Иондық және металдық байланыс. Иондық және металдық байланысы бар қосылыстардың кристалдық торлары. №3 Көрсетілім «Натрий хлориді және мыстың кристалдық торларының моделі». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Краткосрочный план урока

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1C Химиялық байланыс

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мурзабеков А.Б.

Сынып: 10 (қоғамдық гуманитарлық бағыты)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Иондық және металдық байланыс. Иондық және металдық байланысы бар қосылыстардың кристалдық торлары.

№3 Көрсетілім «Натрий хлориді және мыстың кристалдық торларының моделі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.4.7 қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылыс нәтижесінде иондық байланыстың түзілетіндігін түсіну;

10.1.4.8 NaCl, CaO, MgF2, KH қосылыстар үшін Льюис диаграммасын салу;

10.1.4.9 металдық байланыстың табиғаты мен олардың металдың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылыс нәтижесінде иондық байланыстың түзілетіндігін түсіну;
  • иондық байланысы бар қосылыстар Льюис диаграммасын салу;
  • металдық байланыстың табиғаты мен олардың металдың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- иондық байланыстың түзілуіне түсініктеме береді;

- иондық байланысы бар қосылыстар үшін Льюис диаграммасын салады;

- металдық байланыстың табиғатына түсініктеме береді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Иондық және коваленттік байланыстың түзілуі туралы айтады және түсінеді/ молекулалыққосылыстың құрылысы туралы сұрақтарға жауап береді

KAZ: иондар, иондық тор, қосылыс, формула, коэффициент, күш, байланыс, балқу/қайнау нүктесі, тығыздық, кристалдық формула;

ENG:ion, ionic grid, compound, formula, coefficient, force, bond, melt / boiling point, density, crystalline formula;

RUS: ионы, ионная решетка, соединение, формула, коэффициент, сила, связь, точка плавления/кипения, плотность, кристаллическая формула.

Молекула салу, бірнәрсемен жасалған, табылған, мыналардан тұрады

X молекулларY… болған кезде табылады

Молекулалыққұрылысы .... қалыптасады

Иондық байланыс …………”. “ “

Ол не …?

Х қалай түзіледі?

Ол… болған кезде түзіледі

Формула … көрсетеді

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру

Өз ойын еркін жеткізу үшін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Биология, экология, физика

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны қолдану

Бастапқы білім

7.2В Қарапайым химиялық реакциялар

7.3BГеологиядағы химиялық қосылыстар

8.1B Металдардың белсенділік қатары

8.3С Қайтымды реакциялар

9.2С Бейметалдар және оның қосылыстары: 16 және 17 топтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

0-8 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу/ greeting

Үй жұмысын тексеру.Қайталау.

«Крокодил» ойыны. Оқушылар назарына әр түрлі суреттер ұсынылады. Оқушылар осы суреттерді біріктіретін сөзді анықтауы керек. Сабақтың концептісі болып табылатын сөз «Байланыс».

Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптер бетіне түсіреді: «Иондық және металдық байланыс. Иондық және металдық байланысы бар қосылыстардың кристалдық торлары».

9-12 мин

Ой шақыру кезеңі. Проблемалық сұрақ. Ас тұзының (натрий хлориді) формуласы NaCl. Оның құрамына натрий (металл) және хлор (бейметалл) кіреді.

Натрий – өте белсенді металл. Сол себепті оны керосиннің қабатының астында сақтайды.

Ал хлор өте улы газ. Бұл газдың көп мөлшері өлімге әкелуі мүмкін.

Ал күнделікті өмірдегі ас тұзы неге зиянды емес?

Жауабы: Себебі ас тұзының құрамында натрий мен хлордың иондары болғандықтан, олар бос күйіндегімен салыстырғанда өзгеше қасиеттер көрсетеді.

13-25 мин

 Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Иондық және металдық байланыс. Иондық және металдық байланысы бар қосылыстардың кристалдық торлары.

 Иондық химиялық байланыс –иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде пайда болған химиялық байланыстың түрі.

 Ио́н (еж.-грек. ἰόν — жүретін) — заттардың бір атомды немесе көпатомды электрлі зарядталған бөлшектері.

Қандай процестердің нәтижесінде атомдардан иондар алынуы мүмкін?

 Мұғалім оқушыларға иондардың түзілуін түсіндіреді. Иондар молекуланың құрамындағы атомның бір немесе бірнеше электрондарды беріп немесе қосып алу нәтижесінде түзіледі.

Ионизациялану процесі (иондар түзілу процесі) жоғары температурада, электр өрісінің әсері, иондану сәулелерінің, денені сығу және т.б. нәтижесінде пайда болуы мүмкін.2Na + Cl2 = 2NaCl

Na0 – 1e → Na+

Cl20 + 2e → 2Cl-

NaCl қосылысы үшін Льюис диаграммасын құру.

Кристалдық торлар. Иондық кристалдық торлы заттар деп түйіндерінде иондар орналасқан қосылыстар. Бұл иондық байланысқа иое қосылыстар үшін тән. Иондық кристалдық торлары бар қосылыстарға тұздар, кейбір оксидтер және металл гидроксидтері жатады. Түйіндерінде натрий және хлор иондары орналасқан ас тұзының кристалының құрылысын қарастырамыз. Кристалдағы иондардың арасындағы байланыс өте берік және тұрақты болып келеді. Сол себепті, иондық кристалдық торы бар заттар жоғары беріктік пен төзімділікке ие, отқа төзімді және ұшпайды.

Металдық кристалдық тор деп түйіндерінде металл атомдары немесе иондары орналасқан заттарды айтады. Металдарға келесідей физикалық қасиеттер тән: иілгіштік, икемділік, металдық жылтыр, жоғары электр және жылуөткізгіштік.

Оқушылар назарына модельдер коллекциясынан натрий хлоридінің және мыстың коллекциялары көрсетіледі.

Презентация

Модельдер коллекциясы

26- 33 мин

Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау.

  • Иондық және металдық байланыс терминдеріне анықтама беріңіз.

Иондық байланыс- _________________________________ ___________________________________________________________________________________________________[1]

Металдық байланыс - _______________________________ __________________________________________________________________________________________________[1]

  • Келесі қосылыстар үшін Льюис диаграммасын салыңыз CaO, MgF2, KH

[4]

Раздаточный материал

34-36 мин

Үй жұмысы.

Тапсырма 1. Келесі қосылыстар үшін Льюис диаграммасын салыңыз: Na2S и CaH2

Сабақтың соңы

37-40 мин

Рефлексия:

«Қай сурет?»

Бүгінгі сабаққа қатысқаннан кейін сіз өзіңізді қай суретпен байланыстырасыз? Түсіндіріңіз?

(Суреттер = жаңа идеялар, есептер шығару, пікірталас, тәжірибе, топтық жұмыс, шығармашылық)

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабақтың кез келген кезіңінде қоладнылуы мүмкін, алайда мұғалім өз уақытын тиімді пайдалану үшін қалыптастырушы бағалау жұмысының тез немесе дұрыс орындауына қарап, қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма бере алады.

Оқушылардың оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау кезінде жазбаша бағаланса, ал фронталды немесе проблемалық сұрақтарды шешуде ауызша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологияларын қолдану. Интерактивті тақтаны кезегі келгенде өшіріп отыру. .

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?