Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

10.1B Стехиометрия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

- Периодтық кестеде элементтердің атомдық салмақтары әрдайым бүтін сан бола алмайтынын біледі

- салыстырмалы атомдық және молекулалық массаның мәнін түсіндіре алады

- молярлық масса ұғымын біледі

- бұл ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады

- салыстырмалы молекулалық және молярлық масса есептей алады

Бағалау критерийлері

Салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массаларды салыстыру;

Қосылыстың молярлық массасын есептеу;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- қосылыстың молекулалық және молярлық массаларының сипаттамалары туралы сұрақтар құрастыра біледі және сұрақтарға жауап бере алады.

Пәндік лексика және терминология

молекулалық масса, молекулалық формула, жай зат, күрделі зат, моль, молярлық масса

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Заттың сандық құрамы ........................................ анықталады.

.................. атомдық салмақтың молекулалық массаға қатынасы.

Элементтің/қосылыстың молярлық массасы .................... тең

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика

Бастапқы білім

7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері.

8.2C Стехиометриялық есептеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6 – 12 минут

Сабақтың басталуы

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Өткен сабақ бойынша қайталау «Сөзді ұста» ойыны. Сыныпты үш топқа бөлу. Өткен сабақты қайталап еске түсіру үшін кілттік сөздер салынған конверт топтарға таратылады. Кілт сөздер: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы, зат мөлшері, заттың массасы, заттың көлемі т.б. Мұғалім осы сөздерге қатысты сипаттама берген кезде оқушылар тиісті сөзді бірінші болып қолымен жауып, өзіне жинайды.

Бағалау: Көп сөз жинаған оқушыларға смайликтер таратылады.

Жаңа сабақ тақырыбын ашу

Сыныпқа сұрақ қою

Неліктен атомдық масса бүтін сандармен өрнектелмейді?

Оқушылар жауаптарын тыңдау. Топпен талқылау.

Көміртек-12 массасы дәлме-дәл 12,00 болғанымен, табиғатта кездесетін көміртектің салыстырмалы атомдық массасы сәл өзгеше 12,01 болады. Бұл қосымша масса қайдан шығады? Барлық химиялық элементтер табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездеседі. Кейбір элементтер табиғатта тек жалғыз изотоптар түрінде болады. Жалғыз изотоптарға фтор, алюминий, кобальт және алтын жатады. Химиялық элементтер табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндіктен, табиғи элементтің салыстырмалы атомдық массасы бүтін сан болу мүмкін емес. Салыстырмалы атомдық массаны анықтау барысында элемент изотоптарының атомдық массалары мен табиғаттағы проценттік құрамы ескеріледі. Табиғи көміртек екі изотоп (көміртек-12 және көміртек-13-тің қоспасы) түрінде кездеседі. Аталған изотоптардың пайыздық мөлшері сәйкесінше 98,89% және 1,11%. Сондықтан табиғи көміртектің салыстырмалы атомдық массасы бүтін сан бола алмайды.

Слайд презентация арқылы мұғалім оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады, оқушылармен талқылай отырып, кілттік сөздерді анықтайды.

Презентация,

оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.

10 сынып химия оқулығы мен есептер жинағы

 

Сабақтың ортасы

13-18 минут

19-27 минут

28-35 минут

36-39минут

Жаңа сабақты меңгеру

Топтық жұмыс : сыныпты үш топқа бөлу

Әр топқа қысқаша мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, топта жұмыс жасайды. Әр топ сынып алдына шығып түсіндіреді.

1-топ

Салыстырмалы атомдық масса түсінігі, есептеу жолы

2-топ

Салыстырмалы молекулалық масса түсінігі, есептеу жолы

3- топ

Молярлық масса түсінігі, есептеу жолы

Әр топ оқушылары өз жұмыстарын түсіндіру барысында басқа топ оқушылары тыңдап, өзара пікір алмасады. (сұрақ- жауап)

Жұптық жұмыс

Оқушылардыңалған білімдерін бекіту үшін тапсырмалар беру

Венн диаграммасы

Бағалау: әр жұп бірін бірі тексеріп, бағалайды. Мұғалім соңында қорытындылайды. Қателіктер болса тексерген жұп өз пікірлерімен бөліседі.

Жеке жұмыс: «сен маған- мен саған»

Әр оқушы отырған көршісіне салыстырмалы атомдық масса, молекулалық масса және молярлық масса ұғымдарын қолдана отырып, тапсырма дайындайды. Өзара жұмыстарын алмасады, жеке отырып орындайды. Соңында бірінің жұмысын бірі тексеріп, бағалайды, кері байланыс беріледі.

Ақ қағаздар, түсті маркерлер, мәтін (қосымша1)

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/bastapky-himiyalyk-tusinikter/lesson/molyarlyq-massa

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp

1-қосымша.

 

Сабақтың соңы

39-40 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Рефлексия «Шығу билеті»

Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді

Маған сабақта қиын болды .........................

Маған сабақта жеңіл болды ........................

Маған әлі де көмек керек …........................

Үй тапсырмасы: Бүгін сабақта өткен «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» бойынша есептеу дағдыларын бекітуге арналған жұмыс парағын ұсыну.

Таратпа қағаздар

2-қосымша.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар заттың салыстырмалы атомдық, молекулалық, молярлық массасын есептей алады

Көпшілік оқушылар олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды оңай ажырата алады

Кейбірі барынша күрделендірілген есептеулерді ойдан құрастырып, орындай алады.

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау.

Сабақта қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың массалық үлес табуға, қосылыстың формуласын табуға бағытталған білімдерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру- өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?