Ғылым мен технологияның дамуы және қоршаған ортадағы химиялық бейнені түсінудегі Периодтық заңның маңыздылығы. Химия, 10 сынып, қосымша материал.
«Ғылымның және технологияның дамуы үшін және қоршаған ортаның химиялық бейнесін түсіну үшін периодтық заңның маңызы» сабағы үшін әдістемелік ұсыныстар
10.2.1.5 элементтер мен олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін периодтық кестедегі орнына байланысты болжау;
10.2.1.6 Периодтық заңның ашылуымен байланысты ғылымның негізгі даму салаларын атау;
Білімді жандандыру мақсатында допты қолданумен тақырыптық пинг-понгтан бастау ұсынылады. Нәтижесі бойынша оқушыларға кері байланыс беру ұсынылады, егер оқушылар қате жауап берсе оқушылар өз қателерін өздері өзгерте алады
Осы сабақ Периодтық тақырыбындағы соңғы сабақ болғандықтан оқушыларға миға шабуыл арқылы шешетін тапсырма беруге болады
Оқушылар элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі туралы мәліметпен танысты және оны элементтер атомдарының сыртқы қабатының құрылысының периодты түрде өзгеруімен байланыстыра отырып, түсіндіре алады. Сонымен қатар, период бойынша элемент қосылыстарының қышқылды негізді қасиеттерінің өзгеруімен танысты, сол себепті сабақты осылай өткізу тиімді болады.
Сұрақтарды талдап болғаннан кейін оқушылар мұғалімнен кері байланыс алып, өзін-өзі бағалау үшін тапсырманы орындауға көше алады
Тапсырма 2. №№49-53 элементтер және олардың қосылыстары (оксидтер мен гидроксидтер) үшін қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжаңдар. Оқушылар тапсырманы орындап, жауап парағы бойынша жауапты тексереді, мұғалімнен кері байланыс алады.
Қосымша 1 Жауап парағы
Элемент | In | Sn | Sb | Te | I | Ұпайлар |
Элемент түрі | Металл | Металл | Металлоид | Бейметалл | Неметалл | |
Тенденция | Металдық қасиеттердің кемуі, бейметалдық қасиеттің артуы | |||||
Оксид | I2O3 | SnO2 | Sb2O5 | SeO3 | I2O7 | |
Тотығу дәрежесі | +3 | +4 | +5 | +6 | +7 | |
Сипаты | негіздік | Амфотерлі | Амфотерлі | қышқылдық | қышқылдық | |
Гидроксид формуласы | I(OH)3 | H2SnO3 | HSbO3 | H2TeO4 | HIO4 | |
Сипаты | негіздік | Амфотерлі | Амфотерлі | қышқылдық | қышқылдық | |
Тенденция | Негіздік қасиеттердің кемуі, қышқылдық қасиеттердің артуы |
Дағдылар: білу, түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийлері:
- Элемент түрін анықтады (металл/бейметалл)
- Қатардағы элементтер қасиеттерінің өзгеру тенденциясын анықтады
- Оксидтердің формуласын жазды
- Оксидтердің сипатын анықтады
- Элементтер гидроксидтерінің формуласын жазды
- Гидроксидтер сипатын анықтады
- Қатардағы гидроксидтердің сипатының өзгерісінің тенденциясын анықтады
Келесі тапсырмалар көбінесе білімді жалпылау үшін берілген, сол себепті оны оқушыларға постер түрінде жасауға ұсынуға болады. Бұл жұмсы сынып алдында қорғалып, алдын ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады. Егер интернет ресурстармен қолдануға мүмкіндік болатын болса, оқушыларға кейбір сайттарға ресурстарды ұсынуға болады
http://www.alhimik.ru/stroenie/gl_6.html
https://xreferat.com/108/1533-1-zhizn-i-deyatel-nost-d-i-mendeleeva-periodicheskiiy-zakon.html
http://iighjgh.blogspot.com/2012/03/blog-post_15.html
Мұғалім топтарда оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.Оқушыларға жұмыс істеу үшін ресурстар беріледі.
Тапсырма 4. Өздеріңнің білімдерің және сабақта диналған ақпарат негізінде Периодты заңның ашылуының қандай маңызы болды деген сұраққа нақты жауап беріңдер.
Жауаптарын постер түрінде бейнелейді.
Тапсырманы орындау барысында талқылау кезінде класстың жауабы қалыптасады.
Оқушылардың мүмкін жауаптары:
1.Химиялық элементтерді жүйелеудің негізі болды
2. химиялық элементтердің қосылыстары туралы мәліметтерді жалпылады
3. кейбір ашылмаған химиялық элементтерді болжап, олардың қасиеттерін сипаттауға мүмкіндік берді
4. элементтер қатарының салыстырмалы атомдық массаларының мәнін дұрыс емес мәндерін жөндеуге мүмкіндік берді
5. Оның негізінде асыл газдардың бар екені анықталып ашылды.
6.Жаңа химиялық элементтердің синтезі үшін негіз болып табылады.
Сабақтың соңында Периодтық заңның химия саласындағы үлкен жаңалығы ретінде түсінігі қалыптасуы маңызды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?