Реакция теңдеулері бойынша есептеулер . Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні:

Дата:

Класс:

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1B Стехиометрия

Сабақтың тақырыбы

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Бастапқы білім

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері.

8.2CХимиялық реакциядағы энергиямен танысу.

Оқыту мақсаттары

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізу;

 Сабақтың мақсаттары

қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізу;

Бағалау критерийлері

  • қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептер шығарады

 Тілдік мақсаттар

 

Авогадро саны, моль, молярлық масса, эмпирикалық формула, концентрация, сұйылту;

дәл/дәл емес, дәлдік, сенімді / сенімсіз, сенімділік, шынайы/ шынайы емес, шынайылық, қателік (қателіктер);

Менің өлшеу дәлдігім … негізделеді

Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады

Менің өлшеулерімде ....туындағанқателіктер бар деп ойлаймын

 Құндылықтарды

 дарыту

Қауіпсіздік ережесі арқылы оқушы денсаулығын нығайту

Топтық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру.

Топпен, ұжыммен жұмыс жасау арқылы адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу дағдыларын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Пән

Математика

Кезең

Сабақ барысы

 Дифференциация

Барлық оқушылар: қалыпты жағдайда«молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізеді;

Кейбір оқушылар: қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып күрделі есептеулер жүргізеді

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Халат кию

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2минут

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Сабақ тақырыбы:

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу».

Сабақтың мақсаты:

қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізу

Сабақтың ортасы

2-12 минут

12-13 минут

13-38 минут

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/eritindidegi-zattardyng-molyarlyq-konczentracziyasy

Молярлық концентрация 

 См

Моль/литр 

Моль/м3

Моль/л 

С(К2СО3)=0,05моль/л 

Молярлық көлем 

Vм 

Куб метр/моль

Литр/моль

М3/моль

л/моль 

Vм(СО2)=22,4·10-3 м3/моль

Vм2)=22,4 л/моль

Молярлық  концентрация   1000мл (1л)  ерітіндіде еріген  заттың қанша мөлшері болатындығын   көрсетеді.

C= ν/ V; С = m / V ·М

Қалыпты жағдайда (1 атм. қысым, t = 0°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 22,4 литрге тең болады. Осы тұрақты сан молярлық көлем деп аталып, Vm (л/моль) деп белгіленеді.

ν=V/ Vм ; V = Vm× 

Стандартты жағдайда (1 атм. қысым, t = 25°C) газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі 24 литрге тең болады.

Тапсырма №1 (Дифференциация)

А – деңгей.

  • Зат мөлшері 4 моль сутегі газы қалыпты жағдайда қандай көлем алады? Есептеңіз
  • Көлемі 2л сутек хлормен (қ.ж.) әрекеттескенде түзілетін хлорсутектің көлемін табыңдар.

В – деңгей.

  • Көлемі 200мл және құрамында 0,4 моль болатын ерітіндінің мольдік концентрациясы.
  • Зат мөлшері 5моль және мольдік концентрациясы 2М болатын ерітіндінің көлемі

С –деңгей.

  • Массасы 128 г күкірт (IV)оксидінің зат мөлшерін және оның стандартты жағдайдағы көлемін есепте?
  • 2Al+3H2SO4=Al2(SO4)3+3H2

Реакция теңдеуін пайдаланып алюминий мен күкірт қышқылының массасын, сутектің көлемін (қ.ж.)есептеу керек.

Дескриптор:

  • Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін есептейді
  • Газдың стандартты жағдайдағы көлемін есептейді
  • Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.

Тапсырма №2

Берілгені

Жауабы

1

Массасы 3,1г фосфорды жағу үшін оттектің қандай көлемі (қ.ж.) қажет болатынын есептеңдер. Ж:2,8л Көлемі 500 мл және мольдік концентрациясы 0,5М болатын ерітіндінің ішінде еріген ас тұзының массасы

а

1моль

2

0,5 л ерітіндісіндегі NaCl массасы 5,85г. Ерітіндінің молярлық концентрациясы

b

1моль/л

3

Көлемі 200мл ерітіндіде массасы 11,2г калий гидроксиді бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясы.

c

0,2 М

4

Көлемі 0,5л және мольдік концентрациясы 2М болатын ерітіндінің зат мөлшері

d

14,625г

Жауабы:

1-d

2-c

3-b

4-a

(G)Тапсырма №3

Молярлық концентрациялары берілген ертінділерді дайындау

І – топ: Мыс купоросынан концентрациясы 0,1 моль/л , көлемі 500мл мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайында.

ІІ – топ: 0,4М 100мл глюкоза ерітіндісін даярлау қажет.

ІІІ – топ: 200мл ерітіндіде 20г NаОН бар. Сілті ерітіндісінің молярлық концентрациясын анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Оқушылар берілген молярлық концентрациямен ерітінділер дайындап және осы ерітінділердің нақты концентрацияларын есептейді

Өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

№1 тапсырма.

  • Көлемі 400 мл және құрамында 0,8 моль болатын ерітіндінің мольдік концентрациясы Ж:2М
  • Зат мөлшері 5моль және мольдік концентрациясы 2М болатын ерітіндінің көлемі

№3 тапсырма

Көлемі 200мл ерітіндіде массасы 11,2г калий гидроксиді бар. Ерітіндінің молярлық концентрациясы.

№2 тапсырма

Сөйлемті толықтыр.

................................... дегеніміз - 1000мл (1л)  ерітіндіде еріген  заттың қанша мөлшері болатындығын   көрсетеді. Ол ... таңбасымен белгіленеді, өлшем бірлігі .......... .

Қалыпты жағдайда газ тәрізді заттың 1 молінің көлемі  ... литрге тең болады. Осы тұрақты сан .................... деп аталып, Vm таңбасымен өрнектеледі, өлшем бірлігі ............ деп белгіленеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

қалыпты және стандартты жағдайда «молярлық концентрация», «молярлық көлем» шамаларын қолданып есептеулер жүргізеді

  • Газдың қалыпты жағдайдағы көлемін есептейді
  • Газдың стандартты жағдайдағы көлемін есептейді
  • Ерітіндінің молярлық концентрациясын есептейді.

Практикалық сабақ Берілген молярлық концентрация бойынша ерітінді дайындау:

https://ds02.infourok.ru/uploads/doc/0281/000559b0-fc93e6cb.doc

Есептер мен жаттығулар жинағы Н.Г.Давыдова и др., Томск 2008

http://www.tsuab.ru/upload/files/additional/Sbornik_zadach__CHast1_file_79_1068_3791.pdf

Сабақтың соңы

38-40минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?