Электронды жұптардың тебісу теориясы Валенттік жұп электрондардың тебісуі және молекула пішіні. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Химия» ӘБ жетекшісі

Галюстян А.А. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2B

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Бердібайқызы Ә.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электронды жұптардың тебісу теориясы

Валенттік жұп электрондардың тебісуі және молекула пішіні

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

-молекула пішінін болжау үшін, валентті қабықшадағы электрондық жұптардың (VSEPR) тебісу теориясын қолдана білу

- молекула пішінінің моделін құра білу

- периодтық кестенің тарихи және қазіргі заманғы әйгілі формаларын білу

-қазіргі заманғы периодтық жүйенің құрылымын түсіну үшін Ауфбау (Клечковский) ережесін қолдана білу

- s, p, d және f блоктарынының мағынасын түсіну

- периодтық кестені пайдаланып кез-келген элементтің электронды конфигурациясын айта және сипаттай алу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар молекула пішінін болжау үшін, валентті қабықшадағы электрондық жұптардың (VSEPR) тебісу теориясын қолдана біледі, молекула пішінінің моделін құрады

периодтық кестенің тарихи және қазіргі заманғы әйгілі формаларын біледі, қазіргі заманғы периодтық жүйенің құрылымын түсіну үшін Ауфбау (Клечковский) ережесін қолданады, s, p, d және f блоктарынының мағынасын түсінеді.

 Бағалау критерийлері

төрт молекуланы дұрыс бейнелейді (80%).3Д пішінді көрсетеді. Малекуланың пішініне байланыс бұрышына тәуелді болады. Электрондық конфигурация үлгілеріне тән Ауфбау қағидатын қолдана отырып, жақсы ұйымдастырылған түсіндірмелерді көрсете алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Жазбаша немесе ауызша түрде өздерінің зерттеулеріне негізделіп элементтердің периодтық жүйесінің түрлі нұсқаларын салыстыру.

Пәнге тән лексика мен терминология:

периодты, периодтылық, кезең, топ, өзгеру заңдылығы, құру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Құндылықтарды

  дарыту

Ынтымақтастық пен жұмыс жасау және өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика,

 АКТ қолдану

Презентаци және сайттар бойынша тапсырма орындайды.

Бастапқы білім

7-10 сынып аралықтарындағы химия курсында қарастырылған дағдылар, білімдер мен түсініктер қолданылады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларға периодтық жүйедегі элементтер туралы білімді қайталау : сұрақтар қою: электртерістік, оның период бойынша өзгерісі, себебі, ЭТ топ бойынша өзгерісі, себебі, Химиялық байланысқа әсері қалай болады деп ойлайсыз?

Периодтық жүйе

https://www.youtube.com/watch?v=e99iaUKsucc

Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты беріледі. Жетістік критерийлер қойылады.

Оқушылар донорлы акцепторлы байланысты қайталайды, байланыстың бірнеше мысалын нүктеле мен айқыштар бойынша көрсетеді.

Семиполярлі байланысты ажыратады.

Оқушыларға PowerPoint (немесе қағаз парағы) слайдында жазылған бес молекулалақ формулдарды таратыңыз. Оқушылардан молекуладағы байланыс бұрышын сонымен қатар молекуланың үшөлшемді пішінін көрсетіп (3D) схеманы бейнелеу және болжау үшін байланыстар арасындағы бұрыш туралы өздерінің түсінктері мен білімдерін қолдануларын сұраңыз.

Оқушылар элементтердің периодтық жүйесінің түрлі пішіндерін зерттейді. Содан кейін оқушылар бір кестені таңдап, оның дамуын сипаттап немесе оның құрылуының әлсіз және күшті жақтарын көрсетіп, оны басқа формалармен салыстырулары керек.

Оқушыларға Клечковский ережесін көрсету керек және олар қосалқы деңгейлердің толтырылуының периодтық жүйе формасына қалай әсер ететіндігін меңгерулері керек.

Оқушылар кестенің әр бөлігінде қандай деңгейше толтырылғандығын түсіндірулері, содан кейін кестенің бөлімтық орналасуына түсіндірме берулері керек.

Түрлі мысалдар көмегімен оқушылар кесте элементтерінің толық электрондық конфигурациясын оқулары керек.

Әр оқушы өз таңдауы бойынша бес элемен таңдайды.

http://chemed.chem.purdue.edu/genchem/topicreview/bp/ch8/vsepr.html

http://wiki.chemeddl.org/mediawiki/index.php/Collections:Texts:Chemistry:7.2_The_Shapes_of_Molecules

http://him.1september.ru/article.php?ID=200301404

Құру диаграммасын мына сілтеме бойынша табуға болады:

http://en.wikipedia.org/wiki/Aufbau_principle

немесе:

http://chem-guide.blogspot.co.uk/2010/04/aufbau-principle-and-bohr-bury-rule.html

(бұл жерде берілген түсініктемелерді пайдаланыңыз)

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үй тапсырма : тақырыпты берілген сайттар арқылы оқу және қайталау.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмалар орташа деңгейде беріледі және осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өздерінің білім деңгейін біледі, тез аяқтаған оқушыларға қосымша күрделі есептер беріледі,

Оқушылар мақсатқа сай практикалық жұмыс жасап, есептеу жүргізеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?