Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Мұғалім:

Тақырыбы:

Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу»

Сабақ кезеңдері

Сынып:

Өткізілу уақыты:

Оқу мақсаты:

10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу;

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

-сабақ тақырыбын болжай біледі;

- өнімнің теориялық және практикалық шығымын есептей алады;

- атом тиімділігн есептей алады;

-өз есептеуіне сәйкес өнімді алуда тиімді жағдай ұсынады;

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Химиялық терминдерді қолдана отырып, нақты ғылыми ұғымдарды талқылайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өнім шығымы, атом тиімділігі, теориялық және практикалық өнім, дәлділік, шынайы/сенімсіз, шынайылық, қателік (қателіктер)

Құндылықтарды дамыту:

-Оқушылар жұпта ынтымақтастықта жұмыс жасайды

-Дескрипторлар арқылы өзін өзін академиялық адал бағалайды

-Білімдерін тереңдете отырып, өмір бойы білім алады

Алдынғы білім:

7.3С Салыстырмалы атомдық масса. Қарапайым формулалар

8.2А Зат мөлшері

8.2В Стехиометриялық есептер

Пән аралық байланыс:

Физика,математика

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-4 мин

Сабақ ортасы

6-12 мин

13-23 мин

24- 32 мин

33 – 40мин

Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.

Оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатында мұғалім күрделі сұрақ қояды:

Сіздерге мысты алудың екі химиялық реакциясы берілген. Қай реакцияда өнімнің шығымы жоғарырақ болады?

Мұғалім ой шақыру арқылы оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және мақсатын ашады.

(М) Мұғалім презентация слайдтарын көрсете отырып,

жоғарыда айтылған мысты алу реакциялары мысалында, оқушыларға атом тиімділігі мағынасын түсіндіреді.

(Э) Практикалық жұмыста мұғалім оқушыларға берілген реагенттермен кез-келген жолмен кез-келген тұз алуды ұсынады. Қорытындысында оқушылар теориялық және практикалық шығымын есептеп, айырмашылығын айту керек.

Мұғалім презентация слайдтарын көрсете отырып,өнімнің теориялық және практикалық шығымын есептеу алгоритімін түсіндіреді.

(Т) Оқушыларға орындауға келесі тапсырмалар беріледі

1. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)?

2. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%)?

3. 3. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75 болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль) қандай?

(Ө) Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды

1. 20кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.

2. 4,1 г кальций хлоридінің ерітіндісіне, 4,2 г натрий фосфаты ерітіндісін құйды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңіз, егер өнім шығымы 88%-ға тең болса.

3.Құрамында 10% қоспасы бар 64,7 г мырыш сульфидін тотықтырғанда, 12 л газ бөлінді. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің көлемдік шығымын есептеңіз.

4.228 г 20%-дық күкірт қышқылымен мырыштың біраз мөлшерін әрекеттестіріп, 8 л газ алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің көлемдік шығымын есептеңіз.

Презентация

Практикалық жұмысты орындаудың жұмыс барысы

Құрал-жабдықтар:

Күкірт қышқылының, тұз қышқылының, ортофосфор қышқылының, барий (ІІ) гидроксиді және хлоридінің, күміс нитратының, натрий сульфиді және фосфатының, қорғасын (ІІ) нитратының ерітінділері

Презентация

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?