Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан. Атомның валенттілігі және валенттік мүмкіндіктері. Атомдардың тотығу дәрежесі. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Жауап парағы
Тапсырма 6.
формула | NaCl | MgCl2 | AlCl3 | SiCl4 | PCl5 | SCl6 | Cl2 |
Тотығу дәрежесі | +1 | +2 | +3 | +4 | +5 | +6 | 0 |
Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
- Элементтердің ПЖ орнына негізделе отырып олардың тотығу дәрежесін көрсетсе
- 3-период элементтерінің хлоридтерінің формуласын құрса
Тапсырма 7.
Тотығу дәрежесі | Жоғары | Аралық | Төменгі |
күкірт | SO3 | SO2 | H2S |
хлор | Cl2O7 | Cl2O | HCl |
Бағалау критерийі: Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
- Күкірт атомы жоғары ТД болған қосылыстың формуласын жазса
- Күкірт атомы аралық ТД болған қосылыстың формуласын жазса
- Күкірт атомы төменгі ТД болған қосылыстың формуласын жазса
- Хлор атомы жоғары ТД болған қосылыстың формуласын жазса
- Хлор атомы аралық ТД болған қосылыстың формуласын жазса
- Хлор атомы төменгі ТД болған қосылыстың формуласын жазса
Қосымша 2
Ресурс
Периодтық жүйе атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан.
Д.И. Менделеевтің Периодтық жүйесі периодты заңның графикалық бейнесі.
Элементтің реттік номері, период номері және топ номері элемент атомы құрылысының белгілі заңдылығы мен ерекшелігі туралы ақпарат береді.
Элементтің реттік номері атом ядросының зарядын көрсетеді, яғни оның ұрамындағы протондар мен атомның электрон қабатындағы электрондар санын, себебі атом электрбейтарап.
Химиялық элементтердің нейтронлар саны келесі формула бойынша анықталады: N = А — Z, осында N — нейтрондар саны, А — атомның массалық заңы, Z — элементтің реттікномері.
Период номері атом құрамындағы нейтрон санын анықтауға көмектесе алады. Топ номері басты топша элементтер атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар санын немесе екі топшаның максималды валентті электрондар санын көрсетеді.
Валентті электрондар – химиялық байланыс түзуге қатысатын электрондар. Негізгі топша элементтері үшін мұндай электрондар сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондары болып табылады және олардың саны топтың номеріне тең. Қосымша топша элементтері үшін тек сыртқы электрондар ғана емес, сондай-ақ алдыңғы энергетикалық деңгейдегі электрондармен анықталады, осы жағдадйда олардың максималды саны топ номерімен анықталады.
Атом құрылымының ерекшеліктері периодтар мен топтардағы элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылығын да түсіндіреді.
Период бойынша металдық қасиет әлсірейді, ал бейметалдық қасиет күшейеді, себебі:
а) атом ядроларының заряды артады;
б) сыртқы энергетикалық деңгейдегі электродар саны артады;
в) энергетикалық деңгейлер саны өзгермейді;
г) атом радиусы кемиді;
Топ бойынша (басты топшада) металдық қасиет күшейеді, бейметалдық қасиет әлсірейді, себебі:
а) атом зярады артады;
б) сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны өзгермейді;
в) энергетикалық деңгейлер саны артады;
г) атом радиусы артады
үлкен периодтарда бұл өзгерістер баяу жүреді, себебі қосымша топша элемент атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейі емес, оның алдындағы деңгей 18 электронға дейін толықтырылады, сосын ғана сыртқы энергетикалық деңгейде топ номеріне сәйкес 2 электроннан бастап 8 электроға дейін толады.
Атом құрылысының осы ерекшелігі Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде неге бірқалыты өседі, ал қасиеттер периодты түрде қайталанып отырады деген сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Яғни, периодтық заңның тағы бір тұжырымдамасымен түсіндіріледі:
Химиялық элементтердің және олардан құралған заттардың қасиеттері сыртқы деңгей және оның алдындағы деңгей құрылыстарынан периодты тәуелділікте.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?