Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Мұғалім:

Тлеулесова А.Н.

Тақырыбы:

Химияның негізгі стехиометриялық заңдары

Сабақ кезеңдері

Сынып: 10

Өткізілу уақыты: 1 сағ

Оқу мақсаты:

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

Сабақтың мақсаты:

Қима қағаздарын сәйкестендіру арқылы стехиометриялық заңдарының тұжырымдасамын біледі

Зертханалық жұмыс арқылы стехиометриялық заңдарының қолдану аясына мысал келтіре алады

Бағалау критериясы:

Дескриптор: Стехиометриялық заңдардың формуласын біледі

Стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын біледі

Стехиометриялық заңдарының қолдану аясына кем дегенде бір мысал келтіре алады

Тілдік мақсат:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Заң

Закон

Law

Көлем

Объем

Volume

Масса

Масса

Mass

Қысым

Давление

Pressure

Температура

Температура

Temperature

Газ

Газ

Gas

Құндылықтарды дамыту:

  • Оқушылар топта ынтымақтастықта жұмыс жасайды, бірін бірін бағалауда академиялық адалдықты сақтайды, 8 сыныптардағы білімдерін тереңдете отырып, өмір бойы білім алады

Пән аралық байланыс:

Физика

Алдынғы білім:

8.2В Стехиометриялық есептеулер

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-2 мин

3 – 8 мин

9 – 11 мин

12 – 17 мин

18 - 25 мин

26 – 36 мин

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылар 8 сыныптағы білімдерін еске түсір үшін келесі қималарды сәйкестендіру сұралады.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындайды. Дұрыс жауабын презентация арқылы көрсетіледі.Оқушылар өз өздерін тексереді.

Көлемдік қатынас заңы

Температура мен қысым тұрақты болғанда, реакцияға қатысқан және

түзілген газдар көлемдерінің қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай

болады

Гей-Люссак

Авогадро заңы

Бірдей жағдайда тең көлемде алынған газдарда молекулалар сандары бірдей болады.

Амеде́о Авога́дро

Зат массасының сақталу заңы

Реакцияға қатысқан зат массасы реакция нәтижесінде түзілген зат массасына тең болады

Антуан Лавуазье

Оқушылармен сәйкестендіру тапсырмасын талқылай отырып келесі сұрақтарды қою:

1. Бұл тапсырмада не туралы айтылған?

2. Бұл заңдардың бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыздар?

3. Бүгінгі біздің тақырып не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбын ашу дәптерлеріне жаздыру.

Кейін келесі сұрақтар қойылады:

Бүгін сабақта біз не білуіміз керек?

Нені қарастырумыз керек?

Оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып оқу мақсаттарын танысытыру.

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

Оқушыларға келесі ғалымдардың суреттерінің қиындыларын таңдап алу сұралады. (сыныптағы оқушысы санына қарай бірнеше бөлікке бөлуге болады)

Әр сурет 5 бөлікке бөлінеді. 5 оқушыдан 3 топқа жіктеледі. Әр топ оқушыларға әр ғалымның ашқан заңына сәйкес тапсырмалар ұсынылады.

1 топ: Тәжірибе 1

Химиялық таразының үстіне берілген бос,таза стаканын салмағын өлшеп алыңыз. Кейінен осы стаканға 5г ас содасын салып өлшеңіз.

Екінші таза тығыны бар колбаны алып, таразыда салмағын өлшеп алыңыз. Осы тығыны бар 20 мл сірке суын құйып массасын өлшеңіз. Таразыға екі ыдысты ішіндегі реагенттерімен бірге өлшеңіз. Массасын жазып алыңыз. Кейінен стакандағы ас содасын сірке қышқылының үстіне салып колбаны тығындап қойыңыз. Газдың бөлінгені аяқталғанша күтіңіз. Кейін колбаның салмағын қайта өлшеңіз.

Ыдыстың массасы

Реагенттің массасы

Реакциядан кейінгі масса

2 топ: Тәжірибе 2

50мл колбаға 10 мл су құйыңыз. Колбаның ауызына әуе шарын кигізіп, колбаны ыстық плиткага, су қайнағанша ұстаңыз. Әуе шары ауамен толғасын аяқтауға болады.

Бақылаулары мен көргендеріңізді жазып отырыңыз.

  • Әуе шарына не болды?
  • Жоғардағы тәжірибе температура,қысым және көлемнің қайсысымен байланысыты оны төменгідей пайдаланып толықтырыңыз.

____________________ артса, ________________артады.

Осылардың арасындағы қатынас: ___________ (тура\кері).

3 топ: Үшінші тәжірибе:

Химиялық колбаға 20 мл сірке қышқылын құйыңыз. Әуе шарының ішіне 2 қасықтай ас содасын салыңыз. Кейінен шарды абайлап колбанын ауызына орналастырыңыз. Шардың ішіндегі соданы колбаға түскендігіне көз жеткізіңіз.

1.Әуе шарына не болды?

2.Жоғардағы тәжірибе температура,қысым және көлемнің қайсысымен байланысыты.

Оқушылар алған қорытындысы бойынша постер дайындайды.

Келесі бағалау критериялары бойынша өз ара бағалайды.

Дескриптор

+/-

Жасалған зертханалық жұмыс бойынша толық мәлімет жаза алған

Стехиометриялық заңдардың формуласын көрсетілген

Стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын көрсетілген

Стехиометриялық заңдарының қолдану аясына кем дегенде бір мысал келтірілген

Презентация

Презентация

Қималар

Реактивтер: ас содасы, сірке суы, су,

Құрал – жабдықтар: электр пеші, колбалар, стакандар, таразы, әуе шарлары, шпатель

Флипчарт, түрлі түсті маркерлер

Сабақтың соңы

Рефлексия

37 – 40 мин

Оқушы аты – жөні:

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

Дескриптор:

Мен үшін оңай

Маған әліде көмек керек

Мен үшін қиын

Стехиометриялық заңдардың формуласын біледі

Стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын біледі

Стехиометриялық заңдарының қолдану аясына кем дегенде бір мысал келтіре алады

Қима қағаздар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?