Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Мерзімі: ___________ Әдістемелік бірлестік жетекшісі: _______________________________

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

10.1.С

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ергешова Б.К.

Сынып: 10 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

2 сабақ

Ковалентті химиялық байланыс. Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
  • H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру

Оқыту мақсаттары

Донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Тілдік мақсаттар

Байланыстың түзілу механизмін сипаттайды және түсіндіреді

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

ковалентті

макромолекулалы

донорлы-акцепторлы

координирленген

молекулааралық

диполь

электртерістілік

оң электрлі

қозған валеттілік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Валентті электрондар тотығу дәрежесіне ...... дәрежесіне теңдеседі.

Байланыстың түзілуі ….. есебінен түзіледі.

Байланыс полярлығы….

.....донор болып табылады

....... акцептор болып табылады

Құндылықтарды дарыту

Жеке және топтық, сыныппен жұмыстар орындау, сыныптастарымен өзара талқылау ұйымдастыру және бағалау оқушылардың Ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарын нығайтуға ықпал етеді. Ашықтық өзін еркін ұстауға, өз ой-пікірін еркін жеткізе білуге үйретеді, қорытындылау барысында Өмір бойы білім алу құндылықтары көрініс алады.

Пән аралық байланыстар

Математикамен байланыстыра отырып Ковалентті химиялық байланысты, Ковалентті химиялық байланыстың қасиеттерін түсіндіру, молекулаларындағы байланыстың түзілуін салу, молекулаларының шарстерженьді модельдерін жинау және олардың байланыс қасиеттерін сипаттау, тапсырмалар орындау

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта көрсетілім жасау, ғаламтордан қосымша ақпараттар алу оқушылардың АКТ дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім

7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі

8.1А Атомдағы электрондар қозғалысы

8.3С Бейорганикалық қосылыстың негізгі кластары. Генетикалық байланыс.

9.1С Химиялық элементтердің периодтық жүйесі

10.1A Атом құрылысы

Сабақ барысы

Сабақ

тың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Мұғалім

Ресурстар

Оқушы

Сабақтың басы

Сәлемдесу

Түгелдеу

Үй тапсырмасын тексеру және кері байланыс беру

Ынтымақтастыру атмосферасын құру

Жаңғырту

Оқу мақсаттарын баяндау

(Т) топтық жұмыс

Сұрақтарға жауап беру:

1.Химиялық байланыс түзуге қандай электрондар қатысады және неге?

2.Берілген заттар молекуласындағы химиялық байланыстың түрін анықтау:

Заттар

Байланыс түрі

Заттар

Байланыс түрі

H2S

Na2S

KCl

Na2O

O2

LiCl

NH3

N2

BaF2

CH4,

O3

CO2

SO3

CCl4

(Б) –бағалау

  • ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
  • H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру

Презентация жасау

Сабақтың ортасы

Ой қозғау

М–мұғалімнің түсіндіруі

Ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау:

Бағытталуы-ковалентті байланысты түзетін электрондар бұлттарының белгілі бір бағыты болады, соның салдарынан молекулалар кеңістікте құрылысқа ие болады.

Полюстілігі-байланыстырушы электрон бұлтының молекуладағы орналасу ретіне қарай коваленттік байланыс полюсті және полюссіз деп бөлінеді.

Қанығуы – атомдардың коваленттік байланыстардың шектеулі санын түзу қабілеті, байланыстардың саны оның сыртқы атомдық орбитальдарымен шектеледі.

Сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін тапсырмалар беру

Оқу мақсаттарына қайта оралу

(Т) топтық жұмыс

HF, N2, C2H4, CCl4, О2, C3H4 қосылыстарындағы коваленттік байланыстың түзілуін салу:

(Б) –бағалау

(Жж) жеке жұмыс

1.Cl2, H2, HCl, NH3 молекулаларындағы байланыстың түзілуін ескере келе О2, N2 молекулаларында байланыстың түзілуін салу:

2.Сигма – және пи- байланыстардың түзілу механизмін түсіну:

(Б) –бағалау

Талқылау:

α - байланыс-электрон бұлттарының қабысу ауданы ядролардың қосылу сызығының бойында жатқанда түзілетін байланыс

 πбайланыс-электрон бұлттарының қабысу ауданы ядроларды қосатын сызықтың екі жағында орналасқанда түзілетін байланыс

(Т) топтық жұмыс

Берілген заттардың H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулаларының шарстерженьді модельдерін жинау және олардың байланыс қасиеттерін сипаттау:

Байланыс түрі-

Қасиеті-

Байланыс түрі-

Қасиеті-

Байланыс түрі-

Қасиеті-

Байланыс түрі-

Қасиеті-

Байланыс түрі-

Қасиеті-

Байланыс түрі-

Қасиеті-

(Б) –бағалау

(С)бүкіл сыныпты оқыту әдісі

Терминдермен жұмыс

  • ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау
  • H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын құру

Басқа мәліметтерге сілтемесі бар диаграммалар және пайдалы ақпараттар:

http://www.chemguide.co.uk/atoms/bonding/covalent.html

Ковалентті байланыс қасиеттері /мәтінді құжат/:

http://orgchem.ru/chem1/P3_221.htm

Сабақ құрылымы және тест сұрақтары

http://festival.1september.ru/articles/522264/

Ковалентті байланыс: сутегі, оттегі, азот:

http://prosto-o-slognom.ru/chimia/16_kovalentnaja_sv.html

Льюис диаграммасы:

http://edu.sernam.ru/book_act_chem1.php?id=50

Сабақтың соңы

Кері байланыс жасау

Үй тапсырмасын беру

Бүгінгі сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес атқарылған іс-әрекеттерді, тапсырмаларды меңгеру бойынша өз ой-пікірін білдіру:

Түсіндім-жасыл

Түсінбедім-қызыл

Менің ой-пікірім: ..........................................................................

  • 10 сынып оқулығынан «Ковалентті химиялық байланыс», «Ковалентті химиялық байланыс қасиеттері» тақырыптарын оқу
  • Тақырып соңында берілген жаттығуларды орындау, есептерді шығару

Арнайы кеспеқағаздар немесе жасыл, қызыл түсті стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

- ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттай алады

- молекулалар үшін Льюис диаграммасын сала алады

Көптеген оқушылар:

- берілген қосылыстардағы коваленттік байланыстың түзілуін сала алады

- молекулалардың шарстерженьді модельдерін жинай алады және олардың байланыс түрін және қасиеттерін сипаттай алады

Кейбір оқушылар:

- оқу мақсатына сәйкес сабақта алған білімдерін үй тапсырмасын орындау арқылы, ғаламтордан қосымша ақпараттар қарастыра отырып толығымен меңгереді

(Т) топтық жұмыс

(Жж)-жұптық жұмыс

Сабақтың бастапқы бөліміндегі ұйымдастыру сәті және сабақтың ортаңғы, соңғы бөлімдеріндегі белсенді іс-әрекеттер барысында оқу кабинетіндегі оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздік техникасының ережелері мұхият сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?