Кристалл торлары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кристалл торлары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • әртүрлі кристалл торларына ие қосылыстардың қасиеттерін болжау

Сабақ мақсаттары

Кристалл торларының түрлерін және ондағы байланыстарды анықтау;

Кристалл торларына тән қасиеттерді болжайды және түсіндіру;

Кристалл торларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау.

Бағалау критерийлері

  • кристалл торларының түрлерін анықтайды;
  • кристалл торларына тән қасиеттерді болжайды және түсіндіреді;
  • кристалл торлары арасындағы ерекшеліктерді көрсетеді және ұқсастықтарды белгілейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Оқушылар кристалл торларының қасиеттері мен ондағы ерекшеліктерді сипаттай біледі, ғылыми академиялық тілмен өзіндік анықтама береді.

Пәнгеқатысты лексика мен терминология:

Металдық, иондық, ковалентті, делокализацияланған электрондар, электр өткізгіштік, тетраэдр, гигантты, торлар, тор түйіндері

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

..................... тор болатын қосылыстар ..................қасиет көрсетеді, себебі....................

Қосылыстарда ......................... тор болғандықтан, балқу және қайнау температурасы жоғары.

Құндылықтарды

дарыту

Құрмет. Диалогтық оқыту барысында жүзеге асады.

Өмір бойы білім алу. Оқушылар оқу үдерісі барысында өздеріне керекті білм алу және өңдеу дағдыларын меңгереді.

 Пәнаралық байланыстар

Физика. Электрөткізгіштік/электролиттер/бейэлектролиттер

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

9 сынып. Кристалл торларының түрлері

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу. Оқушылармен келесі сұрақты талқылау арқылы оқу мақсатына қарай жетелеу:

Қандай заттарды электр желісі ретінде қолдануға болады?

Не себепті?

Оқушылар өздерінің 9-сыныптағы білімдерін еске түсіреді. Оқушыларға заттағы кристалл торларына қатысты/ассоциацияланатын сөздер тізбегін жазуды сұрау.

Оқушылармен бірге әрбір терминді талқылау және мәні-мағынасын айқындау.

Мысалы: делокализацияланған электрондар, металдық тор, иондар, ковалентті байланыс, макромолекула/гигантты молекула

Powerpoint

Сабақ ортасы

30 минут

(G) Оқушыларға келесі торлардың суреттері тапсырылады:

Осы суреттерге қарап, оқушылар келесі критерийлер бойынша талдау керек:

  • кристалл торының түйіндерінде қандай бөлшек орналасқан?
  • атом немесе иондарының арасында қандай байланыс бар?
  • Электрөткізгіштігі қандай болуы мүмкін?
  • Балқу және қайнау температурасы болуы мүмкін?
  • Осындай кристалл торларына қандай заттарды жатқызуға болады?

Оқушылар өз жауаптарын талқылап, топ бойынша ортақ жауап береді.

Бағалау түрі - өзін-өзі бағалау.

Мұғалім өз кезегінде дұрыс жауапты көрсетіп, өзін-өзі тексеруге ұсыныс білдіреді. Өз жұмысындағы жіберген қателіктер бойынша оқушымен кішігірім талқылау жасауға болады.

  • Жеке жұмыс/ CLIL стратегиясы

Оқушыларға келесі тапсырманы орындауға ұсынылады. Оқушылар терминдерге қазақ тілінде түсініктеме беріледі. Ең маңызды терминдердің астын сызып, бөлек жазып қоюларына болады.

Бағалау. Өзара бағалау.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. 

Оқушылар оқу мақсаттарына қаншалықты жеткендігі туралы ауызша қысқа сұрақтар көмегімен анықтауға болады.

Үй тапсырмасы.

Кристалл тортарының біреуі туралы толық сипатама беретін кішігірім ғылыми эссе жазу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Кристалл торларының түрлерінің қасиеттерін және айырмашылығын біледі.

Көптеген оқушылар: Кристалл торларына байланысты қасиеттерді нақты болжай алады.

Кейбір оқушылар:

Кристалл торларына байланысты ерекше қасиеттер мен анықтамалер ұсынады. Мысалы: физика сабағындағы сабақтарымен терең байланыстырады.

Бақылау;

Өзін-өзі бағалау;

Өзара бағалау;

Ауызша сұрақтар

Химия кабинетінің қауіпсіздік ережесі сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?