Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың қозғалысы. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Атом құрылысы .

Строение атома .

Structure of the Atom

Оқу мақсаттары

10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын біледі

10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажыратады

Химия және физика курстарынан алған білімдерін қолдана отырып , атомның құрылысының ашылуы және атомдағы электрондардың қозғалысымен тереңірек таныстыру, s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажырату

Сабақтың мақсаты:

Бағалау критерийлері

Атомның құрылысын білсе, электрондарды энергетикалық деңгейде орналастырады;

s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажыратады

Оқытудың күтілетін нәтижелері:

Атомдағы электрондардың құрылысымен тереңірек танысады

s, p, d, f орбитальдерінің пішінін ажыратады

тілдік мақсаттар: «электрон», «протон», «нейтрон» «орбиталь», «энергетикалық деңгей», «энергетикалық деңгейше», ұғымдары мен, түсініктерін білетін болады.

Электронның ашылуы

1897 ж, Дж.Томсон

Катод сәулелерін.

Электронның массасы оның зарядына тәуелді екенін анықтайды.

Кейіннен электронның заряды теріс екені анықталды

(-0,162∙10-18 Кл) және массасы (1/1887 Н атомы массасынан)

Атом құрылысы. Резерфорд тәжірибесі

α –бөлшектерінің қалыңдығы шамамен 10000 атомдай болатын жұқа алтын пластинкасынан өтуін зерттеді. Пластинка арқылы өтіп және мырыш сульфидімен қапталған экранға түскенде α –бөлшектер жарық шығарған, бұл бөлшектердің санын есептеуге мүмкіндік берді. α –бөлшектердің біразы пластинкадан өткенде өз бағытынан әртүрлі бұрышқы бұрылатыны, ал кейбір бөлшектердің бағытын күрт өзгертетіні белгілі болды –бұл бөлшектердің шашырауы деп аталды.

Атом құрылысы . Резерфорд моделі

Резерфорд

-бөлшектермен алтын фолганы атқылау

Атомда ядро бар, массасы ядрода шоғырланған

Оң зарядты

Кішкене

ауыр

1910 ж. планетарлық

моделін ұсынды

Атом құрылысы

Жалпы алғанда атом бейтарап, сондықтан электрондар зарядтарының қосындысы ядро зарядына тең болу керек. Бұдан кейінгі зерттеулер көрсеткендей, атом ядросының оң заряды сан жағынан Д.И Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтің реттік нөмеріне тең. Оны 1913 ж. ағылшын физигі Г.Мозли дәлелдеген. Ал 1920ж. Э Чедвик химиялық элементтердің ядро заряды олардың реттік нөмерлеріне сай келетінін анықтады.

Атом құрылысы

Сутек атомының құрылысы өте қарапайым.

Ядросында бір оң заряды бар және ядро өрісінде бір электрон болады. Сутек атомының ядросы - протон деп аталатын элементар бөлшек. Оны 1920 ж. Э.Резерфорд ашып зерттеді. Атом ядросында әртүрлі элементар бөлшектер бар . Олардың ішінде маңыздысы протон – р мен нейтрон – n (1932 ж. Д. Чедвик ) анықтаған . Элементар бөлшектер белгілі масса мен және зарядпен сипатталады.

Электрондар микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады.

Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар:

бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.

Электронның заряды- 1,6∙10-19Кл

Салыстырмалы бірлігі -1

Массасы - 9,10∙10-28

Атомдық масса бірлігі - 0,00055

Атом құрылысы

Орыс ғалымдары Д.Д Иваненко және Е.Н Гапон ядро құрылысының протондық –нейтрондық теориясын жасады. Теорияға сәйкес сутек атомының ядросы да протон және нейтроннан тұрады. Протон мен нейтрон сандарының қосындысы атомдық массасына тең.

А= Z + N

Атомның химиялық қасиеті электрондық қабатының құрылысына тәуелді.

Тапсырама: 1

калий атомында неше протон және нейтрон бар?

Ядрода протон мен нейтрондарды ұстап тұратын күштерді – ядролық күштер деп атайды.

Атом ядросының қасиеті негізінен ядроның құрамымен анықталады. Мысалы оттек атомының құрамы былай жазылады.

16

8О (8р, 8n) 8e-

Электрондардың құрылысы

Электрондарды қарапайым бөлшек деп қарап оның кеңістіктегі қозғалысын 4 квант саны n, l, m және s анықтайды.

Ал электронды толқын деп қарасақ оның қозғалысын 3 параметрмен сипаттайды олар:

- толқын ұзындығы;

- бағыты;

- амплитудасы.

Электрондардың құрылысы

Атомдағы электрондар қозғалысының траекториясы белгісіз, кванттық механикада ядро маңындағы кеңістікте электрондар болу ықтималдығынэлектрондық бұлт, ядро маңындағы электронның болу ықтималдығы 90% жоғары кеңістікті орбиталь деп атайды.Мөлшері жуық орбитальдардан

электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады.

Периодтық жүйенің құпиясы - атомның күрделі құрылымын, оның сыртқы электрондық қауызының құрылысын, ядро айналасында электрондардың қозғалыс заңын ашқанда белгілі болды.

Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.

электрондық қабат

Электрондық қабат деп-бір энергетикалық деңгейдегі электрондардың жиынтығын айтады. Орбитальдар бір- бірінен өздерінің энергиялары, пішіндері және кеңістіктегі орналасу бағыттары арқылы ажыратылады және бұл жағдайлар электрон қасиеттерінің кванттық сипатын көрсетеді.

Электрон бұлттарының пішіндері

Сфера немесе шар тәрізді (S – электрон бұлты)

Гантель немеесе жартылай сегіздік (p – электрон бұлты)

Көлемдік сегіздік

(d – электрон бұлты)

s orbitals

p orbitals

d orbitals



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды