Периодтық заң және атом құрылысы негізіндегі периодтық жүйе Валенттілік және атомның валенттілік мүмкіндіктері. Атомның тотығу дәрежесі. Негізгі топша және период бойынша элементтер қасиеттерінің периодты өзгерісі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1В Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Күні:

Сынып: 10

Сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Периодтық заң және атом құрылысы негізіндегі периодтық жүйе

Валенттілік және атомның валенттілік мүмкіндіктері. Атомның тотығу дәрежесі.

Негізгі топша және период бойынша элементтер қасиеттерінің периодты өзгерісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.1 периодтық заңның физикалық мағынасын түсіндіру;

10.2.1.2 валенттілік және тотығу дәрежесі түсініктерінің физикалық мағынасын түсіндіру;

10.2.1.3 химиялық элементтердің атомдық радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтылық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау;

 Сабақ мақсаттары

Периодтылықтың физикалық мәнін атом құрылысы негізінде түсіндіру

Электрондарын беретін және қосып алатын элементтерді анықтау

Элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежесін анықтау

Период және топ бойынша атомдық радиустың, иондану энергиясының, электронға ынтықтылықтың, электртерістіліктің және тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтарын анықтау

Осы заңдылықтарға сай элементтерді орналастыру

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар: Периодтылықтың физикалық мәнін атом құрылысы негізінде түсіндіреді

Электрондарын беретін және қосып алатын элементтерді анықтайды

Көптеген оқушылар: Элементтердің валенттілігі мен тотығу дәрежесін анықтайды

Период және топ бойынша атомдық радиустың, иондану энергиясының, электронға ынтықтылықтың, электртерістіліктің және тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтарын анықтайды

Осы заңдылықтарға сай элементтерді орналастыру

Кейбір оқушылар: Берілген заңдылықтарды атом құрылысы тұрғысынан түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Атом құрылысы, периодтылық, валентілік, тотығу дәрежесі, атомдық радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтылық, электртерістілік

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қасиеттер периодты түрде қайталанады

Берілген элементтің тотығу дәрежесі ......

Период бойынша солдан оңға қарай атомдық радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтылық, электртерістілік ...........

Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай атомдық радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтылық, электртерістілік ...........

Пәнаралық байланыстар

Физика.

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, өмір бойы оқу

Бастапқы білім

Атом құрылысы

Элементтердің электрондық конфигурациясы

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

0-5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, позитивті атмосфера қалыптастыру.

Ой шақыру: Неге химиялық элементтердің периодтық кестесі (жүйесі) «периодты» деп аталады?

Оқушылар өздерінің жауаптарын ұсынады. Оқушылардың жауаптарын талқылай отырып сабақтың тақырыбын ашу.

Сабақтың мақсаттарын көрсету.

Мағынаны тану

6-12

13-18

19-25

26-30

31-39

40-47

48-55

56-60

61-70

71-78

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға периодтық кесте және таратпа ақпартаттарды тарату

Оқушылар жұпта кестені толтырады.

Жұмыс барысында мұғалім ауызша кері байланыс беріп жүреді

Бірін-бірі бағалау: оқушылар сағат тілі бағытымен жұмыстарын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Д.И. Менделеев ұсынған периодтық заңның 1-ші тұжырымдамасын түсіндіру (қосымша 2). Берілген тұжырымдаманы оқушылармен талқылау

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға берілген элементтердің электрондық конфигурациясын жазуды ұсыну

Оқушылар жұпта тапсырманы орындайды

Жұмыс барысында мұғалім ауызша кері байланыс беріп жүреді

Бірін-бірі бағалау: оқушылар сағат тілі бағытымен жұмыстарын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді

Таныстырылым бойынша өзін-өзі бағалау

Мәселелі сұрақ: Д.И.Менделеевтің ұсынған тұжырымдамасы бойынша 18-ші элемент калий, ал 19-шы аргон болуы тиіс. Бірақ шынайы периодтық жүйеде олар керісінше орналасқан. Енді өздеріңіз жазған элементтердің электрондық конфигурациясына қарап неге олардың орны алмасытырылып қойылғандығын түсіндіріңіз

Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Қажет болса бағыттау сұрақтарын қою. Соңында химиялық қасиеттердің периодты түрде қайталануы элементтердің атомдық массасына емес, олардың атомдық құрылысына тәуелді деген тұжырымға келу.

Оқушылардан осы құбылысқа анықтама беруін сұрау.

Оқушылардың анықтамаларын тыңдау, қажетті жерлерінде түзетулер енгізу

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Асыл газдар, сегізінші топ элементтері инертті, яғни химиялық активті емес болып табылатындығын түсіндіру. Гелий және неонның электронды құрылысы мысалында олар аяқталған сегізэлектронды конфигурацияға ие екендігін көрсету қажет.

Дәл осы сияқты басқа химиялық элементтер асыл газдар секілді сегізэлектронды конфигурацияға ие болу үшін сыртқы қабатындағы электрондарын беретін немесе қосып алатынын түсіндіру. Осының себебінен 1-3-ші топ элементтері электрондарын тек қана беру, ал 4-ші топ элементтерінен бастап электрон беру және қосу нәтижесінде аяқталған сегізэлектронды конфигурацияға ие болатындығын түсіндіру. Бұны натрий, магний және күкірттің элекрондық құрылысы мысалында түсіндіру.

Осы элеметтердің мысалында «валентті электрондар, валенттілік және тотығу дәрежесі» ұғымдарын енгізу және түсіндіру

Жұптық жұмыс.

Оқушылар жұпта кестені толтырады

Жұмыс барысында мұғалім ауызша кері байланыс беріп жүреді

Бірін-бірі бағалау: оқушылар сағат тілі бағытымен жұмыстарын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді

Таныстырылым бойынша өзін-өзі бағалау

Жеке жұмыс.

Оқушылар кестені толтырады.

Жұмыс барысында мұғалім ауызша кері байланыс беріп жүреді

Бірін-бірі бағалау: оқушылар партадағы көршілес оқушымен жұмысын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді

Таныстырылым бойынша өзін-өзі бағалау

Оқушыларға негізгі төрт периодты заңдылық бар екендігін айту:

Октет ережесіИондану энергиясы

Электронға ынтықтылық

Электртерістілік

Период және топ бойынша осы заңдылықтардың өзгеру тенденциясын анықтауға арналған жұптық жұмыс орындау.

Оқушыларға Менделеев кестесін және кейбір атомдық радиусы, иондану энергиясы, электртерістілігі және электронға ынтықтылық мәндері келтірілген мәліметті тарату.

Оқушылар Менделеев кестесін қажетті ақпарттармен толтырады

Жұмыс барысында мұғалім ауызша кері байланыс беріп жүреді

Оқушылар әрбір заңдылыққа сай мәліметті кестеге толтырғаннан кейін, мұғалім сол заңдылықтың период және топ бойынша өзгерісін талқылап отыруы қажет.

Жеке жұмыс

Оқушылар кестені толтырады

Жұмыс барысында мұғалім ауызша кері байланыс беріп жүреді

Бірін-бірі бағалау: оқушылар партадағы көршілес оқушымен жұмысын ауыстырып, бір-бірінің жұмысын тексереді

Таныстырылым бойынша өзін-өзі бағалау

Қосымша 1

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

Рефлексия

79-80

Сабақ мақсаттарына оралу

Рефлексия. Ауызша сұрақтар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Құндылықтармен байланыс

Жетістік критерийлерін қарау

Оқушылардың сабақ барысындағы талқылауларын тыңдау және сауалнама. Оқушылардың сұрақтарға жауап сапасына байланысты бағалау.

Жеке жұмыс барысында оқушылардың тапсырмаларына кері байланыс беру барысында бағалау.

Топта/жұпта жұмыс істей алу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1Бастапқы 20 элементтің атомдық массасы (Ar)

Тапсырма. Төменде келтірілген периодты кестенің үзіндісіне элементтерді атомдық массалары өсу реті бойынша орналастырыңыз.

Элемент

Ar

Элемент

Ar

H

1,00

Na

22,98

He

4,00

Mg

24,03

Li

6,94

Al

26,98

Be

9,01

Si

28,08

B

10,81

P

30,97

C

12,01

S

32,07

N

14,00

Cl

35,45

O

15,99

K

39,10

F

18,99

Ar

39,95

Ne

20,18

Ca

40,08

ПЕРИОДТАР

I

ТОПТАРЫ

II

I

1

2

II

3

4

5

6

7

8

9

10

III

11

12

13

14

15

16

17

18

IV

19

20

Қосымша 2 (бұл ресурс орысша тілде берілген)

Периодический закон Д.И. Менделеева и периодическая система химических элементов имеет большое значение в развитии химии. Окунемся в 1871 год, когда профессор химии Д.И. Менделеев,  методом многочисленных проб и ошибок, пришел  к выводу, что «… свойства элементов, а потому и свойства образуемых ими простых и сложных тел, стоят в периодической зависимости от их атомного веса».

Қосымша 3

Келесі элементтердің электрондық конфигурациясын жазыңыз

Элемент

Электрондық конфигурация

Li

Na

K

C

Si

Ne

Ar

Қосымша 4. Кестені толтырыңыз.

Топ нөмірі

І

ІІ

ІІІ

IV

V

VI

VII

VIII

Сыртқы қабаттағы электрон саны

Электрон алады /береді (санын көрсетіңіз)

Электрон алған/берген соң тотығу дәрежесі

Қосымша 5. Тапсырма 1. Кестені толтырыңыз

Элемент

F

Na

Al

K

S

H

Ca

Li

Cl

Жалпы электрон саны

Сыртқы қабаттағы электрон саны

Электрон алады /береді (санын көрсетіңіз)

Электрон алған/берген соң тотығу дәрежесі

Тапсырма 2. Химиялық элемент атомдарын сыртқы қабатындағы беріп жіберетін немесе қосып алатын электрондарымен сәйкестендіріңіз

Мg a) 2

Be б) 1

Cl в) 5

N г) 3

Al

Ca

S

Қосымша 6 (бұл ресурс орысша тілде берілген)

Периодический закон

Менделеев дал следующую формулировку Периодического закона: «свойства простых тел, а также формы и свойства соединений элементов, а потому и свойства образуемых ими простых и сложных тел, стоят в периодической зависимости от их атомного веса».Существует четыре основных периодических закономерности:

Правило октета утверждает, что все элементы стремятся приобрести или потерять электрон, чтобы иметь восьмиэлектронную конфигурацию ближайшего благородного газа. Т.к. внешние s- и p-орбитали благородных газов полностью заполнены, то они являются самыми стабильными элементами.Энергия ионизации – это количество энергии, необходимое для отрыва электрона от атома. Согласно правилу октета, при движении по периодической таблице слева направо для отрыва электрона требуется больше энергии. Поэтому элементы с левой стороны таблицы стремятся потерять электрон, а с правой стороны – его приобрести. Самая высокая энергия ионизации у инертных газов. Энергия ионизации уменьшается при движении вниз по группе, т.к. у электронов низких энергетических уровней есть способность отталкивать электроны с более высоких энергетических уровней. Это явление названо эффектом экранирования. Благодаря этому эффекту внешние электроны мене прочно связаны с ядром. Двигаясь по периоду энергия ионизации плавно увеличивается слева направо.

Зависимость энергии ионизации от заряда ядра

Сродство к электрону – изменение энергии при приобретении дополнительного электрона атомом вещества в газообразном состоянии. При движении по группе вниз сродство к электрону становится менее отрицательным вследствие эффекта экранирования.

Зависимость сродства к электрону от заряда ядра

Электроотрицательность  — мера того, насколько сильно атом стремится притягивать к себе электроны связанного с ним другого атома. Электроотрицательность увеличивается при движении в периодической таблице слева направо и снизу вверх. При этом надо помнить, что благородные газы не имеют электроотрицательности. Таким образом, самый электроотрицательный элемент – фтор.

Зависимость электроотрицательности от заряда ядра

Қосымша 7

Төменде кейбір элементтердің атомдық радиустарының, иондану энергиясының, электртерістілігінің және электронға ынтылық мәндері келтірілген. Осы мәндерді периодтық кестеге жазып, әрбір заңдылықтың топ және период бойынша өзгерісін анықтаңыз.

Атомный радиус (бұл атомдық радиус мәндері ойша алынған бірақ нақты заңдылықты көрсетеді)

H=1

He=0.7

Li=2

B=1.7

N=1.5

Ne=1.3

K=4

Ga=3.6

As=3.4

Kr=3.1

Cs=6

Tl=5.7

Bi=5.5

At=5.2

Бастапқы 20 элементтің электртерістілігінің (χ) мәндері

Элемент

χ

Элемент

χ

H

2,1

Na

1,01

He

0

Mg

1,23

Li

0,97

Al

1,47

Be

1,47

Si

1,74

B

2,01

P

2,1

C

2,50

S

2,6

N

3,07

Cl

2,83

O

3,5

Ar

0

F

4,1

K

0,91

Ne

0

Ca

1,04

Бастапқы 20 элементтің иондану энергиясының (I1) мәндері

Элемент

I1, эВ

Элемент

I1, эВ

H

13,6

Na

5,1

He

24,6

Mg

7,6

Li

5,4

Al

6,0

Be

9,3

Si

8,1

B

8,3

P

10,5

C

11,3

S

10,4

N

14,5

Cl

13,0

O

13,6

Ar

15,8

F

17,4

K

4,3

Ne

21,6

Ca

6,1

Бастапқы 20 элементтің электронға ынтықтылық мәндері (ε), эВ

Элемент

ε

Элемент

ε

H

-0,75

Mg

0,32

He

0,30

Al

-0,52

Li

-0,58

Si

-1,39

Be

0,19

P

-0,78

B

-0,33

S

-2,07

C

-1,12

Cl

-3,61

N

0,27

Br

-3,36

О

-1,47

I

-3,06

F

-3,45

K

-0,92

Ne

0,55

Ca

0,40

Na

-0,78

Қосымша 8

Келесі элементтерді .................. орналастырыңыз

1. Атомдық радиуысының өсу реті бойынша

Литий, көміртек, азот, фтор, бор

2. Атомдық радиуысының кему реті бойынша

Хлор, фтор, йод, бром

3. Электртерістілігінің өсу реті бойынша

Полоний, қорғасын, цезий, барий, стронций, қалайы

4. Электртерістілігінің кему реті бойынша

Азот, фтор, индий, оттек, германий, фосфор, көміртек

5. Иондану энергиясының өсу реті бойынша

аргон, фосфор, магний, натрий, хлор, алюминий, күкірт, кремний

6. Иондану энергиясының кему реті бойынша

криптон, радон, неон, ксенон, гелий, аргон,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды