Реакция бойынша есептеулер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
ӘБ жетекшісінің АЖТ _____________________ (қолы) _______
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Пән:химия | Мұғалімнің аты-жөні: Альжанов Б.С. | ||||||||||||
Дата: | Класс:10 | Оқушы саны: | |||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | 10.1B Стехиометрия | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Реакция бойынша есептеулер. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Қарапайым химиялық реакциялар Химияның бастапқы түсініктері Зат мөлшері | ||||||||||||
Оқыту мақсаттары | 10.2.2.2 заттардың белгілі (массасы, көлемі және бөлшек саны) бойынша зат мөлшерін есептеу, егер заттардың біреуі артық мөлшерде немесе қоспасы болса. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | -оқушыларды бөлшек санымен таныстыру. -оқушыларды масса, көлем және бөлшек саны арасындағы байланысты түсіндіру. -оқушыларды көлем, бөлшек саны мен массаны реакция теңдеулерінде пайдалануды үйрету. -оқушыларға егер заттың біреуі артық мөлшерде болған жағдайда есептеулер жүргізуді түсіндіру. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | -оқушылар бөлшек санын біледі. -оқушылар масса, көлем және бөлшек саны арасындағы байланысын түсінеді. -оқушыларды көлем, бөлшек саны мен массаны реакция теңдеулерінде пайдалануды үйренеді. -оқушылар егер заттың біреуі артық мөлшерде болған жағдайда есептеулер жүргізеді. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Масса, көлем, қалыпты жағдай, бөлшек саны, Авогадро саны. Реагенттер/сол жақтағы коэффициенттер/моль саны...............тең Өнім/оң жақтағы коэффициенттер/моль саны...............тең Х массасының сақталу заңына бағынатын теңдеу | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||||
Дифференциация | Барлық оқушылар: масса, көлем және бөлшек саны арасындағы байланысын түсінеді. Оқушылардың көбісі: Авогадро санын есептеу жолын түсіндіреді. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушыларға презентацияны PowerPoint және де оның мүмкіндіктерін көре алады. | ||||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | 1.Бөлмені желдету. 2Қауіпсіздік ережесін сақтайды. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-4 минут 4-6 минут | Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу. Сыныпта ынтымақтастық орнату. Класпен жұмыс. https://www.youtube.com/watch?v=TEl4jeETVmg видеосын қарау. Видеоны талқылау. Авогадро санының қаншалықты үлкен сан екенін сұрау. Оқушылардан бөлшек санын қалай санауға болатыны сұраңыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. | Слайд 1-2 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 6-8 минут
8-16 минут 16-22 минут 22-25 минут 25-37 минут | Оқушыларға Авогадро санын түсіндіру. Авогадро тұрақтысы, Авогадро саны — заттың 1 моліндегі құрылымдық элементтер (атом, молекула, ион, т. б. бөлшектер) саны; NA түрінде белгіленеді. Италия ғалымы Амадео Авогадроның (1776—1856) есімімен аталған. Авогадро тұрақтысының анықталған дәл мәні NA = 6,022 141 79×1023 моль−1. Оқушыларды 3 топқа бөлу. 1-топқа: Авогадро саны мен зат мөлшерін байланыстыратын есепті ойлап табу. 2-топқа: Авогадро саны мен зат массасын байланыстыратын есепті ойлап табу. 3-топқа: Авогадро саны мен зат көлемін(заттың көлемі тек қалыпты жағдайда және газдарға қатысты есептелетінін есте сақтаңыз) байланыстыратын есепті ойлап табу. Оқушыларға 8 минут беріледі. Топтар өзінің есептерін қалған топтарға ұсынады. Топтарға 3 минуттан есептерді шығаруға беріледі. Топтар бір бірін бағалайды. 245 грамм күкірт қышқылымен 115грамм натрий әрекеттескен кезде пайда болған жағдайда, қандай көлем сутек бөлінеді? Мысалға алып, реагенттердің біреуі артық мөлшерде болған жағдайда есептерді көрсетіңіз. Тапсырма 1 56л оттек 714 грамм азотпен әрекеттескенде пайда болған аммиактың көлемін есептеңіз. Тапсырма 2 2,5 моль көмірқышқыл газы сөндірілмеген 196 грамм сөндірілмеген әкпен әрекеттескенде пайда болған әктің массасын табыңыз. Тапсырма 3 67,5 алюминий 343 грамм күкірт қышқылы әрекеттескенде пайда болған тұздың молекула санын табыңыз. Тапсырма 4 7 грамм сумен 44,8л оттек әрекеттескен кезде, қандай газ артық қалады және қанша грамм? | Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5 | |||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут |
| Слайд 6 | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?