Гесс заңы. «Гесс заңы және оның салдарын қолдану» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы: Гесс заңы. «Гесс заңы және оның салдарын қолдану»

тақырыбына есептер шығару.

Оқу мақсаты: 10.3.1.4 Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіру және

оны химиялық реакцияның энтальпия өзгерісін

есептеу үшін қолдана алу.

Сабақ мақсаттары:

- Гесс заңымен және оның негізінде энергетикалық циклдермен танысу;

- Реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу үшін Гесс заңын қолдану;

- Гесс заңының салдарын және ішкі энергияның айналуын есептеуде осы

заңды қалай қолданғанын түсіндіре алу;

- Гесс заңын қолданып, энергетикалық диаграмма салу.

Бағалау критерийлері:

Гесс заңын біледі;

Гесс заңы салдарын біледі;

Гесс заңын қолданудың әдістерін біледі;

Гесс заңының тұжырымдамасын біледі;

Реакция энтальпиясының өзгерісін есептеуде Гесс заңын дұрыс қолданады;

Реакцияның энергетикалық айналымдарды көрсететін циклдерді дұрыс көрсетеді;

Энтальпияның өлшем бірлігін біледі;

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша оқыту мақсаты:

Оқушылар орындай алуы керек:

Гесс заңының физикалық мәнін түсіндіріңіз және оны химиялық реакциялардың энтальпия өзгерісін есептеу үшін қолдана алу.

 

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алуы керек:

Химиялық реакциялар үшін энтальпия өзгерісін қалай есептеу керек екенін түсіндіру.

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Гесс заңы; энергетикалық цикл; стандартты энтальпия өзгерісі, реакция энтальпиясының өзгеруі, өнімдердің/реагенттердің стандартты энтальпиясының қосындысы; байланыс энергиясы, үзілген/пайда болған байланыстар саны; орташа байланыс энтальпиясы

 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Берілген реакцияның энтальпиясы……….. қосындысына /айырмасына тең....... реакциялар энтальпиясы және .................. реакциялар энтальпиясы

Реакцияның энтальпиясын есептеу үшін…………қолданылады

Тапсырма атауы: Жаңа ұғымдармен, терминдермен танысу.

Тапсырма түрі: сыныппен жұмыс.

Тапсырма мақсаты: жаңа сөздермен танысу.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/standartty-ehntalpiya-ozgerisi-gess-zangy

Жаңа ұғымдар немесе терминдер:

Энтальпия өзгерісі

Гесс заңы

∆Н

Энергия

Энергияның сақталу заңы

Күй функциясы

Тапсырма атауы: мағынаны тану.

Тапсырма түрі: топтық жұмыс.

Тапсырма мақсаты: Гесс заңымен және оның негізінде энергетикалық

циклдермен танысу;

Гесс заңы қалай тұжырымдалады?

Гесс заңы анықтамасын оқу.

Гесс заңы анықтамасын жұмыс дәптерге жазу.

Формуласымен танысу.

Герман Генри Гесс туралы мәліметпен танысу.

Гесс заңының бірнеше салдарымен танысады.

Бірнеше әдістермен: «Энергетикалық цикл әдісі», Алгебралық әдіс, Энтальпия әдісі (=Энергетикалық циклдер = Гесс циклі) танысады.

Берілген әдістер бойынша зерттеу жүргізеді.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/ximiyalyq-reakcziyalardyng-zhuruining-negizgi-zangdylyqtary/ximiyalyq-termodinamika/lesson/standartty-ehntalpiya-ozgerisi-gess-zangy

Гесс заңы_Алгебралық әдіс_Метаның жану энтальпиясы.mp4

Гесс заңы_Энергетикалық цикл әдісі_Метаның жану энтальпиясы.mp4

Тапсырма атауы: Гесс заңы және оның салдарын қолдану.

Тапсырма түрі: жұппен жұмыс.

Тапсырма мақсаты:

- Реакцияда ішкі энергияның айналуын есептеу үшін Гесс заңын

қолданады;

- Гесс заңының салдарын және ішкі энергияның айналуын есептеуде осы

заңды қалай қолданғанын түсіндіреді;

Мысал №1

Берілгені:

1) 2H2O → 2H2+O2 ΔН1=-572 кДж

2) *(-1) 2HF → H2+F2 ΔН2=-542 кДж

__________________________________

2F2+2H2O = 4HF +O2 ΔHхр=?

 

Шешуі:

2H2O → 2H2+O2 ΔН1=-572 кДж

2H2+2 F2→4HF ΔН2=1084 кДж

___________________________________

2H2O +2F2→4HF + O2

ΔHжалпы=ΔH1+ΔH2 ΔHхр= -512кДж

 

Мысал №2

Берілгені:

С (қ) + О2 (г) = СО2(г)  ΔН1=-393,5 кДж

СО(г) + 1/2 О2 (г) = СО2(г)  ΔН2=-283,0 кДж

__________________________________

С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г)  ΔHхр=?

 

Шешуі:

С (қ) + О2 (г) = СО2(г)  ΔН1=-393,5 кДж

СО2(г)  →СО(г) + 1/2 О2 (г) ΔН2= 283,0 кДж

_________________________________

С (қ) + 1/2 О2 (г) = СО(г)  ΔHхр= -393+283,0=-110,5кДж

Мысал №3

Берілгені:

NO(г)  +O3(г)  NO2(г)  +O2(г)  ΔН1=-198.9 кДж

O3(г)  →3/2 O2(г)  *(-1) ΔН2=-142.3 кДж

O2(г)  →2O(г)  / (-2) ΔН3= 495 кДж

__________________________________

3/2 O2(г) O3(г)  ΔН2= 142.3 кДж

O(г) 1/2 O2(г)  ΔН3= -247.5 кДж

__________________________________

NO(г)  +O(г)  →NO2(г ΔHхр=?

 

Шешуі:

 

ΔHжалпы= ΔH1 + ΔH2 + ΔH3

 

ΔHхр= (-247.5) + (-198.9) +142.3 = -304.1кДж НЕМЕСЕ

ΔHхр= 142.3-247.5-198.9 = -304.1кДж

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.

 

1. Төмендегі реакция нәтижесінде диаманцен (C28H2O) алу үшін қанша энергия қажет болады?

 

28 CO2(g) + 10 H2O(g) C28H20(s) + 33 O2(g)

Берілгені:

2 C14H10(s) + 33 O2(g) →28 CO2(g) + 10 H2O(g) ΔH = -25,330 kJ

2 C14H10(s) → C28H20(s) ΔH = -6.78 kJ

 

2. Төмендегі реакция процесі кезінде түзілген жылуды анықтаңыз.

3 FeCl2(s)Fe(s) + 2 FeCl3(s)

 

Берілген:

Fe(s) + 2 HCl(aq) →FeCl2(s) + H2(g) ΔH = -769 kJ

2 Fe(s) + 6 HCl(aq) →2 FeCl3(s) + 3 H2(g) ΔH = -1,822 kJ

 

Қорытынды

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

Қандай түсініктер мен кілтті сөздер тақырыптың мазмұнын ашады?

Гесс заңының тұжырымдамасы қандай?

Есептер шығару мен энтальпия циклін салу кезінде қандай маңызды нәрселерге назар аудару керек?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?