aq) →2 FeCl3(s) + 3 H2(g) ΔH = -1,822 kJ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?