Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбын болжайық!
Химияның негізгі стехиометриялық заңдары
Сабақтың мақсаты
Жетістік критерийлері
реакция теңдеуін теңестіруде және есептер шығаруда стехиометриялық заңдардың мәнін түсінеді және қолдану аясын біледі.
I.Стехиометрия
- Бұл химиялық реакция барысында химиялық қосылыстардың сандық құрамын және өзгерісін зерттейтін химияның бір саласы.
1792 ж. И. Рихтер «стехиометрия» терминін еңгізді, грекше: «стехион», «элементтік құрам», және «метрейн», «өлшеу».
Проблемалық сұрақ:
Химиялық реакция барысында өнім массасы реагент массасымен салыстырғанда өзгере ме?
Бұл сұраққа жауап беру үшін келесі видеоны қараңыз жауап беріңіз.
Видео-эксперимент: Мысты қыздыру.
Қорытынды:
Колбаның массасы қыздырудан кейін өзгермейді. Зат массасы реакциядан кейінде өзгеріссіз қалды.
1.Зат массасының сақталу заңы М. В. Ломоносов 1748г.
2Zn + О2 = 2ZnО
130 г цинк пен 32 г оттек (жалпы масса 162 г) әрекеттескенде 162 г цинк оксиді түзіледі. Зат массасының сақталу заңын түсіндіруде. 1905 ж. А. Эйнштейн ашқан қатынастар заңына сәйкес, зат массасының сақталу заңының дәл еместігі дәлелденді. Δ Е = Δ тс2 осы теңдеуге сәйкес реакция барысында жалпы масса энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі кезінде өзгеру керек. Мұнда, Δ Е — энергия өзгерісі; Δ т — сәйкес массаның өзгерісі; с — вакумдағы жарық жылдамдығы. Бірақ, химиялық реакция кезінде энергиялық эффектінің нәтижесінде масса өзгерісі елеусіз аз болады. Сондықтан химияда зат массасының сақталу заңы қатаң орындалады.
«
«Зат массасының сақталу заңы: реакцияға қатысқан заттардың массасымен реакциядан кейінгі түзілген заттардың массасы тең болады».
Зат массасының сақталу заңына бағынатын теңдеулерді белгілеңіз.
Cu(қ)+O2(г)⟶CuO(қ)
H2(г)+O2(г)⟶2H2O(с)
2Al(қ)+3Cl2(г)⟶2AlCl3(қ)
Ca(қ)+2C(қ)⟶CaC2(қ)
2Na(қ)+Br2(с)⟶2NaBr(қ)
Кім бірінші. (Жұптық жұмыс).
Есепті шығарыңыз және Авогадро заңын құрыңыз.
2. Авогадро заңы(1811 г. )
«бірдей жағдайда алынған кез-келген газдардың бірдей көлемінде бірдей молекулалар саны болады».
А). Авогадро саны
Бір моль заттағы бөлшектер саны
NA = 6,02∙1023 моль–1
Б).Молярлық көлем (Vm )-
Бір моль кез-келген газдың қ.ж. көлемі (температура 273 К, қысым 101,3 кПа) Vm ( Г) = 22,4 л/моль
V= Vm·ν
Мына суретке қарап көлемдік қатынастар заңын құрыңыз.
3. Көлемдік қатынастар заңы
(Ж. Гей-Люссак)V(H2):V(O2)=2:1
«бірдей жағдайда (температурада ж\е қысымда) реакцияеа қатысқан газдардыц көлемдерінің және сол реакцияда тузілген газтектес өтмдердің көлемдерінің өзара қатынастары — кішкентай бүтін сандар».
Заманауи химияда стехиометрия мәнінің орыны ерекше. Ол сандық химиялық анализдің негізі. Химиялық өндірісте стехиометрияны білу реакция өнімінің шығымын және химялық реакцияның тиімділігін есептеуде қолданылады. Аэрокосмикалық және тасымалдау өндірісінде стехиометриялық әдістер жану шығынын есептеуде маңызды.
Стехиометрияның мәні
Оқу мақсаты
10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?