Байланыс энтальпиясы. Есептер шығару BOND ENTHALPY (BOND ENERGY). Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбай Асылбек

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Байланыс энтальпиясы. Есептер шығару

BOND ENTHALPY (BOND ENERGY)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.1.2 Химиялық реакция кезде байланыстар үзіліп, жаңа химиялық байланыстардың түзілу процесі екенін түсіну;

Сабақ мақсаттары

  • Байланыс энтальпиясының мәнін қолдана отырып, реакцияның ∆H есептеу;
  • Химиялық реакцияларда байланыстардың түзілуімен, үзілуі және байланыс энтальпиясы концепциясымен байланысты екендігін түсіндіру;
  • Есептердің шығару жолдарын түсіндіру;

*Берілген реакция теңдеуінің жылу эффектісін көрсететін диаграмма салу.

Бағалау критерийлері

  • Химиялық реакцияларда байланыстардың түзілуімен үзілуі және байланыс энтальпиясы концепциясымен байланысты екендігін түсіндіреді;
  • Байланыс энтальпиясының мәнін қолдана отырып, реакцияның ∆H есептейді;
  • Есептердің шығару жолдарын түсіндіреді;

*Берілген реакция теңдеуінің жылу эффектісін көрсететін диаграмма салады.

Тілдік мақсаттар

 

Ауызша/жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады; есептің шығарылуын түсіндіре алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

өнімдердің/реагенттердің стандартты энтальпиясының қосындысы; байланыс энергиясы, үзілген/пайда болған байланыстар саны; орташа байланыс энтальпиясы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Реакция энтальпиясының өзгеруін есептеу үшін ... формула қолданылады; Х

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық; өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Физика: жылу, ішкі энергия

Математика: әртүрлі таңбалы сандарды қосу, алу амалдары

АКТ қолдану дағдылары

Білімлэнд сайтымен жұмыс

BOND ENTHALPY (BOND ENERGY)

http://www.chemguide.co.uk/physical/energetics/bondenthalpies.html#top

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу, оқушыларды белгілеу

Үй жұмысын тексеру: энтальпия түрлері

Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау

сабақ тақырыбына шығу

Неліктен фотосинтез процессі (күндізгі фазада) эндотермиялық реакцияға жатады?

Байланыс энтальпиясы деген не?

1. Алдымен кіріспе ретінде талдау:

Орташа байланыс энтальпиясы деген не?

Оған қандай факторлар әсер етеді?

Тақырып бойынша презентация, тапсырмалар

 

Сабақтың ортасы

Жалпы мағынаны тануға 65 минут

Оқушылар жұпта Білімлэнд сайтынан «орташа байланыс энтальпиясы, оған әсер ететін факторлар» туралы ақпаратпен танысады, видео көреді (2-3ші беттердегі видео ұзақтығы: 59+24секунд) немесе ақпараттық парақты оқиды. (5 минут)

Қорытындылайды, дәптерлеріне жазады:

Байланыс диссоциациясының энтальпия мәні келесі факторларға тәуелді:

  • дара/еселі байланысқа (еселі байланысты үзуге көбірек энергия керек);
  • байланыс ұзындығына (неғұрлым атомдар арасындағы байланыс ұзындығы үлкен болса, соғұрлым байланысты үзуге аз энергия кетеді)

бұл тек екіатомды молекулаларға қатысты!

2. Мұғалім: ал көп атомды молекулалар үшін байланыстың орташа энтальпиясын қалай анықтауға болады?

(білімлэндтен 3-ші беттен оқушылар видео көреді: 1.02 минут).

3. Мұғалім: Реакцияның энтльпиясының өзгеруін байланыс энтальпиясын қолданып қалай анықтауға болады?

(оқушылар формуланы дәптерге жазады, есептердің шығарылуы туралы видео көреді,

https://bilimland.kz/kk#lesson=10251 4-ші беттен:

1. «этиленнің гидрленуі үшін стандартты энтальпия өзгерісі» 1.01 минут,

Этиленнің гидрленуі үшін байланыс энтальпия өзгерісі есептеу.

ΔH21 x C=C bond @ 611= 611 kJ

4 x C-H bonds @ 413= 1652 kJ

1 x H-H bond @ 436= 436 kJ

Реагенттердің байланыстары бұзылғанда (үзілгенде) бөлінетін жалпы энергия = 2699 kJ

ΔH31 x C-C bond @ 346= 346 kJ

6 x C-H bonds @ 413= 2478 kJ

Өнімдер түзілгенде жұтылатын жалпы энергия= 2824 kJ

Гесс заңын қолдану /Hess’s Law

ΔH1 = ΔH2ΔH3 = (2699 – 2824) = – 125 kJ

2. «NH3 аммиак түзілуінің стандартты энтальпиясы» 1.31 минут), талдайды, есептейді)

(5 минут)

Тапсырмалар параығында жаттығулар:"

Қалыптастырушы бағалау" орындайды (15 минут)

Бірін бірі тексереді, бағалайды.

Қорытындылайды. (5 минут)

• байланыстың күші қоршаған ортаға да байланысты, оның мәні

• байланысты түзу экзотермиялық болса, керісінше байланысты үзу эндотермиялық

• екі атомды газдар үшін, байланыс энтальпиясы = 2 x атомдану энтальпиясы

• аз байланыс энтальпиясы = әлсіз байланыс = үзу оңай

Тапсырма: Coursebook p.95 бет Check-up 2 (жаттығу орындау)

https://bilimland.kz/kk#lesson=10251 Орташа байланыс энтальпиясы

Сабақтың соңы

5 минут

  • Қандай түсініктер мен кілтті сөздер тақырыптың мазмұнын ашады?
  • Химиялық реакция кезіндегі байланыстар қандай өзгеріске ұшырайды? (реагенттердегі байланыстар үзіледі, жаңа байланыстар түзіліп жаңа өнімдер алынады; байланыс үзілу үшін энергия қажет, ал байланыс түзілген кезде энергия бөлінеді)

Үй жұмысы: ИОС

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Химиялық реакцияларда байланыстардың түзілуімен үзілуі және байланыс энтальпиясы концепциясымен байланысты екендігін түсіндіреді;
  • Байланыс энтальпиясының мәнін қолдана отырып, реакцияның ∆H есептейді;
  • Есептердің шығару жолдарын түсіндіреді;

*Берілген реакция теңдеуінің жылу эффектісін көрсететін диаграмма салады.

бірін-бірі тексеру арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?