Период және топ бойынша қосылыстардың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру заңдылығы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1D Периодтылық | Мектеп: НИШ ФМН Тараз қ. | ||
Сабақтың № | |||
Сынып: 10 | |||
Сабақтың тақырыбы: | Период және топ бойынша қосылыстардың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру заңдылығы | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары | 10.2.1.3 элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеру заңдылығын түсіндіру 10.2.1.4 химиялық элемент және олардың периодтық жүйеде орналасуына байланысты қасиеттерінің өзгеруін болжау | ||
Сабақ мақсаттары | Период және топ бойынша элементтердің атом радиусы және металдық, бейметалдық қасиеттерінің өзгерісін қайталау Период топ бойынша элементтердің тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгерін сипаттау, өзгеру себебін түсіндіру 16 топ элементтерінің қасиеттерінің өзгеруін болжау | ||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатқа жетеді егер, Период топ бойынша элементтердің тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгерін сипаттау, өзгеру себебін түсіндіреді | ||
Тілдік мақсаттар | Элементтердің қасиеттерінің өзгерісін атом құрылысы тұрғысынан түсіндіре алады Пәндік лексика және терминология Периодтық кесте, элементтер, электрондар, сыртқы қабаты, сыртқы электрондар, құрылысы, топ Сұхбат/хат үшін фразалардың пайдалы топтамасы Атом радиуы ..........., тотықтырғыш/тотықсыздандырғыш қасиеттері............ Металдар тотықсыздандығыш, ........... | ||
Құндылықтарды дарыту | – Құрмет; – ынтымақтастық; – Ашықтық; | ||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||
Бастапқы білім | Атомдардағы электрондардың орналасуы (8.1А.) Металдардың белсенділік қатары (8.2.А) |
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтың іс-әрекеттері | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 0-5 мин | Ұйымдастыру сәті. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін презентацияда суреттер көрсетіледі. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты оқушылармен талқыланады. | Презентация | |||||||
6-15 мин 16-25 мин 26-38 мин | «Ой қозғау» Өткен сабақпен байланысы оқушылардан элементтердің қышқылдық, негіздік қасиеттердің қалай өзгеретіні сұрау. Қышқылдық негіздік қасиеттердің өзгеруі неге негізделетінін сұрау. Период және топ бойынша элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеруінің себебі неде? Атом радиусы период және топ бойынша қалай өзгереді? Оқушылармен осы сұрақтарды талқылап, жаңа сабаққа көшу. Атом радиусының өзгеруі тағы элементтердің қандай қасиетіне әсер етеді? Қайдай элементтер электрон беруге бейім келеді? (Металдар) Металдардың электрон беріп жіберуін немен түсіндіруге болады? (атом радиусымен) Электрон берген атом қандай бөлшекке айналып, қандай қасиет көрсетеді? (катион, тотықсыздандырғыш) Қандай элементтер тотықтырғыш бола алады? Ресурспен жұмыс. Жұптық жұмыс. Алдын-ала берілген кестеге оқушылар: а) период бойынша тотықтырғыш және бейметалдық; б) период бойынша тотықсыздандырғыш және металдық; в) топ бойынша тотықсыздандырғыш және металдық қасиеттерінің өзгеруін бағдарша арқылыкөрсетеді. Тақтада дұрыс нұсқасы көрсетіліп, жауаптарын салыстырып, өзін-өзі бағалайды. Мұғалім кері байланыс береді. (Барлық оқушылардың: период бойынша солдан оңға қарай элементтердің бейметалдық қасиеттерінің артатындығын олардың қосылыстарының қышққылдық қасиеті күшейетіндігін дұрыс түсінгеніне көз жеткізіңіз) Сабақ мақсатына қайта оралу | Қосымша 1 Презентация | |||||||
38-40 мин | Кері байланыс Қорытындылау | ||||||||
41-50 мин 51-65 мин 65-78 мин
| Оқушылар жеке тапсырмалар орындайды. Период және топ бойынша элемент қасиеттерінің өзерісін толтырады. Мұғалім жинап алып, тексеріп, кері байланыс береді. Оқушылардан алтыншы топ мысалында (оттек топшасы) келесі сұрақтарды талқылауды сұраңыз: - Топ бойынша атомның радиусы төменнен жоғары қарай қалай өзгереді? - Атом ядросына электрондар күшті немесе әлсіз тартыла ма? - - Атомның электрондарды беріп жіберу қабілетті арта ма, әлде кеми ме? - Қандай жағдайда элементтің металдық қасиеттері болады? Топ бойынша элементтердің атауларын атау. Сонымен қатар оқушылардан физикалық қсиеттерінің өзгерісін сұрау. Оқушылардан топ бойынша элементтер мен олардың қосылыстары химиялық қасиеттерінің заңдылықтарының өзгеруі ережесін құрастырып көруді сұраңыз. Сондай-ақ оқушылар период бойынша элементтердің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын дәптерлеріне жазып алулары тиіс. Оқушылар жұпта «Металдар патшасы» мен «Бейметалдар патшасын» анықтап, таңдау себебін түсіндіреді. Оқушылар сабақты бекітуге арналған тапсырмалар орындайды. Бағалау. Мұғалім тексеріп, кері байланыс береді. Мақсатқа қайта оралу. | Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||
79-80 мин | Кері байланыс Қорытындылау | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Барлығы: -Атом радиусының өзгерісін сипаттай алады Кейбіреулері: Элементтердің тотықтырғыш/тотықсыздандырғыш қасиеттерінің период және топ бойынша сипаттайды Бірнешеуі: Металдық/беййметалдық, тотықтырғыштық/тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгерісін атом құрылысы тұрсығынан өзгересінін болжайды | Мұғалімнің тапсырмаларды тексеру және оларды талқылау арқылы және оқушылар бірін-бірі бағалау арқылы жүзеге асады. | Белсенді іс-әрекеттер – топтық, жеке жұмысты жазбаша және ауызша орындау. | |||||||
Ой жүгірту Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? |
| ||||||||
Негізгі бағалау Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? 1: 2: Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? 1: 2: Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім? |
Қосымша 1
1. кестені толықтырыңыз.
№ | Топ нөмерлері | Сыртқы деңгейіндегі электрон саны | Топ бойыншааатом радиусының өзгеруі | Топ бойынша Металдық/бейметалдық қасиеттері | Тотықтырғыш/тотықсыздандырғыш қасиеттері | |||||||
|
|
| ||||||||||
|
|
Қосымша 3
2. Кестеде толтырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Элементтер | Энергетикалық деңгейлер саны | Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон сандары | Бейметалдық қасиеттің жоғарыдан төмен қалай өзгерісі | Тотықсыздандырғыш қасиеттерің жоғарыдан төмен қарай өзгерісі | |||
| |||||||
|
а. Энергетикалық деңдей санының өзгерісі арқылы нені сипаттауға болады?
.....................................................................................................................................................
b. Сыртқы деңгейдегі электрон сандар нені көрсетеді?
.....................................................................................................................................................
с Элементтердің топ бойынша тотықтырғыш қасиеттерін қалай өзгереді?
.................................................................................................................................
d. Тотықтырғыш қасиеттерінің өзгеруін атом құрылысы тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?
..................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?