Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың қозғалысы. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.
Қосымша №1
α –бөлшектерінің қалыңдығы шамамен 10000 атомдай болатын жұқа алтын пластинкасынан өтуін зерттеді. Пластинка арқылы өтіп және мырыш сульфидімен қапталған экранға түскенде α –бөлшектер жарық шығарған, бұл бөлшектердің санын есептеуге мүмкіндік берді. α –бөлшектердің біразы пластинкадан өткенде өз бағытынан әртүрлі бұрышқы бұрылатыны, ал кейбір бөлшектердің бағытын күрт өзгертетіні белгілі болды –бұл бөлшектердің шашырауы деп аталды.
Ғалымдар зерттелетін заттарды түсіндіріп, сипаттау үшін моделдерді сурет ретінде қолданады. Олар көбірек мәлімет жинағанда, өз моделдерін өзгертуге тура келеді, жаңа модель зерттеулерді жақсырақ түсіндіретін болады. Нильс Бордың 1913 жылы келтірілген моделінде электрондар ядроны электрон қабаты деп аталатын аймақта айналады. Қабат саны ядроны айналатын электрон санына тәуелді болады, әр қабат белгілі бір энергетикалық деңгейге ие; қабат ядроға жақын болған сайын оның энергетикалық деңгейі төмендей береді, ал қабат ядродан алыстаған сайын оның энергетикалық деңгейі жоғарылайды. Ядродан алыстаған сайын қабаттар үлкейіп, онда көбірек электрон орналаса алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?