Периодтар мен топтардағы қышқылды-негізді қасиеттердің өзгеру заңдылығы. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Зертханалық сынақ «3 период элементтер оксидтерінің сипатын зерттеу»

Жұмыс мақсаты: оксидтердің қышқылды-негізді сипатын зерттеу.

Құралдар мен реактивтер: натрий, магний, күкірт , фосфор, заттарды жағуға арналған қысқыштар, оттегі толтырылған ыдыстар, рН-мерт немесе индикатор қағаздары.

Методика: оттегіде заттарды қасыққа салып жағу арқылы элементтердің оксидін алу, оксидтерді суда еріту.

Реакция теңдеулерін жазу.

Алынған оксидтердің рН ортасын тексеру. Период бойынша элементтердің қышқылды-негізді қасиеттерінің өзгеру тенденциясы туралы қорытынды жасау.

Бағалау критерийлері:

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • ҚТ сақтай отырып зертханалық сынақты орындаса
  • Натрийдің жану реакция теңдеуін жазса
  • Магнийдің жану реакция теңдеуін жазса
  • Күкірттің жану реакция теңдеуін жазса
  • Фосфордың жану реакция теңдеуін жазса
  • Натрий оксидін суда еріткен кезде алынған ерітіндінің рН ортасын анықтаса
  • Күкірт оксидін суда еріткен кезде алынған ерітіндінің рН ортасын анықтаса
  • Фосфор оксидін суда еріткен кезде алынған ерітіндінің рН ортасын анықтаса
  • Магний оксидін суда еріткен кезде алынған ерітіндінің рН ортасын анықтаса
  • Период бойынша оксидтер сипатының өзгеруі туралы қорытынды жасаса

Қосымша 2

Ресурс

 Қосылыстардың қышқылды-негізді қасиеттері: элемент оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттері орталық атомның заряды мен радиусына тәуелді. Орталық атомның заряды( яғни тотығу дәрежесі) өскен сайын қосылыстардың қышқылдық қасиеттері айқынырақ болады.

Na+

Mg2+

Al3+

Si4+

P5+

S6+

Cl7+

Na2O

MgO

Al2O3

SiO2

P2O5

SO3

Cl2O7

NaOH

Mg(OH)2

Al(OH)3

H2SiO3

H3PO4

H2SO4

HClO4

негіздік

амфортердлі

Әлсіз қышқылды

Орташа қышқылды

Күшті қышқылды

Бір топшада орналасқан элементтер үшін орталық атомның заряды бірдей болса (тотығу дәрежесі) радиусының артуымен қышқылдық қасиеттер әлсіреп, негіздік қасиеттер артады.

B3+

H3BO3

Әлсіз қышқыл

Al3+

Ga3+

In3+

Al(OH)3

Ga(OH)3

In(OH)3

  Амфортердлі

гидроксидтер

Tl3+

Tl(OH)3

Негіздік қасиеттері айқын байқалған

VI топ элементтерінің оттекті қышқылдарының топ бойынша қасиеті осыған ұқсас, қышқылдық қасиеттер төмен қарай кемиді: H2SO4 күкірт қышқылы, H2SeO4 селен қышқылы, H2TeO4 теллур қышқылы

https://www.chem-astu.ru/chair/study/genchem/r3_1_4.htm

Периодта солдан оңға қарай оксидтер мен гидроксидтердің негіздік сипаты біртіндеп әлсірейді. Мысалы 3-период элементтерінің гидроксидтерінің қатарында NaOH, Mg(OH)2, Al(OH)3, H2SiO3, H3PO4, H2SO4, HClO4 гидроксидтердің қышқылдық қасиеттерінің күшеюі, ал негіздік қасиеттерінің кемуі байқалады.

Топтарда жоғарыдан төмен қарай оксидтер мен гидроксидтердің негіздік сипаты күшейіп, қышқылдық қасиеті кемиді. Бұл ион радиустарының артуы және Э-О байланысының әлсіреуімен түсіндіріледі. Мысалы, 1А топта элементтер негіздік оксидтер мен гидроксидтер түзеді, бірақ франций элементінің негіздік сипаты айқынырақ байқалады.

http://poznayka.org/s74391t1.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?