Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

  • Топ

Изотоптар. Химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасы

Химиялық элементтің салыстармалы атомдық массасы

Атомдардың және басқа бөлшектердің массалары массаның атомдық бірлігі деп аталатын арнайы бірлік арқылы көрсетіледі. Массаның атомдық бірлігі 12 атомы бар көміртек атомының 1/12-не тең. Атомның массасы өте азғантай. Мысалы, ең жеңіл химиялық элемент сутек атомының массасы 1,67 ⋅ 10–27 кг. Бұндай сандармен атомдық массаларын өлшеу ыңғайсыз. Сондықтан химияда салыстырмалы атомдық масса ұғымы енгізілді. Химиялық элементтің (изотоптарын ескергенде) орташа атомдық массасы салыстырмалы атомдық масса деп аталады. Элементтің салыстырмалы атомдық массасы − элемент атомының орташа массасы көміртектің, негізгі изотобының он екіден бірінен неше есе үлкен екендігін көрсететін сан. Салыстырмалы атомдық масса Ar таңбасымен белгіленеді.

Салыстырмалы атомдық масса есептеу

Хлордың табиғатта екі изотопы кездеседі. Хлор атомының салыстырмалы атомдық массасын есептеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Топ

Салыстырмалы молекулалық масса

Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз – көміртек атомы массасының1/12 бөлігінен берілген молекула массасы неше есе ауыр екенін көрсететін шама.

Салыстырмалы молекулалық масса берілген қосылыстың бір молекуласының құрамындағы барлық атомдардың салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең. Салыстырмалы молекулалық масса Mr арқылы белгіленеді. Ол өлшемсіз шама.

 

 

Салыстырмалы молекулалық масса есептеу

 

 Қанттың С12Н22О11 салыстырмалы молекулалық массасын есептеу

 Ar (C) = 12.01

 Ar (H) = 1.00

 Ar (O) = 16.00

 Mr= (12*12.01) + (22*1.00) + (11* 16.00)

 Mr= 342.12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3-топ

 Мольдік масса

 Мольдік масса – грамның мольге қатынасымен (г/моль) берілетін заттың бір молінің массасы. Мольдік масса М әрпімен белгіленеді.

 Сандық жағынан мольдік масса атомдық массаға (біратомды элементтер жағдайында) немесе молекулалық массаға (химиялық қосылыстар немесе көпатомды элементтер жағдайында) тең болады әрі (г/моль) бірлігімен беріледі.

 

 Элементтің молярлық массасын есептеу

 M (H) = 1,007 97 (7) × 1 г / моль = 1,007 97 (7) г / моль

 Молекуланың молярлық массасын есептеу

 M (H2 ) = 2 × 1,007 97 (7) × 1 г / моль = 2,015 88 (14) г / моль

 Қосылыстың молярлық массасын есептеу

M (NaCl) = [22,989 769 28 (2) + 35,453 (2)] × 1 г / моль = 58,443 (2) г / моль

Қосымша №2

Үй жұмысы

Салыстырмалы молекулалық масса (Mr) және молярлық масса (М) есептеу

Периодтық кесте мен есептеу құралын қолдана отырып, төмендегі қосылыстардың салыстырмалы молекулалық (1-10 тапсырма) және молярлық массаларын (11-20 тапсырма) есептеңіз:

1. O211. B2H6

2. Cl212. Na2CO3

3. CO213.Fe2(SO4)3

4. NH314.Zn(OH)2

5. KOH15. HNO3

6. Al2O316. Ca(HCO3)2

7. Ca(OH)217. Na2CO3.10H2O

8. Fe2O318.MgSO4.7H2O

9. CaCO319.CuSO4.5H2O

10. (NH4)2SO420.FeSO4.7H2O



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?