Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын (%) есептеу» . Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция теңдеуі бойынша есептеулер «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын (%) есептеу»

Оқу мақсаттары:

10.2.2.1 қалыпты және стандартты жағдайда «молярлы концентрация», «молярлы көлем» ұғымдарын қолдана отырып, есептеулер жүргізу

10.2.2.2 Егер бір зат артық мөлшерде берілсе немесе құрамында қоспа болса белгілі мөлшер (масса, көлем және зат мөлшері) бойынша реакция өнімнің мөлшерін (масса, көлем және зат мөлшері)есептеу

10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын (%) есептеу;

1 аялдама: Молярлы концентрация

Тапсырма №1. Массасы 73 г тұз қышқылының мөлшері мен көлемін (қ.ж) анықтаңыз

Тапсырма №2. 2 м3 метанды (СН4) (қ.ж) жаққанда түзілетін көміртек диоксидінің көлемін есептеңіз

Тапсырма №3. Массасы 240 г болатын суда натрий гидроксидінің 10 г ерітті. Алынған ерітіндінің тығыздығы 1,04 г/л. Осы ертіндінің моллярлы концентрациясын есептеңіз

Тапсырма №4. Молярлық концентрациясы 0,1 моль/л және тығыздығы 1,09 г/л болатын кальций хлоридінің 100 мл ерітіндісіне массасы 500 г суды қосты. Алынған ерітіндінің массалық үлесі мен молярлық концентрациясын есептеңіз.

2 аялдама: егер берліген заттың біреуі артық мөлшерде берілген жағдайда өнімнің массасын анықтау

Тапсырма №1. Массасы 3,56 г барий хлоридінің ертіндісіне 3,56 г болатын натрий сульфаты ертіндісін қосты. Тұнбаға түскен барий сульфатының массасын есептеңіз

Тапсырма №2. Реакцияға 14 г темір мен 10 г күкірт керек. Реакция соңына дейін жүреді деп есептесек, түзілген темір сульфидінің массасын анықтаңыз. Қандай зат артық мөлшерде алынған

Тапсырма №3. Құрамында 5,2 г бар барий хлориді ертіндісіне массасы 4,9 г болатын күкірт қышқылы ерітіндісін құйылды. Түзілген тұнбаны сүзіп, кептірді. Құрғақ тұнбаның массасын есептеңіз. Ертіндіне қандай зат қалды?

Тапсырма №4. Көлемі 7,6 л (қ.ж) болатын көміртек диоксидін массасы 282 г және массалық үлесі болатын барий гидроксиді ертіндісі арқылы өткізгенде түзілетін тұнбаның массасын есептеңіз

3 аялдама: Қоспаға қатысты есептеулер

Тапсырма №1. Массасы 0,5 кг болатын құрамында 12% қоспасы бар аммоний хлоридінен азотты анықтаңыз.

Тапсырма №2. Массасы 35 г әктасты қыздырғанда 16 г кальций оксиді түзілді. Әктас құрамындағы кальций карбонатының массаслық үлесін есептеңіз

Тапсырма №3. Массасы 73 г болатын кальций оксиді мен карбонатынан тұратын қоспаға тұз қышқылымен әсер еткенде көлемі 11,2 л (қ.ж) болатын көміртек диоксиді түзілді. Қоспа құрамына кіретін заттардың массаларын есептеңіз.

Тапсырма №4. Массасы 12 г алюминий мен мырыштың қоспасына қышқылмен әсер еткенде көлемі 11,2 л (қ.ж) болатын газ бөлінді. Қоспаның құрамындағы металдардың массалық үлесін есептеңіз

4 аялдама: шығымға қатысты есептеулер

Тапсырма №1. Массасы 294 г магний карбонатын қыздыру кезінде 120 г магний оксиді алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда магний оксидінің шығымын есептеңіз.

Тапсырма №2. Мөлшері 1,5 моль аммиакты күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде масссасы 63 г аммоний сульфатын алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда аммоний сульфатының шығымын есептеңіз.

Тапсырма №3. Массасы 162 г болатын мырыш оксидін көмірмен тотықсыздандыру арқылы алынатын мырыштың массасын есептеңіз, егер теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда шығымы 80%

Тапсырма №4. Көлемі 5,6 л (қ.ж) болатын азоттан шығымы 20% алынған аммиакты массасы 100 г күкірт қышқылы ертіндісінен өткізді. Нәтижесінде қышқыл тұз пайда болды. Күкірт қышқылының массалық үлесін есептеңіз

5 аялдама: Жұмбақ есеп

Тапсырма №1. Айжан тамақ пісіру кезінде массасы 15 г болатын 1 қасық қантты С12Н22О11 жерге шашып алды. Айжанның шашып алған қант мөлшерін есептеңіз

Тапсырма №2. Қымыздық қышқылымен улану кезінде асқазанды тазарту мақсатында кальций хлоридінің(тығыздығы 1,014г/мл) 2 %-тік ерітіндісін қолданады. Осы ертіндінің молярлық концентрациясын есептеңіз

Тапсырма №3. Массасы 8 г болатын натрий мен калий карбонатының қоспасына күкірт қышқылымен әрекеттестіргенде калий мен натрий сульфаттарының қоспасы массасы 10,24 г болды. Бастапқы қоспа құрамындағы әр тұздың массалық үлесін есептеңіз

Тапсырма №4. C3H8 + 5 O2 3 CO2 + 4 H2O

If I start with 5 grams of C3H8, what is my theoretical yield of water? I got a percent yield of 75% How many grams of water did I make?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?