Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.3 химиялық элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтарын сипаттау: радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтық, электртерістілік және тотығу дәрежесі.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • Элемент атомдарының радиусы, электртерістілігі, электронға ынтықтық энергиясы және тотығу дәрежесінің периодтар мен топтардағы өзгеру заңдылықтарын атайды және түсіндіреді

Оқушылардың көбісі:

  • Элементтердің осы қасиеттерінің периодтарда және топтарда өзгеру периодтылығын түсіндіре алады

Оқушылардың кейбірі:

  • Зерттелмеген элементтедің физикалық қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығын болжайды және себебін түсіндіреді

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Периодтар мен топтарда периодты түрде өзгеріп отыратын элемент атомдарының қасиеттерін атайса: атом радиусы, электр терістілік, иондану энергиясы, электронға ынтықтық энергиясы
  • Элемент атомдарының физикалық қасиеттерінің өзгерісін сипаттаса
  • Элементтердің физикалық қасиеттері өзгеруінің периодтылығын түсіндірсе

Тілдік мақсаттар

Оқушы элементердің қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығын келесі сөздер мен сөз тіркестерін қолдану арқылы түсіндіре алады: атом радиусы, электр терістілік, бірінші иондану энергиясы, электронға ынтықтық энергиясы, периодты түрде өзгереді, периодтылық, период, топ, тенденция, артуы/кемуі..........бйланысты, құрылыс

Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы:

Топтардағы тотығу дәрежесінің өзгеруін...............түсіндіруге болдаы

Топта реттік номердің өсуімен атом радиусы артқандықтан, онда .........өзгереді

Бір/әртүрлі топтағы элементтердің әртүрлі электронға ынтықтық мәнін ..........түсіндіруге болады

Құндылықтар

Оқушылар өз гипотезаларын дәлелдеу үшін аргументтер мен фактілерді мысалға ала отырып, заңдылықтарды талдап байқалатын тенденцияларды талқылауға үйренеді.

Бір-бірін сыйлау – қойылған сұрақтарды талқылау барысында басқалардың ойларын ескеру

Пәнаралық байланыс

Математика –графиктер құру және анализ

Физика – атом құрылысы

Алдыңғы білім

Оқушылар атом құрылысын және периодтық жүйенің құрылысын біледі, периодтық жүйеде элементтердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеруі туралы түсініктері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5-7 мин

3 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Мұғалім алдыңғы сабақ бойынша оқушылардың тақырыпты игеруін тексеруді ұйымдастырады. Жұппен жұмыс ұйымдастырады, оқушылар бір-бірін бағалайды.

Тапсырма 1.

  • Периодтық кестеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай энергетикалық деңгейлер саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (1-топ элементтері мысалында түсіндіру)
  • Периодтық кестеде период бойынша солдан оңға қарай энергетикалық деңгейлер саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (3-период элементтері мысалында түсіндіру)
  • Периодтық кестеде период бойынша солдан оңға қарай валентті электрондар саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (3-период элементтері мысалында түсіндіру)
  • Периодтық кестеде топ бойынша жоғарыдан төмен қарай валентті электрондар саны қалай өзгереді және оның себебі неде? (1-топ элементтері мысалында түсіндіру)

Оқушылар критерийлерге сәйкес бір-бірінің жұмысын бағалайды, мұғалімнен кері байланыс алады.

Қосымша 1

Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарға жауап беруді ұсынады.

  • Не себепті натрий мен калийдің химиялық қасиеттері ұқсас, ал неон мен натрийдің химиялық қасиеттері олар периодтық кестеде жақын тұрғанына қарамастан әр түрлі.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылап, оқушыларға элементтердің химиялық қасиеттері оның сыртқы деңгейінің құрылысына тәуелді екенін түсіндіру, және сыртқы деңгей құрылысы периодтық кестеде периодты түрде қайталанып отырғандықтан олардың қасиеттері де периодты түрде өзгеріп отырады.

Презентация

Сабақ ортасы

5-7 мин

Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, тапсырма орындауды ұйымдастырады.

Тапсырма 2.

Периодты кестені қолдана отырып, элементтердің периодтар мен топтарда келесі қасиеттерінің өзгеруін қарастырыңдар. Заңдылықта табыңдар.

1-топ. Периодтар мен топтарда элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруін зерттеңдер. Оның өзгеру себептерін түсіндіріңдер.

2-топ. Топтар мен периодтарда атом радиустарының өзгеруін зерттеңдер. Себебін түсіндіріңдер.

3-топ. Топтар пен периодтарда тотығу дәрежелерінің өзгеруін талдаңдар (оксидтер мысалында). Өзгерістерді түсіндіріңдер.

Топтар жұмыстарының нәтижесін тыңдау. Дәптерге қорытындылап жазу.

  • Периодтарда атомдық элементтік реттік номерінің өсуімен металдық қасиеттері әлсірейді, ал бейметалдық қасиеттер күшейеді, оксидтердегі элементтердің тотығу дәрежесі өседі, радиус кемиді.
  • Бұл әр период үшін тән, себебі сыртқы электронды қабаттың құрылысы периодты түрде қайталанып отырады.

Мұғалім презентацияны пайдалана отырып, атомдардың қасиеттері туралы ақпараттаы зерттеуді ұйыидастырады. иондану энергиясы, электртерістілік және электронға ынтықтық энергиясы

Мұғалім оқушыларға (топ ішінде) осы қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын анықтап, периодтар мен топтарда олардың олардың өзгеруін түсіндіруді ұсынады.

Тапсырма 3.

http://www.ptable.com/#Property/Density/STP

сілтемесі бойынша орналасқан динамикалық периодты кестенің мәліметтерін пайдалана отырып элементтердің периодтар мен топтардағы(3 период пен 1-топ элементтері мысалында) келесі қасиеттердің өзгеру заңдылықтарын анықтаңдар:

А) иондану энергиясының атомдық санға тәуелділігі

В) электртерістіліктің атомдық санға тәуелділігі

С) электронға ынтықтық энергиясының атомдық санға тәуелділігі

D)балқу/қайнау температурасының атомдық номерге тәуелділігі

(Ақпаратты график түрінде көрсетуге болады ).

Оқушылар осы қасиеттердің периодтар мен топтарда өзгеру сипаты туралы жалпы түсінікті қалыптастыру үшін онлайн-динамикалық Д.И. Менделеевтің кестесімен жұмыс істейді.

(Егер онлайн кестемен жұмыс жүргізу мүмкін болмаса кестелік мәліметтер түрінде берілген таратпа материалды қолдануға болады)

Оқушылар өз жұмыстарын презентацияда/активті тақта график түрінде көрсетеді.

Мұғалім оқушылардың жұмысына кері байланыс береді, керек болған жағдайда мұғалім оқушыларды тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайды.

Оқушылар жүргізілген анализ негізінде қасиеттердің өзгеру заңдылықтары туралы қорытынды жасайды.

- атом радиусы – период бойынша азаяды, топ бойынша өседі;

- бірінші иондану энергиясы – период бойынша өседі, топ бойынша кемиді;

- электртерістілік – период бойынша артады, топ бойынша кемиді;

- балқу және қайнау температурасы – Nа мен Аl арасында артады, Si ден P дейін кемиді. P –дан S дейін артады, S-тен Аr дейін артады.

- электронға ынтықтық энергиясы – период бойынша артады, топ бойынша кемиді, алайда бірқалыпты өзгермейді, иондану энергиясы сияқты.

Жалпы қорытынды:

Элементтердің қасиеттері атомды электронды қабаттарының құрылысына тәуелді, периодтық кестенің периоды және тобы бойынша периодыт түрде өзгеріп отырады.

Сабақ соңы

5 мин

Оқытылған мәліметтердің игерілуін тексеру мақсатында мұғалім оқушыларға 4-тапсырманы орындауды ұсынады.

Қосымша 2

Оқушыларға тақырыпты игеруін бағалау үшін (өзін-өзін бағалау) мұғалім сәйкес стикерді таңдауға ұсынады.

Маған кездескен қиындықтар

Ақпаратты бекітіум керек

Барлығы түсінікті

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Дифференциация сабақтың кез-келген бөлігінде орын алуы мүмкін, егер уақытты үнемді пайдаланса.

Сабаққа рефлексия

Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты мен /оқу мақсаты қолжетерлік болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме?

Егер жетпесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма?

Сабақтың уақыт аралығы сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?