Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1 D Периодтылық | Мектеп: ФМБ НЗМ Тараз қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Мұғалім: Садықова Ж.Ж. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың № | Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | - қышқыл-негіздік қасиеттер тұрғысынан жалпы заңдылықтарды Na – Ar элементтерін қолдана отырып түсіндіре алады; - химиялық элементтердің белсенділіктері мен қасиеттерінің период бойынша қалай өзгеретіндігін түсіндіре біледі
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс жасау барысында достық қарым-қатынас, коммуникативті қасиет дамиды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7.4А Атом құрылысы 7.2B Химиялық реакциядардың үлгілері 8.1A Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы 8.1B Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы 9.1С Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі Ой шақыру 0-5 мин 6- 10 мин | Ұйымдастыру сәті. Амандасу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу. «Миға шабуыл» Өткен сабаққа шолу сұрақтары Оқушылар алдыңғы жұмыстардан элементтер қасиеті туралы білімдерін қайталап, кестедегі физикалық және химиялық қасиеттер қалпын, ядроның тиімді заряды, экрандау және т.б. контексінде талқылайды. Сұрақтар:
Жеке жұмыс «Периодтық кесте» Оқушыларға ноутбук таратылады немесе периодтық кесте. Тапсырма №1 Оқушылар алдыңғы жұмыстардан элементтер қасиеті туралы білімдерін қайталап, кестедегі физикалық және химиялық қасиеттер қалпын, ядроның тиімді заряды, экрандау және т.б. контексінде талқылау жасайды. Кестедегі элементтер қасиеттерінің периодтылығын талдау мақсатында онлайн режимде элементтердің динамикалық периодтық кестеден, 3 – ші период элементтерінің сипаттамасын дәптерге жазады. Қосымша №1 Крийтерилер: 1. Элементтің периодты жүйедегі орны. а) реттік нөмірі; ә) периоды, қатары; б) тобы, топшасы; в) атомдық массасы; 2. Элементтің атомдық құрылысы. а) атом ядросының заряды; ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары); б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е); в) электрондық формуласы(1s2,2s….); г) кванттық ұяшықтар; д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл; | Презентация ПЖ динамикалық кестесі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мағынаны тану 11-21 мин 22-30 мин 34- 40 41- 50 51- 71 | Топтық жұмыс «Динамикалық кесте» Тапсырма 1: ПЖ динамикалық кестесінен элементтердің физикалық қасиеттерінің өзгеруін сипаттаңыздар Оқушыларға графикалық суреттер таратылаады. Кесте бойынша тұжырымдамалар айтылады. Қосымша 2
3. тапсырма. Элементтің жоғары валенттілік көрсететін оттекті қосылыстарының формуласын жазыңыздар:
Талқылау: Оқушылар таңдап алынған қасиеттер мәнін түсіндіріп, олардың периодтылығын қарастыруы керек. Қорытынды: оттекті қосылыстарда элементтердің тотығу дәрежелері артады. Көрсетілім Тәжірибе №1 «Элемент + оттек және су» Оқушылар жай заттардың химиялық белсенділігін көрсету үшін тәжірибе жасайды. Натрий , магний, алюминий, күкірт ұнтақтары берілген олардың сумен және оттекпен әрекеттесуін бақылап, қорытынды шығарыңыздар.
Жалпы қорытынды: Период бойынша солдан оңға қарай элементтер оттекпе әрекеттескенде солдан оңға қарай негіздік оксидтен екідайлы және қышқылдық оксидтер түзе отырып әрекеттеседі. Көрсетілім Тәжірибе №2 «оксид + су » оқушылар су мен осы элементтер оксидтерінің реакцияларын жүргізе отырып, осы кезеңде ерітінділердің pH мәндерінің заңдылықтарын білулері керек.
Талқылау. Жалпы қорытынды: 4. Химиялық қасиеті. а) оксидінің (негіздік,екідайлы, қышқылдық); ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы,қышқыл); Қорытынды: солдан оңға қарай период бойынша оксидтердің қышқылдық қасиеттері артады . 2 – сабақ 5. Элементті көрші элементпен салыстыру. а) период бойынша; ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды). Қосымша 3 Қорытынды тұжырымдамалар айтылады Топтық жұмыс Элементтер оксидтерінің физикалық қасиеттерін, байланыстыру түрлерінің контексінде оксидті ерітінділердің рН өзгерісін түсіндіру үшін топтық жұмыс жасайды Тәжірибе. Na-S оксидтерінің қышқыл және негіздермен реакцияларын жүргізіп, тексеріңіз.
Талқылау: Оқушылар кесте мәліметтеріне сәйкес топ бойынша төмен бағытта элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын анықтау және түсіндіру мақсатында жұмыс жасайды. Қорытынды: металл оксидтері қышқылмен әрекеттеседі, ал бейметалл оксдтері сілтімен әрекеттеседі, ал екідайлы оксидтер қышқылмен де сілтімен де әрекеттеседі. | Элементтердің динамикалық периодтық кестесі: мәндерді құру үшін Excel пайдаланып жасалған ұқсас кесте (ұсыным ретінде): http://www.science-class.net/Lessons/Chemistry/Periodic%20Table/Graphing%20Periodic%20Properties.pdf Натрий, магний, 3-ші периодтағы қарапайым заттар, (Na – S), су, оттек. http://alhimikov.net/electron/01.html http://www.rae.ru/monographs/18-446 3-период элементтерінің оксидтері, су, рН-метр немесе индикаторлар жинағы 3-период элементтерінің оксидтері, қышқыл мен негіз ерітінділері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бекіту сұрақтары 72 - 77 | Сыныппен жұмыс.
RH3, R2O, RO2, RH, RH4.
Қорытынды: Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде гидроксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады Үйге тапсырма: §59.(1-7). | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия. 78-80 мин | Сабақтың соңында қайсы оқушы алға қойылған мақсатқа жете алмағанын анықтап, алдағы уақытта сол оқушымен жеке жұмыс жасаудың бағытын анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлығы:
| Мұғалімнің практикалық жұмыстарды тексеруі және оқушылардың ауызша жауап беруін бағалауы. | Практикалық жұмыстарды жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Ой жүгірту Сабақ мақсаттары/ оқыту міндеттері шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сабақ үстіндегі ахуал қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциация жақсы жұмыс жасады ма? Таймингті ұстандым ба? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістеренгіздім және неге? |
| |
Негізгі бағалау Қандай екі зат өте жақсы өтті (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? 1: 2: Қандай екі зат сабақты одан да жақсы ете алатын еді (екеуінде қарастырыңыз, сабақ беруді де, оқытуды да)? 1: 2: Келесі сабақты жоспарлау үшін қолдана алатындай осы сабақта сынып немесе жеке тұлғалар туралы нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?