10.1.4.4 Атом орбитальдарының гибридтену түрлері. 10.1.4.5 Заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыс. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


 Орталық атомның $-байланыстар түзуге жұмсайтын орбитальдарының типі және молекулалардың геометриялық пішіні

 Координациялық сан

 2

 3

 4

 5

 6

 7

 Орталық атомның орбитальдарының типі

 sp, p2

 sp2, p3

 sp3, sp2d x2-y2

 sp3dz2

 sp3d2

 sp3d3

 Молекуланың геометриялық пішіні

 Сызықты, Бұрышты

 Жазық үшбұрышты, Үшбұрышты пирамида

 Тэтраэдр, Квадрат

 Үшбұрышты, бипирамида

 Октаэдр

 Бесбұрышты бипирамида

 Валенттік бұрыштың теориялық мәні

 180°, 90°

 120°, 90°

 109°28, 90°

 180°, 90°, 120°

 90°

 90°, 180°, 72°

 Мысалдар

 BeF2, H2S

 BF3, GaJ3, AsH3, PCl3

 SiF4, CH4, XeF4

 PF5, PCl5

 SF6

 JF7

 

 

 

 

 Орталық атомның гибридтелген таза р3- және р2- орбитальдары қатысқанда түзілетін АВ3 және АВ7 молекулаларының құрылысындағы кейбір ерекшеліктерге тоқталайық. V топтың негізгі топшасындағы элементтердің валенттік қабатында үш жалқы электрон бар. Демек, бұл элементтер үшкоординациялы қосылыстар түзуге таза р3-орбитальдарын пайдаланып, пирамидалы молекула түзеді. Пирамидалы АВ3 молекуласындағы валенттік ВАВ бұрышының теориялық мәні - 90° демек, NH3, РН3, AsH3, SbH3 сияқты үшкоординациялы молекулалардағы НЭН бұрышының мәні 90° болу керек, ал валенттік бұрыштың тәжірибеде байқалатын мәндері төменде көрсетілгендей:

 NH3

 РН3

 AsH3

 SbH3

 107,3°

 93,3°

 91,8°

 91,3°

 

 

 

 

 

 

 Сонымен екінші периодта орналасқан азот пен оттек өздерінің ұқсастары сияқты байланыс түзуге таза р3- және р2-орбитальдар емес, көміртек сияқты sр3 -гибридті орбитальдарды пайдаланады. Сол себептен NH3 пен ОН2 молекулалары СН4 молекуласыныкіне ұқсас болады.

 Бірақ метан молекуласында тетраэдрдің төрт төбесінің төртеуінде де сутек атомдары орналасқан, ал NH3 пен ОН2 молекулаларында бір және екі төбелеріне пайдаланылмаған электрондық жұптар орналасқан. СН4, NH3 және ОН2 молекулаларының барлығында да 8р3-гибридті орбиталь пайдаланылатындықтан, бұл молекулалардағы валенттік бұрыш 109,5° болу керек. Бірақ іс жүзінде СН4 - NH, - ОН2 қатары бойынша валенттік бұрыштың мәні 109,5°-тан 104,5°-қа дейін төмендейді. Бұл былай түсіндіріледі: С - N - О қатары бойынша 2s- және 2р-орбитальдарының энергияларындағы айырмашылық ұлғаяды да, 2s-орбитальдардың гибридтенуге қосатын үлесі азаяды. Осының салдарынан валенттік бұрыш тетраэдрлік мәннен кішірейеді

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?