Реакция теңдеулері бойынша есептеулер . Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер

10.1B Стехиометрия

Сабақ мақсаты:

қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізу;

Бағалау критерийлері

қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептер шығарады

Молярлық  концентрация   1000мл (1л)  ерітіндіде еріген  заттың қанша мөлшері болатындығын   көрсетеді.

C= ν/ V; С = m / V ·М

Қалыпты жағдайда (1 атм. қысым, t = 0°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 22,4 литрге тең болады. Осы тұрақты сан молярлық көлем деп аталып, Vm (л/моль) деп белгіленеді.

ν=V/ Vм ; V = Vm×  ν

Стандартты жағдайда (1 атм. қысым, t = 25°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 24 литрге тең болады.

Тапсырма №1

А – деңгей.

Зат мөлшері 4 моль сутегі газы қалыпты жағдайда қандай көлем алады? Есептеңіз

Көлемі 2л сутек хлормен (қ.ж.) әрекеттескенде түзілетін хлорсутектің көлемін табыңдар.

В – деңгей.

Көлемі 200мл және құрамында 0,4 моль болатын ерітіндінің мольдік концентрациясы.

Зат мөлшері 5моль және мольдік концентрациясы 2М болатын ерітіндінің көлемі

С –деңгей.

Массасы 128 г күкірт (IV)оксидінің зат мөлшерін және оның стандартты жағдайдағы көлемін есепте?

2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2

Реакция теңдеуін пайдаланып алюминий мен күкірт қышқылының массасын, сутектің көлемін (қ.ж.)есептеу керек.

Дескриптор:

Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін есептейді

Газдың стандартты жағдайдағы көлемін есептейді

Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.

Тапсырма №2

Жауабы:

1-d

2-c

3-b

4-a

Тапсырма №3

І – топ: Мыс купоросынан концентрациясы 0,1 моль/л , көлемі 500мл мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайында.

ІІ – топ: 0,4М 100мл глюкоза ерітіндісін даярлау қажет.

ІІІ – топ: 200мл ерітіндіде 20г NаОН бар. Сілті ерітіндісінің молярлық концентрациясын анықтаңдар.

Дескриптор:

Оқушылар берілген молярлық концентрациямен ерітінділер дайындап және осы ерітінділердің нақты концентрацияларын есептейді

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

№1 тапсырма.

Көлемі 400 мл және құрамында 0,8 моль болатын ерітіндінің мольдік концентрациясы?

Зат мөлшері 5моль және мольдік концентрациясы 2М болатын ерітіндінің көлемі?

№3 тапсырма

Көлемі 200мл ерітіндіде массасы 11,2г калий гидроксиді бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясы.

№2 тапсырма

Сөйлемті толықтыр.

................................... дегеніміз - 1000мл (1л)  ерітіндіде еріген  заттың қанша мөлшері болатындығын   көрсетеді. Ол ... таңбасымен белгіленеді, өлшем бірлігі .......... .

Қалыпты жағдайда газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі  ... литрге тең болады. Осы тұрақты сан .................... деп аталып, Vm таңбасымен өрнектеледі, өлшем бірлігі ............ деп белгіленеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?