Элементтердің период және топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары . Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 10.1D Периодтылық | Мектеп: НИШ Тараз | ||||||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||||||
Сынып 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Элементтердің период және топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары | ||||||||||||
Оқыту мақсаты | 10.2.1.1 химиялық элементтер атомдары қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электртерістілік және тотығу дәрежесі; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: s, p,d және f блока элементтерін ажырата біледіАуфбау (Aufbau) принципіне сүйене отырып, электрондық конфигурация құрады Оқушылардың көбі:
Кейбір оқушылар: Элементтің құрылысына қарай қасиеттерін болжайды | ||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар қасиеттердің период бойынша өзгеруне сипаттама беру барысында ғылыми тілді қолданады Пәнге қатысты лексика мен терминология Период, топ, периодтылық, тренд, иондану энергиясы, электртерістілік, электрөткізгіштік Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Бұл диограмманың маңызы (кемшілігі) мынада … Элементтің мынадай қасиеттерін болжауға болады... Солдан оңға қарай қасиеттердің өзгерісі ... Жоғарыдан төмен қасиеттердің өзгерісі ... | ||||||||||||
Бастапқы білім | Атом құрылысы Электртерістілік Металдардың белсенділігі | ||||||||||||
Құндылық тарды дарыту | Коллаборация, өзін өзі оқыту, көп тілділік (кейбір тапсырмалардың құрастырылуы ағылшы тілін үйреніп, сол тілде түсіндіруді қажет етеді | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера орнату Нәтижелі жұмысқа бағдар Сабақ тақырыбын таныстыру Оқыту және сабақ мақсаттарымен таныстыру | Презентация | |||||||||||
Мағынаны тану 7 мин 15 мин 5 мин 5 мин 25 мин 15 мин | Активити 1 : ҚАЙТАЛАУ: ЭЛЕКТРОНДЫ КОНФИГУРАЦИЯ
СЫНЫППЕН ЖҰМЫС/ТАНЫСУ /ТАЛҚЫЛАУ/ ТҮСІНДІРУ
Активити 2: s, p, d және f блоктарын қарастыру
Активти 3 Периодтық кесте туралы қызықты және маңызды мәліметтерді талқылау
«Периодтық заң» дегеніміз не, тұжырымдамасы қандай? Металдық/бейметалдық қасиеттер кестеде қалай өзгереді? Электртерістілік кестеде қалай өзгереді? және т.б Бағалау: мұғалім жұмыстарына ауызша кері байланыс береді, қажеттілік туындаған жағдайда көмек көрсетеді. Оқушылар бірін – бірі бағалау. Мұғалім түсіндірмесі: Ауфбау(Aufbau) принципінің тұжырымы Жеке жұмыс: Оқушыларға өз бетімен орындауға тапсырмалар беріледі (оқушылардың өз болжамдары)
Дифференциация: алғыр оқушылар периодтар мен топта қасиеттердің өзгеруін синтездейді Жеке жұмыстан соң, тақырып бойынша негізгі ұғымдар бойынша сыныппен талқылау жұмыстары орындалады Активити 3. Элементтерді салыстырады. Жұптық жұмыс: Атом радиусы, ионның радиусы, иондану энергиясы Оқушыларға жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша қысқа жауап қажет ететін тапсырмалар таратылады. 1. АТОМ РАДИУСЫ 1. Берілген атомның қайсысы үлкен: Na немесе Mg?_________ 2. Берілген атомдардың қайсысы үлкен : Na немесе K?__________ 2. ИОН РАДИУСЫ 1. Қайсысы үлкен: Na или Na+?___________ 2. Қайсысы үлкен: Cl или Cl-?____________ 3. 3 периодта орналасқан ең үлкен катионды көрсетіңіз__________ 4. 3 периодта орналасқан ең кіші анионды көрсетіңіз__________ ИОНДАНУ ЭНЕРГИЯСЫ 1. Қай атомда иондану энергиясының мәні үлкен(IE) : Na немесе Mg?___________ 2. Қай атомда иондану энергиясының мәні үлкен (IE) : Mg немесе Al?___________ 3. Қай атомда иондану энергиясының мәні кіші (IE): S немесе P ?__________ (дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі, презентацияда жазылған жауаптарын талқылау)
Бағалау:мұғалімнің кері байланысы, оқушылардың өзін – өзі бағалауы Активити 4. ЖЕКЕ ЖҰМЫС : тотығу дәрежесін табу Төменде берілген реакция теңдеулердегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін көрстіңіз Hg + S→HgS3H2O + P2O5 →2 H3PO4CuSO4 +2NaOH→ Na2SO4 + Cu(OH)2Fe +2HCl → FeCl2 + H22Al(OH)3 → Al2O3 + 3H2O Активити 5 Жұптық жұмыс: Азот элементінің тотығу дәрежесін анықтаңыз. NH3 , N2 ,NO, Li3N , Mg3N2 Келесі жұпқа жұмыстарын беріп, бірін –бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қарап шығады және кері байланыс береді. Жұмыстың дұрыс | Презентация Жұмыс парағы Презентация Жұмыс парағы Презентация Тапсырма 1. Тапсырма 2 Жұмыс парағы | |||||||||||
Рефлексия 5 мин | Сабақ мақсатына қайта оралу Активти 5. «Комплимент» жасау арқылы оқушылардың сабақта қандай сұрақтар туындағанын және қандай тапсырмаларды жеңіл орындағандарын ортаға салады. Барлық оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Бір – бірлеріне допты лақтыру арқылы өз ұсыныстары мен тілектерін білдіреді.(сабаққа қатысты) Оқушылар сабаққа жазбаша түрде кері байланыс береді
| ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Үлгермеуші оқушыларға тапсырма орындау үшін қосымша кестелер, графикалық ақпараттар Тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар интернет ресурстарын қолданып тақырып бойынша қосымша ақпараттар алады | Оқушылар тақырыпты талқылау барысында өздерін бағалайды Мұғалім оқушылардың жауаптарының жетістік критериіне сай келуін бақылайды Оқушылар электрондық конфигурацияны Ауфбау принципі арқылы жаза отырып, толық түсінік береді Оқушылар период және топ бойынша қасиеттердің өзгеруіне :қайнау және балқу нүктелері, атом радиусы, иондану энергиясы, белсенділігі және т.б. дұрыс түсінік бере алады | Оқушылар ТОҚ қолданып интернет ресурстарына сүйенеді | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?