Период және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1D Периодтылық (8 с) | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қ. | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Акимова Э.Т. | ||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Период және топта қосылыстардың қышқылды – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.2 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Химиялық элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің құрамын, құрылысын, қасиеттерін білу Химиялық элементерінің сутекті қосылыстарының құрамын, қасиеттерін білу Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазу Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын сипаттау Өзгеру себептерін атау Қышқылдық, сілтілік, екідайлы ұғымдарын ажырату Эксперимент түрінде осы ұғымдарды дәлелдеу | ||||||||
Жетістік критерийлері | Химиялық элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің құрамын, құрылысын, қасиеттерін біледі Химиялық элементерінің сутекті қосылыстарының құрамын, қасиеттерін біледі Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазуады Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын сипаттайды Өзгеру себептерін атайды Қышқылдық, сілтілік, екідайлы ұғымдарын ажыратады Эксперимент түрінде осы ұғымдарды дәлелдейді | ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушы: ауызша сипаттайды, жазбаша реакция теңдеулерін жазады Пәнге тән лексика мен терминология: Периодтық жүйе, топ, период, көлденен, тігінен, химиялық элементтер, оксидтер, гидроксидтер, екідайлы, қышқылдық, негіздік. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Периодтық жүйеде 7 период, 18/8 топ бар. 1-3 –кіші периодтар, 4-7 преиод-үлкен периодтар. Периодтың нөмірі..... Топтың нөмірі.......... Солдан оңға қарай металдық/ бейметалдық қасиеттері .................. Жоғарыдан төмен қарай металдық/ бейметалдық қасиеттері........ | ||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өмір бойы оқу , ашықтық. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||||
Бастапқы білім | 10.1A Атом құрылысы | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Ой шақыру | Сәлемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру. Бірінші кезең – проблемалық мәселені белгілеу және жаңа тақырыпты өтуге қажетті білімді өзектендіру. Сұрақ-жауап: 1. Д.И. Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін қай жылы ашты? 2. Периодтық жүйенің құрылымы? 3. Период дегеніміз не? 4. Топ деген не? 5. Период бойынша металдық қасиеттер қалай өзгереді? 6. Топ бойынша химиялық элементтердің металдық/ бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді? Сабақтың тақырыбы, мақсатымен күтілетін нәтижемен таңыстыру, талқылау. | Химиялық элементтердің ұзын және қысқа периодты кестелері | |||||||
Маңыздылау | Сабақтың екінші кезеңі бірігіп білімді «ашуға», яғни, ғалымдар ашқан ережелер мен заңдарды жаттауға және оларды пайдаланудың таңдаулы мысалдарымен танысуға бағытталған. 1. Периодтық заңңың тұжырымдамасы. 2.Жұптық жұмыс: Оқушыларға ІІІ периодтың элементерінің оксидтерінің формуласын жазу ұсынылады. Мұғалім бақылайды, қажет болған жағдайда қолдау көрсетеді. Тапсырманы орындап болған соң,оқушылар жауап береді. Өздері химиялық элементтердің оксидтерінің қасиеттері қалай өзгергендігін бақылайды, тұжырым шығарады. Бірін-бірі бағалайды. 3. Химиялық элементтердің гидроксидтерінің формуласын жазады, қорытынды шығаруға уақыт беріледі. Оқушылардың жұмысы бағаланады. Көрсетілім: магний оксиді-негіздік оксид, күкірт оксиді –қышқылдық оксид екені дәлелденеді. Мұғалім көрсетілімді жасау барысында, оқушылардың ойын тыңдайды, сұрақтар қоя отырып, түсіндіреді. 4. Химиялық элементтердің сутекті қосылыстарының құрамы мен қасиеттері туралы мұғалім түсіндіреді. Сутекті қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын талдайды. Оқушылар жеке жұмыс орындайды. Мұғалім бақылайды. Оқушылар «өзін-өзі » бағалайды. Сабақтың мақсатына оралу. Қорытынды шығару. | Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||
Рефлексия | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Барлығы: топпен период бойынша жүретін заңдылықтарды атайды Кейбіреулері:заңдылықтардың болу себебін түсіндіреді | Сабақта мұғалім бақылау арқылы бағалайды, оқушыллар бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 1
1. III период элементтерінің оксидтерінің формуласын құрастыңыз.
Қосымша 2
1. III период элементтерінің гидроксидтерінің формуласын құрастырыңыз.
№1. Реттік нөмірлері берілген элементтердің периодын,қатарын,тобын анықтаңыз.
І топ: 7,12 ,41 ІІ топ: 17,23,30
№2. Мына элементтерді металдық қасиетінің өсуі бойынша орналастырыңыз:бор,бериллий,көміртек,литий С→В→Ве→Lі
№3. Берілген элементтердің қайсысында айқын бейметалдық қасиет басым: фосфор, алюминий, кремний, күкірт, фтор, хлор
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
| Химиялық элементтердің атом құрылысы
|
Элементтердің реттік нөмірі
| Ядроның оң заряды, протондар және электрондар саны
|
Период нөмірі
| Электрондық қабат саны
|
Топ нөмірі | Сыртқы қабатағы электрон саны (негізгі топша үшін) |
Тест тапсырмалары.
- Элементтің химиялық қасиеті анықталады:
А) атом ядросының зарядымен; В) периодтық жүйедегі орналасуымен;
С) атомдық массасымен; Д) сыртқы электрон деңгейінің құрылысымен.
2. Бір периодта орналасқан элементтерде бірдей:
А) химиялық қасиеттері; В) атом радиустары;
С) энергетикалық деңгейлер саны; Д) валенттік электрондар саны;
3. Қосымша топшада орналасқан элементтер:
А) тек металдар; В) тек d және f элементтер;
С) тек s және p элементтер; Д) тек үлкен периодтардағы жұп қатарлар;
4. Негізгі топшаларда жоғарыдан төмен қарай өседі:
А) металдық қаиеттері; В) бейметалдық қасиеттері;
С) химиялық белсенділігі; Д) судағы ерігіштігі;
5. Кальций атомының сыртқы деңгейіндегі электрон саны;
А) 18; В) 8; С) 6; Д) 2;
6. Электрондық құрылысы 2/8/3 болатын элемент:
А) литий; В) алюминий; С) темір; Д) вольфрам;
7. р-деңгейшеде қанша электрон бола алады?
А) 2; В)3; С) 6; Д) 8;
8. Жоғарғы оксидінің жалпы формуласы R2O5 болатын топша
А) 2 негізгі; В) 4 негізгі; С) 5 негізгі; Д) 5 қосымша;
9. Мына элементтердің қайсысында бейметалдық қасиет күштірек?
А) күкірт; В) хлор; С) оттек; Д) фтор;
10. Үшінші энергетикалық деңгейде барлығы қанша орбиталь болады?
А) 5; В) 2; С) 3; Д) 9;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?