Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1B Стехиометрия | Мектеп: Атырау қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: 10.11.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Косанов Р.П. | |||||||||
Сынып: 10-сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру; | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - Салыстырмалы атомдық масса ұғымының физикалық мәнін түсіну; - Салыстырмалы молекулалық масса ұғымының физикалық мәнін түсіну және есептей білу; - Молярлық масса ұғымының физикалық мәнін түсіну және есептей білу; - Салыстырмалы молекулалық масса және молярлық масса ұғымдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіре білу; | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - Периодтық кестені қолдана және изотоптарды көмегімен салыстырмалы атомдық массаны таба және есептей алады; - Есептеулерде молекулалық және молярлық масса ұғымдарын дұрыс қолдана алады; | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Салыстырмалы атомдық масса, молекулалық масса, молярлық масса, relative atomic mass, mole, Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Relative atomic mass - ……………………………………. Molecular mass - …………………………………….. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Жеке жұмыс арқылы – өмір бойы оқуға баулу Топтық жұмыстар арқылы оқушыларды ынтымақтастыққа, топпен жұмыс істеуге баулу; | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәні | |||||||||
Бастапқы білім | Атом құрылысы. Зат мөлшері - моль | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут 4-5 минут 6-8 минут 9-10 минут 10-15 минут 15-20 минут 20-22 минут 23-30 минут 30-32 минут 32-35 минут 36-38 минут | Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушыларға сұрақтар қою. Мына терминдерге түсінік беріңіз: Ядро, протон, нейтрон, электрон. Оқушылармен бірге атом құрылысын талқылап алу. Оқушылар мына суреттен нені түсінуге болады? - Бұл таразымен нені өлшеп жатыр? - Біз атом немесе молекуланы осылай өлшей аламыз ба? Неге? Осылай талқылау арқылы жаңа оқу мақсатын ашып аламыз. Жаңа тақырып. Оқушыларды жаңа оқу мақсаты және тақырыппен таныстыра отырып, бұрыннан не білетіндерін талқылау. Сонымен, салыстырмалы атомдық масса дегеніміз - химикалық элемент атомы массасының салыстырмалы бірлікпен көрсетілген орташа мәні. Ол осы элемент атом массасының көміртек атом массасының 1/12 бөлігінен неше есе артық екенін көрсетеді. Оқушылармен изотоптар арқылы элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын есептейміз. Хлордың табиғатта екі изотопы таралған хлор -35 (75 %) және хлор -37 (25%). Осы мәліметтерді қолдана отырып хлордың салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. Атомдық масса — мөлшерсіз шама. Ол Ar белгісімен таңбаланады (relatіve — салыстырмалы). Салыстырмалы атомдық масса Масс-спектрометрия құралының көмегімен есептелінеді Құралдан компьютер экранына пиктер көрінеді, сол пиктерді оқу арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасы есептелінеді Салыстырмалы молекулалық масса химиялық қосылыстарға қолданылады. Мысалы: Метан молекуласының салыстырмалы молекулалық массасы
Жеке жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Мына қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеңіз Молярлық масса түсінігі. Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, өлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массаға тең. Топтық жұмыс. Берілген қосылыстардың массасын берілген уақыт аралығында есептеңіз Глюкоза (С6Н12О6), Ортофосфор қышқылы (Н3РО4), Al2(SO4)3 ; | Презентация Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 Слайд 4 Lawrie Ryan and Roger NorrisCambridge International AS and A LevelChemistryCoursebookSecond Edition 4-бет Слайд 5 | ||||||||
Сабақтың соңы 39-40 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үй тапсырмасы. Берілген қосылыстардың молярлық массасын есептеңіз Сахароза С12Н22О11, CuSO4*5H2O | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?