Периодтар мен топтардағы қышқылды-негізді қасиеттердің өзгеру заңдылығы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сыныбы: 10 | Қатысқандар саны: қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Периодтар мен топтардағы қышқылды-негізді қасиеттердің өзгеру заңдылығы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.4 период және топтар бойынша химиялық элементтердің оксидтері, гидроксидтері және сутекті қосылыстарының қышқылды-негізді қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: - периодтар және топтар бойынша оксидтер, гидроксидтер және сутекті қосылыстар мысалында элементтердің қышқылды-негізді қасиеттерін анықтап сипаттайды; - ҚТ ережелерін сақтай отырып зертханалықьсынақ орындайды; Оқушылардың көбісі: -орындалған сынақ және байқаулар негізінде қорытынды жасайды Оқушылардың кейбірі: - білімдерін өздеріне белгісіз химиялық элементтің қышқылды-негізді сипатын және химиялық құрамын болжауға қолдана алады. | |||||
Бағалау критерийі | Оқушы мақсатқа жетеді, егер: -3-период элементтерінің қыщқылды-негізді қасиеттерін анықтаса; - ҚТ ережелерін сақтай отырып зертханалық сынақ орындаса және өз байқауларын белгілеп отырса - 3-период элементтерінің және басты топшалар элементтерінің қышқылды-негізді қасиеттерін химиялық реакция теңдеулері арқылы дәлелдесе және түсіндірсе - период және топ бойынша қосылыстардың қышқылды-негізді қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттаса | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар тақырыпты игергенін көрсету үшін келесі сөздер мен сөзтіркестерін қолдана алады:қышқылдық/негіздік/амфотерлі сипат, топта/периодте қасиеттер күшейеді/әлсірейді, периодтылық сипаты Периодты, периодтылық, период, топ, тенденция және құрылыс Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы: А оксиді негіздік сипатөа ие, себебі........ В гидроксиді күшті қышқыл болып табылады, себеі Қышқылдық/негіздік қасиет артады/кемидіү...... | |||||
Құндылықтар | Оқушылар топ ішінде элемент қосылыстарының сипатын зерттеп бір-бірінің ойые тыңдауға, ортақ шешімге келуге үйренеді. | |||||
Пәнаралық байланыс | Физика – атом құрылысы | |||||
Алдыңғы білім | Оқушылар атом құрылысын, период және топ бойынша элементтердің физикалық қасиеттерінің өзгеру тенденциясын біледі, оны атомның сыртқы электронды қабатының құрылысы тұрғсынан түсіндіре алады | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Оқушылармен сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі. Алдыңғы сабақтың негізгі ұғымдарын қайталауды ұйымдастыру. - период бойынша радиустың өзгеру тенденциясы қандай? Неге? -топ бойынша радиус қалай өзгереді? Неге? -радиус өлшемі иондану энергиясына қалай әсер етеді? - период және топ бойынша металдық қасиеттер қалай өзгереді? Оны немен түсіндіруге болады? -периодтарда элементтер қасиеттерінің периодты түрде қайталанып отыруыгың себебі не?- (периодтылықтың негізге себебі – сыртқы энергетикалық деңгей құрылысының өзгеруі; сыртқы энергеткалық деңгейдегі электрондар санын қайталанып отыруы) Оқушыларға элементтер қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы олардан құралған жай заттар және оксидтер, гидроксидтер және сутекті қосылыстарының қасиетіне әсер ететінін түсіндіру. Оқушыларға сабақ тақырыбын анықтауды сұрау. Оқушыларды сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру. | Презентация | |||||
Сабақ басы 5-7 мин | Тапсырма 1. Оқушыларға 3-период элементтері (жай зат) қасиеттерін сипаттауды сұрау. Оқушылардың жауабын тыңдап, оларға период бойынша элементтердің қасиеттерінің өзгеруі осы элементтердің қосылыстарының (оксидтері мен гидроксидтері) қасиеттерін болдауға мүмкіндік беретінін түсіндіру. «3-период элементтерінің сипатын зерттеу» зертханалық сынағын орындауды ұйымдастыру. Жұмыс алдында ҚТ ережелерін еске түсіру. Қосымша 1. Бір период шегінде элементтер оксидтерінің қышқылды-негізді сипатының өзгерісі туралы қорытынды жасауға ұсыну. Оқушылардың жауабын тыңдап, бағалау Оқушыларға 3-период элементтерінің гидроксидтерінің формуласын жазуды сұрау (гидроксид ұғымы негіздерге де және R-O-H құрылымын ажыратуға болатын қышқылдарға да тиесілі екенін түсіндіру. Қышқылды негізді сипат диссоциация түрімен түсіндіріледі R-O-HR+ + OH- или R-O-HRO- +H+) Тапсырма 2. 3-период элементтерінің гидроксидтерінің формуласын жазыңдар және олардың сипатын анықтаңдар. 3-период элементтері гидроксидтерінің сипатының өзгеру тенденциясы туралы қорытынды жасаңдар. Оқушылардың жауабын тыңдап, оқушыларды гидроксид сипатының өзгеру тенденциясын түсінуге бағыттау: күшті негіз әлсіз негіз амфотерлі негіз әлсіз қышқылкүшті қышқыл. Оксидтер мен гидроксидтер сипатының осы тенденциясы әр период үшін тән (1-периодтан басқа) Тапсырма 3. Оқушыларға 3-период элементтерінің ұшқыш сутекті қосылыстарының(гидридтер) формуласын жазуды: CH4, NH3, H2O, HF жәнеолардың қышқылды-негізді қасиеттерін түсіндіруді ұсыну (- негіздікамфотерлі қышқылдық). Оқушыларды период бойынша реттік номердің артуымен гидридтердің қышқылдық қасиеті артады деген қорытындыға бағыттау. Топтық жұмыс ұйымдастыру. Тапсырма 4. 1. 2 период элементтерінің оксидтерін қарастырып, осы оксидтер сипатының өзгеру тенденциясын анықтаңдар. 2. 2-период элементтерінің гидроксидтерінің формулаларын жазыңдар, олардың сипатының өзгеру тенденциясын анықтаңдар. 3. 3-период металдарының гидридтерінің формуласын жазыңдар, олардың сипатының өзгеру тенденциясын болжаңдар. Оқушылардың жауабын тыңдап, кері байланыс беру. Периодтық кесте элемент және оның қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын бейнелейді деген түсінік қалыптастыру: әр период бойынша оксидтер мен гидроксидтер қасиеттері негіздіктен қышқылдыққа өзгереді. | |||||
Сабақ соңы 5 мин | Тапсырма5 (өзін-өзі бағалау үшін):
Оқушылар өз жауаптарын айтып, кері байланыс алады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - мен нені білдім, нені үйрендім - не түсініксіз қалды - нені бекіту керек | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Дифференциация сабақтың кез-келген бөлігінде орын алуы мүмкін, егер уақытты үнемді пайдаланса. | ||||||
Сабаққа рефлексия | Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Сабақ мақсаты мен /оқу мақсаты қолжетерлік болды ма? | ||||||
Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? | ||||||
Егер жетпесе, неліктен? | ||||||
Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма? | ||||||
Сабақтың уақыт аралығы сақталды ма? | ||||||
Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен? | ||||||
Жалпы бағалау | ||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?