Энергетика. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Абишева Ж.С

Садуақасова З.А

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

11.2B: Энергетика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.1.6 энтальпияның қарапайым өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтап, тәжірибелік мәліметтерден энтальпия өзгерісін анықтай алу

 Сабақ мақсаттары

энтальпияның қарапайым өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтап, тәжірибелік мәліметтерден энтальпия өзгерісін анықтай алу

 Бағалау критерийлері

энтальпияның қарапайым өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтаса, тәжірибелік мәліметтерден энтальпия өзгерісін анықтай алса

  Тілдік мақсат

тәжірибе барысында алынған деректер негізінде жазбаша түрде қорытынды жасау және тәжірибелік әдіске сипаттама беру.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта физикамен байланыс орын алады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында презентациялар арқылы оқу мақсаттары, сол мақсаттарға жету үшін қойылатын міндеттер, жұмыстың жоспары көрсетіледі. Осы арқылы білу, түсіну дағдылары жетілдіріледі.

Бастапқы білім

Реакцияның жылу эффектісі

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

3-5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу және сыныптың сабаққа дайындығы тексеріледі.

Оқушылардың көңіл-күйлерін анықтау мақсатында олардан «бас бармақ» арқылы сұралады.

Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру

Сабақтың ортасы

5--20-мин

25-35

Химиялық реакция кезіндегі жылу энергиясының айналуын өлшеу үшін оқушылардың әртүрлі калориметрлік әдістерді қолдануы, сондай-ақ реакциялардағы энтальпия өзгерісін есептеу мақсатымен олардың нәтижелерін қолдану керек. Көптеген қарапайым калориметрлік тәжірибелер елеусіз нәтижелер береді, сондықтан оқушылар осы нәтижелерді деректер негізінде алынған мәнмен салыстырулары керек. Олар өз нәтижелерінің дәлдігіне сындарлы қарауы және барынша дәл мәндер алу үшін тәжірибені орындау техникасын жетілдіруді қарастырулары керек.

Реакцияның энтальпия өзгерісі

Мақсаты

Калориметрді қолданып орынбасу реакциясының энтальпия өзгерісін есептеу:

Mg (s) + Cu2+ Cu + Mg2+

Жұмыс барысы

  • Калориметрге 25 мл 1 молярлы мыс (II) сульфаты ерітіндісін мен 25 мл су құямыз.
  • 1 грамм магний ұнтағын өлшеп аламыз.
  • Сұйытылған мыс сульфатының температурасын термометр арқылы әрбір жарты секунд сайын 2,5 мин бойы өлшейміз
  • 3 минутта мыс сульфаты ерітіндісінің үстіне магний ұнтағын саламыз, 3,5 мин температураның өзгерісін көремізб және әрбір 0,5 сек сайын температура өзгерісін жазып аламыз

Берілген мәліметтер бойынша 1.2 суреттегідей температураның /у-осьіне/, уақытқа тәуелділік графигін тұрғызамыз /х-осьіне/

Сурет 1.2 Mg-CuSO4 реакциясының графигі

Алынған мәліметтерді пайдаланып қорытынды жасау

1. график бойынша анықталған ΔT oC

2. ерітінді жылуы (25.0 г 4.18 Дж/гoC ΔT oC)

3.25.0 мл of 1.00 M CuSO4 ерітіндісіндегі CuSO4 моль саны

4.1 моль CuSO4 (and Mg) [(2)/(3)]бөлінген жылу мөлшері

5. Термохимиялық теңдеуді толықтыр:

Mg (s) + Cu2+ (aq) → Cu (s) + Mg2+ (aq) ΔH = _______________

6. Алынған мәліметтерді салыстыру –352 кДж/моль

% қателік = │[(тәжірибе жүзіндегі мәлімет / қабылданған мәлімет]│ 100%.

7. Тәжірибе жасағандағы негізгі қателіктер қандай

PowerPoint пайдалыпрезентациясы:

Сабақтың соңы

35-40 минут

(W) Сабақ соңында оқушылардың сабақты қандай деңгейде меңгергенің, оқу мақсаттарына қаншалықты жеткенің анықтау мақсатында кері байланыс жүргізіңіз

Ол мынадай түрде болуы мүмкін:

Нені білдім, нені үйрендім

Нені толық түсінбедім

Немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушыларға тапсырмаларды бергенде, олардан оқу мақсаттарына жету талап етілгенде әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері, білу, түсіну, қолдану деңгейлері басты назарда болады.

Негізгі сабақ бойынша:

Барлық оқушылар:

Бүгінгі зертханалық жұмысты орындап, қорытынды жасай алады.

Көптеген оқушылар:

Берілген зертханалық орындаумен қатар оның себептерін де біледі, неге, не үшін деген сияқты сұрақтарға жауаптар бере алады.

Кейбір оқушылар:

Өздерінің алған білімдеріне талдау жасай алады. Өздерінің алған білім және дағдыларын өзге құрбыларына үйретіп, қолдана алады.

Оқушыларды бағалауда олардың зертханалық жұмысты орындау барысы, жұмысты сапалы, дәлдікпен, уақытылы орындауы, техника қауіпсіздік ережелеріне мән беруі, өздерінің бақылауларын қағазға сауатты түрде түсіре білулерін бақылау арқылы бағаланады.

Сілті ерітіндісмен жұмыс істейтін болғандықтан орындарынан тұрып жұмыс істейді көзге көзілдірік және резеңке қолғап кию қажет.

Қыздырғыш заттармен жұмыс істеудің ережелерін қатаң қадағалу қажет.

Бұл сабақта жоспарланған зертханалық жұмыста да техника қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай сақтау басты назарда болады. Ол мұғалімнің қадағалауымен іске асады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?