Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан. Атомның валенттілігі және валенттік мүмкіндіктері. Атомдардың тотығу дәрежесі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сыныбы: 10 | Қатысқандар саны: қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан. Атомның валенттілігі және валенттік мүмкіндіктері. Атомдардың тотығу дәрежесі. | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.2.1.1 Периодтық заңның физикалық мағынасын түсіндіру. 10.2.1.2 Атомдардың валенттілігі және тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы:
Оқушылардың көбісі:
Оқушылардың кейбірі:
| |||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Қысқапериодты және ұзынпериодты кесте, валенттілік, валентті электрондар, периодтық кесте, топ, период, элемент, электрондар, сыртқы электронды қабат/сыртқы энергетикалық деңгей, химиялық байланыс, тотығу дәрежесі. Сұхбат/хат үшін сөздердің пайдалы топтамасы: Біз Х элементінде...........валентті электрондар бар екенін білеміз, себебі ол.......орналасан. У элементінің электронды қабаты.............энергетикалық деңгейлерден тұрады, себебі ол........ Х элементінің валенттілігі........, себебі Х және У элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейлеріндегі электрондар саны ........... себебі ол екеуі.............. | |||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу Топтық жұмыс жүргізу кезінде кері байланыс беру және тапсырма орындау кезінде ынтымақтастықты қалыптастыру Сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамыту Атом құрылысы туралы ақпаратты салыстыру және жалпылау дағдысын дамыту. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика (азайту/қосу амалдарын орындау арқылы сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар санын/валенттілігін анықтау) Физика – атом құрылысы | |||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар атом құрылысын және периодтық жүйенің құрылысын біледі, валенттілік және тотығу дірежесі туралы түсініктері бар | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Мұғалім/оқушы әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақ басы 7 мин | Сабақтың басында химияның ең басты заңы периодтық заң және оның графикалық бейнесі Периодтық кесте екенін оқушылардың есіне түсіру. Оқушыларға Д.И. Менделеевтің Периодтық заңын Тұжырымдауды ұсыну. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылау:
Оқушылардың жауабын тыңдап, кері байланыс беру. Оқушылармен сабақ тақырыбын анықтау, сабақ мақсаттарымен танысу. Оқушыларға қысқапериодты және ұзынпериодты Периодтық кестені көрсету. Олардың айырмашылығын көрсетіп, екі кестені құрылысы принциптерін талқылау. Келесі ұғымдарды қайталау:
| Презентация | ||||||||||||
Сабақ ортасы 8 мин 10 мин 5 мин 5 мин | Оқушылармен келесі сұрақты талқылау:
Оқушылардың жауабын тыңдау. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі атом құрылысы, атомдағы электрондардың таралуы туралы ақпарат береді, атомның толық электрондыв формуласын жазуға, элементтің тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиетін анықтауға мүмкіндік беретін түсіндіру. Тапсырма 1.
Оқушылардың жауаптарын бағалап, кері байланыс беру. Оқушылардың жауабы негізінде оқушыларды период, топ және реттік номердің физикалық мағынасы туралы тұжырымдама құруды сұрау. 1)Период номері элемент атомының энергетикалық деңгейлер санын анықтайды. 2)Д.И. Менделеевтің ПЖ топ номері сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны туралы ақпарат береді. 3)
Оқушыларды ширату мақсатында презентацияда орналасқан 2-тапсырманы орындауды ұсыну. 2. Оқушылармен валенттілік ұғымын қайталау. Валенттілік және валентті мүмкіндіктер химиялық элементтердің маңызды сипаттамаларының бірі екенін түсіндіру. Оларды атом құрылысы арқылы анықтайды және ядро зарядының өсуімен периодты түрде өзгереді. Атомның валентті мүмкіндіктерін анықтау үшін көміртек атомының мысалында атомның қалыпты және қозған күйі ұғымдарын енгізу. Топтық жұмыс: Тапсырма 3:Қалыпты және қозған күйдегі хлор және күкірт атомдарының валентті мүмкіндіктерін анықтаңдар. Тапсырма 4. Көміртек, азот, оттек, фтор гидридтерінің молекулаларының шарстерженьді модельдерін құрыңдар. CH4, NH3, H2O, HF қосылыстарындағы элемент атомдары сутекпен түзетін химиялық байланыстар санын анықтаңдар. Кремний, фосфор, күкірт және хлор атомдарының сутекпен қосылыстары қандай құрылысқа ие болатынын түсіндіріңдер. Атомдардың сыртқы энергетикалық деңгейлер құрылысы периодты түрде қайталануымен байланысты валенттілік мәндерінің өзгеру заңдылықтарын талқылау. 3.Қосылыс құрамындағы элементтердің валенттілігімен қатар, олардың тотығу дәрежесін анықтауға болады. Оқушыларға валенттілік және тотығу дәрежесінің арасында қандай ұқсастық және қандай айырмашылық бар екенін еске түсіруді ұсыну. Олардың жауаптарын тыңдау, кері байланыс беру. Презентация арқылы түсіндіру. Валенттілік – атомның химиялық байланыс түзу қабілеті. Осы анықтама және валенттілік ұғымы тек ковалентті байланыспен байланысқан қосылыстар үшін ғана дұрыс. Ионды қосылыстар үшін бұл ұғым қолдану дұрыс емес, оның орнына «тотығу дәрежесі» леген ұғымды пайдаланылаы. Тотығу дәрежесі – қосылыстағы барлық байланыс иондық деп қарастыру кезінде атомның электронды толық беру(қабылдау) Жұппен жұмыс. Тапсырма 5: келесі молекула құрамындағы атомның валенттілігі мен тоттығу дәрежесін анықтаңдар. а) азот N2 молекуласында, b) NH3аммиак молекуласында, с) аммоний NH4 + ионында Қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау, тотығу дәрежесін қолдана отырып, қосылыс формуласын құру ережелерін (нольдік сумма принципі) талқылау. Жоғары, аралық жән төменгі тотығу дәрежесі ұғымдарын енгізу. Тапсырма 6. 3-период элементтерінің хлоридтерінің формулаларын құрыңдар. Қосылыстар құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтаңдар. Тапсырма 7. А) күкірт, в) хлор атомдары жоғарғы, аралық және төменгі тотығу дәрежесінде тұрған қосылыстар формулаларын құрыңдар. Мұғалім жауап парағын қолдана отырып, орындалған тапсырмаларды өзара бағалауды ұйымдастырады. Қосымша 1 Оқушылар бір-бірлерінің жұмысын бағалап, кері байланыс береді. | |||||||||||||
Сабақ соңы 5 мин | Мұғалім сабақты қорытындылайды, сабақтағы оқушылардың жұмысы туралы кері байланыс береді ( сабақ мақсатына оралу). Оқушылар презентацияда көріп тұрған критерийлер бойынша оқу мақсатына қол жеткізілу талқыланады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді: 1.Сабақта не ұнады? 2.Сабақ мазмұнын бағалау 3. Сен үшін қандай сұрақтар ашылмай қалды? 4. Сабақтағы өз жұмысыңды бағала | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||
Дифференциация сабақтың кез-келген бөлігінде орын алуы мүмкін, егер уақытты үнемді пайдаланса. | ||||||||||||||
Сабаққа рефлексия | Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||
Сабақ мақсаты мен /оқу мақсаты қолжетерлік болды ма? | ||||||||||||||
Барлық оқушылар оқу мақсаттарына жетті ме? | ||||||||||||||
Егер жетпесе, неліктен? | ||||||||||||||
Сабақта дифференциация дұрыс жүзеге асты ма? | ||||||||||||||
Сабақтың уақыт аралығы сақталды ма? | ||||||||||||||
Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен? | ||||||||||||||
Жалпы бағалау | ||||||||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?