Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі.

Атомның тотығу дәрежесі

Оқу мақсаттары

10.2.1.2 валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

10.2.3.1 заттың формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтау,

10.2.3.2 электрондық баланс әдісі арқылы тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты:

тотығу бұл сутегі мөлшерінің азаюы немесе оттегі мөлшерінің көбеюі екендігін білу;

тотықсыздану сутегі мөлшерінің артуы немесе оттегі мөлшерінің азаюы екендігін білу;

бұл үдерістердің өзара байланысты екендігін және әрқашан бір уақытта өтетіндігін түсіну;

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

- оттектің күшті тотықтырғыш екенін білсе

- сутектің тотықсыздандырғыш екендігін білсе

- егер бір атомдар электрон берсе, екінші бір атомдар сол электрондарды қабылдап алатындығын түсінсе(электрондар жоғалып кетпейді)

- тотығу бұл электрон беру екендігін , ал тотықсыздану электрон қабылдап алу екендігін түсінсе

Мына сурет туралы ой пікірлерің қандай?

Тотығу және тотығу реакциясының мәні

Проблемалық сұрақ

Өмірде, қоршаған ортада химияда қандай тотығу тотықсыздану реакциялары мен құбылыстарды білесіңдер? мысал келтіруге болады.

Атомды сипаттайтын ұғым- валенттілік.

Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілетін көрсетеді. Мысалы , сутек элементі басқа элементтермен мынандай қосылыстар түзеді;

Бейнефильм тотығу – тотықсыздану реакциялары:

https://twig-bilim.kz/film/redox-reactions-5737/

Валенттілік мәндері –элемент таңбасының үстіне не оң жағына жақша ішіне рим сандарымен көрсетіп беріледі. Көптеген элементтер өздерінің қосылыстарында өзгермейтін тұрақты валенттілік көрсетеді, ал айнымалы валенттілік көрсететін элементтерде бар. Мысалы; мыс, темір, хром, яғни d- элементтері т,б

Валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құрастыру алгоритмі, мысалы V валентті фосфор және оттек

Бинарлы қосылыстарын валенттілігін анықтау немесе валенттілігі бойынша формула құрастыру

Тотығу дәрежесі – қосылыстағы бір элемент атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.

AI2O3 , СаО – немесе хлордың валенттіктері I,III, V, VII болатын оттекті қосылыстарының формуласын құрастырыңдар.

Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді.Кез келген күрделі қосылыстағы әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF – да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі -1. Биэлементті қосылыстарда бірінші орынға электртерістілігі кіші және соған сәйкес оң тотығу дәрежелі элементтің таңбасы жазылады, мысалы металдар, сонан соң элетртерістілігі теріс және үлкен тотығу дәрежелі элементтің таңбасы жазылады.

Жай және күрделі заттардың тотығу дәрежелері

Мысалы, күкірттің тотығу дәрежелері -2, +4, +6 Н2S, SO2, SO3 ал, жай заттың тотығу дәрежесі 0- ге тең. Күрделі қосылыстың тотығу дәрежесін табу . күрделі қосылыстардағы барлық атомдардың тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы 0- ге тең.

Мысалы , H+1N+5O3-2 :

(+1)*1+(+5)*1+(-2)*3 = 0

[S+6O4 -2]2-; (+6)*1+(-2)*4 = -2

Тапсырма № 2 –күкірт қышқылындағы H2SO4 барлық атомдардың тотығу дәрежесін табыңдар?

Тапсырма № 3. Өз бетімен жұмыс

«Кім жылдам?» (қосымша №1)

Жұптық жұмыс

№1 Мына қосылыстарды қай элементтің тотығу дәрежесі нольге тең және басқалары қандай тотығу дәрежесін көрсетеді ?

H2S, N2, HJ,H2, NaF, Cl2, CaF2

№2 K2Cr2O7 қосылысындағы хромның тотығу дәрежесін есептеп шығар.

Тотығу тотықсыздану теңдеулерін құрастыру, электрондық баланс арқылы теңестіру.

Тотығу -тотықсыздану

Электрондар беру процесі – тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады.

Электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал беретіндері тотықсыздандырғыш болады.

ТТР екі реакциядан (жарты реакциялар): тотығу және тотықсыздану үрдістерінен тұрады.

Тотығу – атом немесе ионның электрон беруі,

Үй тапсырмасы

Реакция теңдеулерін электрондық әдіспен теңестіре біледі;

Реакция теңдеуін аяқтай алады;

Процестерді ажырата алады.

Тотығу –тотықсыздану реакциясы теңдеуін құрудың алгоритмі

Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтау.

Тотығу және тотықсыздану реакциясындағы реакция өнімін анықтау

Тотығу дәрежесі өзгерген элементтерге байланысты электронды баланс құрып соның көмегімен заттарға коэффициент қою.

Тотығу және тотықсыздану реакциясына қатысып тұрған басқа заттарға коэффициенттер қою.

Атом сандарын есептей отырып коэффициенттердің дұрыс қойылғандығын (көбіне сутекпен оттектің санына байланысты) теңдеудің сол және оң жағындағы дұрыстығын тексеру

Бейнефильм тотығу – тотықсыздану реакциялары:

https://twig-bilim.kz/film/redox-reactions-5737/

1.Тотығу реакцияларының пайдасы мен зиянын анықтаңыз.

https://twig-bilim.kz/film/oxidation-reactions-5743/

№1- кесте “Азоттың тотығу дәрежелері мен сәйкес қосылыстары”

Азот атомы қосылыстарында -3 –тен

+5 –ке дейінгі тотығу дәрежелерін көрсеткенімен валенттіліктерінің сан мәні тотығу дәреженің модулін қайталай алмайды.

Мысалы: аммиак молекуласында азоттың тотығу дәрежесі -3 және валенттілігі де III –ке тең.

Аммиак молекуласы кеңістікте тригоналды пирамида болып орналасқан . Молекула арасындағы байланыс бұрышы 107˚. Оның себебі молекуладағы ажырамаған электрон жұбының болуымен түсіндіріледі .

Аммиак

молекула-

сындағы азот атомында

2-ші энергетикалық деңгейдегі 2s2 электрондары жұптасқан күйде тұр. Азот атомы донор ретінде осы электрон жұбын бос ұяшығы бар акцепторға беру арқылы азот молекуласында 4-ші ковалентті байланыс (донорлы –акцепторлы д.а) түзе алады.

Аммоний ионындағы азот атомының тотығу дәрежесі -3, ал валенттілігі -IV

Сабақтың мақсаты мен критерийлеріне қайта айналып келіп, мына кері байланысты ұсынуға болады

Мен бүгінгі сабақта ----------------------түсіндім

Мен бүгінгі сабақта ----------------------үйрендім

Мен бүгінгі сабақ бойынша басқаларға көмектесе аламын ------------ ------------------------------

Мен бүгінгі сабақ бойынша сұрағым бар -------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?