Периодтар мен топтардағы қосылыстардың қышқыл-негздік қасиетінің өзгеру заңдылығы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


«Растаймын» ____________________Ұзақ мерзімді жоспар

Бөлім: 10.1D Периодтық

Күні:

Сынып: 10

Мектеп: ХББ НЗМ, Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Жортарова А.А.,

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Периодтар мен топтардағы қосылыстардың қышқыл-негздік қасиетінің өзгеру заңдылығы.

Осы сабақта жететін оқудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтіме)

10.2.1.2 химиялық элементтердің периодтар және топтар бойынша оксидтердің, гидроксидтердің және сутектік қосылыстардың қышқыл-негіздік қасиетінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- периодтардағы химиялық элементтердің құрамының өзгерісі туралы білімді көрсетеді;

- топтардағы химиялық элементтердің өзгерісі туралы білімді көрсетеді;

- химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутектік қосылыстарының формулаларын құра алады.

Біршама оқушылар мүмкін:

- элементтер түзетін оксидтердің және гидроксидтердің құрамын анықтауы;

- химиялық элементтердің период және топ бойынша оксидтердің, гидроксидтердің қышқыл-негіздік қасиетінің өзгеру заңдылығын түсіндіруі.

Кейбір оқушылар мүмкін:

- химиялық элементтердің период және топ бойынша сутектік қосылыстардың қышқыл-негіздік қасиетінің өзгеру заңдылығын түсіндіруі.

Бағалау критерийі

- периодтардағы химиялық элементтердің құрамының өзгерісі туралы білімді көрсетеді;

- топтардағы химиялық элементтердің өзгерісі туралы білімді көрсетеді;

- химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутектік қосылыстарының формулаларын құра алады.

- элементтер түзетін оксидтердің және гидроксидтердің құрамын анықтауы;

- химиялық элементтердің период және топ бойынша оксидтердің, гидроксидтердің қышқыл-негіздік қасиетінің өзгеру заңдылығын түсіндіруі.

- химиялық элементтердің период және топ бойынша сутектік қосылыстардың қышқыл-негіздік қасиетінің өзгеру заңдылығын түсіндіруі.

Тілдік мақсаты

Пәндік лексика мен терминология

Периодтық, периодтылық, период, топ, тенденция, құрылу

Хат/диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы

Берілген диаграммада артықшылықтары/кемшіліктері ... болып табылады

Бұл нұсқа маған ұнайды, себебі…

Бұл қолданысқа ыңғайлы, себебі ...

Берілген жүйе түсінікті (соншалықты түсінікті), …қарағанда

Құндылықтарды енгізу

Ғылыми ойлауды қалыптастыру, оқылған тақырып бойынша ақпарат іздеу, химиялық термидер арқылы тілдңк мәдениеті, тақырыпқа қызығушылық туғызу, қоршаған ортамен мейірімді қарым-қатынас.

Пәнаралық байланыс

Биология, физика,жаратылыстану, география

Алдын ала білім

7,8,9 сынып курстарын білу

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған қызмет

Ресурстар

0-5 мин

Алдыңғы сабақ бойынша сұрақтар:

  • Периодтылық дегеніміз не?
  • Периодтылық қайда байқалады?
  • Период бойынша элементтердің қышқыл-негіздік қасиетті оксидтері/гидроксидтері қалай өзгереді?
  • Топ бойынша элементтердің қышқыл-негіздік қасиетті оксидтері/гидроксидтері қалай өзгереді?

Басы

5 – 20 мин

Ортасы

Тапсырма 1: Элементтердің қышқыл-негіздік қасиетті сутектік қосылыстарының өзгерісін кестеге толтырыңыз.

1 топ: 7 топтағы элементтердің сутектік қосылыстардың қышқыл-негіздік қасиетінің өзгерісі:

Галогендер

Атом радиусы

Ұшқыш сутектік қосылыстар

Сутектік қосылыстардың қышқыл-негіздік қасиеті

F

Cl

Br

I

At

Қорытынды

2 топ: 6 топтағы элементтердің сутектік қосыыстардың қышқыл-негіздік қасиетінің өзгерісі:

Оттек топшасы

Атом радиусы

Сутектік қосылыстар

Сутектік қосылыстардың қышқыл-негіздік қасиеті

О

Н2О (ж)

S

Se

Te

Po

Қорытынды

Сыныппен бірге екі кестедені талқылап, келесі қорытындыға келеміз: сутектік қосылыстардың қышқылдылығы топ бойынша жоғарыдан төменге қарай артады, ал негіздігі төмендейді.

Қосымша 1

Топтық жұмыс

https://www.youtube.com/watch?v=BbYuAOVKjNc

21 – 34 мин

3 қосымшадағы кестені талқылау:

1. Элемент, реттік номері

2. Ішкі энергиялық деңгейдің құрылуы

3. Атом радиусы, нм

4. Қатысты элетротерістілік

5. Жай заттың құрамы

6. Жоғары оксидтер мен гидроксидтердің қышқыл-негізді құрамы

7. Сутектік қосылыстардың газ түзуші сулы ерітінділерінң құрамы

Қосымша 3

35 – 37 мин

Диаграмма бойынша элементтердің периодтардағы және топтардағы қышқыл-негізді құрамын сыныпта талқылау:

38- 40 мин

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау.

Сабақтың басында қандай мақсат қойған едік, еске түсіріңіздер?

Қалай ойлайсыздар, мақсатымызға жеттік пе?

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздің техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

  • Химия ғылымы нені оқытатынын біледі және түсінеді.
  • Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін біледі және түсінеді.

Біршама оқушылар:

  • Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін біледі және түсінеді.

Кейбір оқушылар:

Кейбір реактивтермен жұмыс істеудің қауіптілігін түсінеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қол жетерлік болды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сыныпта қандай атмосфера орын алды? Менің тарапымнан жүргізілген дифференциация жүзеге асты ма? Уақытқа сыйды ма? Жоспардан қандай кемшіліктер және не себепті?

Осы бөлімді сабақ жайлы ойлауға пайдаланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз жайлы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып турал немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керк?

Қосымша 1

1)Бейметелдардың сутекпен бинарлы қосылыстары

Топтарда жоғарыдан төменге қарай (мысалы, HF-HCl-HBr-HI қатарында) теріс зарядталған аниондар оң зарядталған сутек иондарын әлсіз тартады (бейметалдардың иондарының радиусы артады, соған сәйкес байланыс ұзындығы артады). Осыған сәйкес сутек иондарының бөлшектену үрдісі және сутектік қосылыстардың қышқылдылығы артады.

Периодтарда солдан оңға бейметалдармен ұшқыш сутектік қосылыстардың қышқылдылығы сулы ерітнділерде күшейеді.

Метан қышқыл-негізділік көрсетпейді (және суда да ерімейді), амииак ерітіндісі суда сілтілік орта береді, су – бейтарап қосылыс, фторсутек ерітіндісі суда – әлсіз қышқыл.

2) Оттекті қышқылдар

Периодта оттекті қышқылдардың күші зарядтың өсуімен қышқыл түзуші элементтердің ион радиустарының азаюымен көбейеді:

Элементтердің бір топтың аясында қышқыл түзуші элементтердің радиустарының артуымен қышқылдыө күші азаяды:

Осы және басқа да элемен түшін диссоциация константасы әр түрлі қышқылдарда артады: егер қышқыл түзуші элементтің тотығу дәрежесі жобамен әр кезде 5 ретке артса.

Қосымша 3

Топ

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

1. Элемент, реттік номер

3Li

4Be

5B

6C

7N

8O

9F

10Ne

2. Ішкі энергетикалық деңгей құрылысы

2s1

2s2

2s22p1

2s22p2

2s22p3

2s22p4

2s22p5

2s22p6

3. Атом радиусы, нм

0,159

0,104

0,078

0,062

0,052

0,045

0,040

0,035

4. Қатысты элетротерістілік

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

-

5. Жай зат құрамы

Сілтілі металл

Металл

Бейметалл

Бейметалл

Бейметалл

Белсенд бейметалл

Өте белсенді бейметалл

Асыл газ

6. Жай заттың тотығу-тотықсыздану қасиеті

Күшті тотықсындандырғыш

Тотықсындандырғыш

Әлсіз тотықтырғыш

Әлсіз тотықтырғыш

Тотықтырғыш

Күшті тотықтырғыш

Өте күшті тотықтырғыш

Химиялық инертті

7. Жоғарғы оксидтер мен гидроксидтердің қышқыл-негізді қасиеті

+1

Li2O негіздік оксид

 

LiOH күшті негіз

+2

BeO амфотерлі оксид

 

Be(OH)2 амфотерлі гидроксид

+3

B2O3 қышқылдық оксид

 

H3BO3өте әлсіз қышқыл

+4

CO2 қышқылдық оксид

 

H2CO3әлсіз қышқыл

+5

N2O5қышқылдық оксид 

HNO3күшті қышқыл

-----

-----

-----

8. Сулы ерітінділердің газ түзуші сутектік қосылыстары қасиеті

---

---

---

СН4

немқұрайлы

NH3

негіздік

H2O

амфотерлі

HF

қышқылдық

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?