Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу». Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу»

10.1B Стехиометрия

Сабақ мақсаты:

теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу

Реакция өнімдегі шығымның массалық үлесі (η – «эта»)

(ω - «омега») - реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді.

η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1)

η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2)

«Заттың шығымы» түсінігімен байланысты есептердің үш типі бар.

1. Берілді: реагенттің және өнімнің массасы.

Табу керек: өнімнің шығымың.

2. Берілді: реагенттің массасы және өнімнің шығымы.

Табу керек: өнімнің массасың.

3. Берілді: өнімнің массасы және шығымы.

Табу керек: реагенттің массасың.

ЕСЕПТІ ШЕШУ АЛГОРИТІМІ:

Табу керек: өнімнің шығымын.

1) Есептің шартын мұқият оқып шығу.

2) Жазып ал: не берілді, не табу керек?

3) Реакция теңдеуін жазып, теңеструді ұмытпау керек.

4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу.

5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымын есептеп алу. Жауабың жазу.

32,4г. мырыш оксидінең алюминийтермия әдісі арқылы, 24г. таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.

Берілді: Шешуі:

m(ZnO) = 32,4 г

mпр(Zn) = 24 г

Табу керек:

η шығ.(Zn) - ?

1. Есептің шартын мұқият оқы.

2. Жазып ал: не берілді, не табу керек?

Берілгені:

m(ZnO) = 32,4 г

mпр(Zn) = 24 г

Шешуі:

3. Реакция теңдеуін жазып,

теңеструді ұмытпау керек.

3ZnO + 2Al = 3Zn + Al2O3

Табу керек:

η шығ.(Zn) - ?

Берілгені: Шешуі:

m (ZnO) = 32,4 г 32,4 г ?

m пр (Zn) = 24 г 3ZnO + 2Al = 3Zn + Al2O3

3 моль 3 моль

Табу:

η шығ.(Zn) - ?

Теңдеу бойынша:

m теор.(Zn) = n.M = 0,4 моль* 65г/моль = 26 г.

(теория)

n (Zn) = n (ZnO) = = = 0,4 моль

m (ZnO)

M (ZnO)

32, 4 г

81 г/моль

4. Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу.

Берілгені: Шешуі:

m (ZnO) = 32,4 г 32,4 г ?

m пр (Zn) = 24 г 3ZnO +2 Al =3 Zn + Al2O3

3 моль 3 моль

Табу:

η шығ.(Zn) - ? Теңдеу бойынша:

m теор.(Zn) = n*M = 0,4 моль *65г/моль = 26 г. (теория)

5. Белгілі формула бойынша өнімнің шығымын есептеп ал. Жауабын жаз.

n (Zn) = n (ZnO) = = = 0,4 моль

m (ZnO)

M (ZnO)

32, 4 г

81 г/моль

η шығ.= = = 0, 92 (92%)

mпр( Zn)

mтеор (Zn)

24 г

26 г

Жауабы: 92% Zn

Тапсырма №1

І – топ : 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%)?

ІІ – топ: Теориялық шығымы 80% болса, массасы 31 кг кальций фосфатына күкірт қышқылымен әсер еткенде алынатын фосфор қышқылының массасын есептеңдер?

ІІІ – топ: Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар.

Тапсырма №2

А – деңгей. 1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%)

В – деңгей. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%)

С – деңгей. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 % болса, массасы 3,8г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінін есептендер.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Тапсырма №1

10кг натрий гидроксидін кремнийдің оксидімен қосып балқытқанда 12,2кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық шығымын есептеңдер.

Тапсырма №2

Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсеретсек, нәтижесінде 11,2г. Темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар.

Тапсырма №3

Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін анықтандар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?