Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары. Химия, 10 сынып, презентация.
Психологиялық көңіл-күй: «Сәлеметсіз бе!»
Оқушылар жұпта қолдарының аттас саусақтарын бас бармақтарынан бастап келесі тілектерді айта отырып, кезекпен түйістіреді:
әрқашанда (бас бармақтарын түйістіреді)
барлығына (сұқ саусақ)
үлкен (ортаңғы саусақ)
жетістіктерге жетуіңді (шылдыр шүмек)
тілеймін (шынашақ);
Сәлеметсің бе! (алақандарын түйістіреді)
Сабақтың тақырыбы: Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
Оқу мақсаты
- химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар білуі керек
- атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі түсініктерінің анықтамаларын білу;
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау;
Көптеген оқушылар мынаны жасай алуы керек:
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру және салыстыру;
Кейбір оқушылар мынаны жасай алулары керек:
- қарастырылмаған элементтер атомдарының қасиеттерін болжау және түсіндіру, себеп-салдарлық қатынастарды орнату, қорытынды жасау, жалпыға ортақ түсінікті ажырату.
Күтілетін нәтижелер
- атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі түсініктеріне анықтамаларын береді;
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді және салыстырады;
Топтық жұмыс
Тапсырма.
1. Атомның бұл қасиетіне анықтама беріңіздер.
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының бұл қасиеті қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының бұл қасиеті қалай өзгереді? Неліктен?
Топтық жұмыс
1 топ: «Атомдардың радиусы, олардың химиялық элементтер жүйесінде периодты өзгеруі»
2 топ: «Иондану энергиясы және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
3 топ: «Электронтартқыштық және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
4 топ: «Электртерістілік және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
5 топ: «Топтар мен периодтарда атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтары»
Атом радиусы
АТОМ РАДИУСТАРЫ периодта СОЛДАН ОҢҒА қарай КЕМИДІ. Бұл, ядро заряды артқан сайын электрондардың ядроға күштірек тартылуымен түсіндірледі. Топта ЖОҒАРЫДАН ТӨМЕН қарай элементтердің АТОМ РАДИУСЫ АРТАДЫ, себебі толтырылған электрон қабатының саны артты. ,
Атомдық радиус – ядро центрі мен сыртқы (валенттік) электрондар арасындағы қашықтық.
Атом радиусы екі атом ядросының арасындағы қашықтықтың жартысына тең
Электртерістілік
Электртерістілік (ЭТ) – молекуладағы атомның байланысқан электрондар жұбын тарту қабілетін сипаттайтын шама. Электртерістілік атомның химиялық байланыстарды поляризациялауға қабілеттілігін сипаттайды.
Электртерістілікке әсер ететін факторлар
1. Ядра заряды
2. Атом радиусы
3. Экрандау эффектісі
Иондану энергиясы
Иондану энергиясы (І, кДж/моль немесе эв/моль) − газ тәріздес атомнан немесе ионнан бір электронды жұлып алуға жұмсалатын энергия. Атомнан жұлып алынған электрондардың санына байланысты бірінші, екінші және т.б. иондау энергиясын анықтауға болады.
Иондану энергиясы
Иондану энергиясына әсер ететін факторлар:
1. Ядра заряды
2. Атом радиусы
3. Экрандау эффектісі
Иондану энергиясы
Иондану энергиясына әсер ететін факторлар:
1. Ядра заряды
2. Атом радиусы
3. Экрандау эффектісі
Бор мен алюминийдің иондану энергиялары бериллий мен магнийден төмен болу себебі сыртқы қабаттағы 2p1 және 3p1 электрондары ядродан 2s2және 3s2 электрон жұбымен экрандалған (көлегейленген), сондықтан 2p1- және 3p1- электрондары ядроға әлсіз тартылады.
Сондай-ақ, тұрақты конфигурациясы бар атомдар (яғни толық толтырылған немесе жартылай толтырылған) жоғары иондану энергиясына ие.
Иондану энергиясы
Иондану энергиясына әсер ететін факторлар:
1. Ядра заряды
2. Атом радиусы
3. Экрандау эффектісі
Азот және фосфор атомдарының барлық 2р- және 3p-электрондары жұптаспаған, ал оттек және күкірт атомдарының 2р және 3p электрондарының екеуі жұптасқан. Бірдей деңгейшедегі жұптасқан электрондар арасында өзара аздаған тебілу болады. Бұл олардың ядроға тартылу күшін азайтады, сондықтан оттек пен күкірттің жұптасқан электрондарының біреуін жұлып алу үшін қажетті энергия азот пен фосфордың жұптаспаған электронын жұлып алу үшін қажетті энергияға қарағанда азырақ.
Электронтартқыштық
Атомның электронтартқыштық энергиясы немесе электронтартқыштық (ε) деп бейтарап газ тәріздес оқшауланған атомға бір электрон қосылғанда бөлінетін немесе сіңірілетін энергияны атайды
Атомның радиусы неғұрлым аз болса, соғұрлым оған электрон оңайырақ қосылады және соншалық көп энергия бөлінеді, демек, оның электронтартқыштығы жоғарырақ болады.
Ядроның заряды неғұрлым көп болса, соғұрлым электрондардың ядроға тартылуы көбірек болады. Яғни атомның ядра заряды артқан сайын электронтартқыштығы артады.
Электронтартқыштық
Алғашқы он химиялық элемент атомдарының электронтартқыштық мәні.
Периодта электронтартқыштықтың өзгеруінің біркелкі еместігі сыртқы қабаттағы толығымен және жартылай толтырылған деңгейшелердің салыстырмалы тұрақтылығына байланысты. Электронтартқыштықтың мәні ns2(Be, Mg, Са, Zn) және ns2np6(Ne, Ar, Kr) және жартылай толған р-деңгейшелері бар элементтер (N,P,As) үшін төмен мәнді
Бірақ, электронтартқыштықтың өзгеруінде біркелкілік жоқ.
Электронтартқыштық
Фтор мен оттектің электронтартқыштығы хлор және күкірттен төмен болу себебі, хлор және күкірттің үлкен 3p- орбитальдерімен салыстырғанда кішігірім 2p- орбиталындағы электрон-электрондардың тебілуі жоғары болуына байланысты.
Тотығу дәрежесі
Тотығу дәрежесі – бұл молекуладағы немесе кристалдағы атомның шартты заряды. Тотығу дәрежесін барлық полюсті байланыстарды иондық деп қарастырып, шартты түрде анықтайды.
Периодта:
a - жоғары оң тотығу дәрежесі +1 ден +8 дейін артады.b – төменгі тотығу дәрежесі - 4 тен -1 дейін артады.Топта:
a - жоғары оң тотығу дәрежесі тұрақты.b - төменгі тотығу дәрежесі өзгермейді және (8- n)-ге тең,мұндағы n - топ нөмірі (n = 4, 5, 6, 7 топтар).
Тест
Бағалау критерийі: - период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды
Дескрипторлар:
- бірінші иондану энергиясы ең жоғары элементті анықтайды;
-азот және оттек атомдарының радиусын салыстырады;
-қосылыстарында +4 тотығу дәрежесін көрсететін бейметалдарды анықтайды;
-электртерістілігі неғұрлым жоғары элементті анықтайды;
-элементтерді электронтартқыштығы кемуі бойынша орналастырады;
-күкірттікімен салыстырғанда атом радиустары кіші элементтерді теріп жазады.
Тест
Иондану энергиясының периодты өзгеру заңдылығына сүйене отырып, бірінші иондану энергиясы ең жоғары элементті анықтаңыз.
Фтор (F)
Азот (N)
Гелий (He)
2. Азоттың атом радиусы оттектің атом радиусынан үлкен.
Дұрыс
Бұрыс
Тест
3. Қосылыстарында +4 тотығу дәрежесін көрсете алатын бейметалдар:
хлор және бор
көміртек және кремний
фтор және оттек
кремний және бериллий
4. Қай элементтің электртерістілігі жоғары:
күкірттің (S) әлде селеннің (Sе)?
Тест
5. Келесі элементтерді электронтартқыштығы кемуі бойынша орналастырыңыз: фтор (F), фосфор (P), күкірт(S), бор (B) __________________________________
6. Атом радиусы күкірттің атом радиусынан кіші атомдарды теріп жазыңыз __________.
A. Оттек (O)
B. Хлор (Cl)
C. Кальций (Ca)
D. Литий (Li)
E. Ешқайсысы
Күтілетін нәтижелер
- атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі түсініктеріне анықтамаларын береді;
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттайды
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді және салыстырады;
Рефлексия
Шығу билеті.
Әрқайсыңыз стикерге жазып, есікке жапсырыңыз.
Мен түсіндім.................
Мен орындай аламын ................
Мен түсінбедім .................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды