Химияның негізгі стехиометриялық заңдары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

ӘБ жетекшісінің АЖТ _____________________ (қолы) _______

 

Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән:химия

Мұғалімнің аты-жөні: Келмұқанов Қ.Б.

Дата:

Класс:10

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

10.1B Стехиометрия

Сабақтың тақырыбы

Химияның негізгі стехиометриялық заңдары

Бастапқы білім

  • Бастапқы химиялық түсініктер
  • Зат мөлшері т.б.

Оқыту мақсаттары

10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;

 Сабақтың мақсаттары

  • Оқушыларға химиялық негізгі заңдары мен оның қолданылуы туралы білімдерін қалыптастыру;
  • Оқылатын заңдар табиғаттың жалпылама заң болып табылатынын көрсету.

Бағалау критерийлері

  • реакция теңдеуін теңестіруде және есептер шығаруда стехиометриялық заңдардың мәнін түсінеді және қолдану аясын біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Зат массасының сақталу заңы, көлемдік қатынастар заңы, Авогадро заңы, моль, Авогадро саны, көлем, көлемдік қатынастар, реагент, өнім

Реагенттер/сол жақтағы коэффициенттер/моль саны...............тең

Өнім/оң жақтағы коэффициенттер/моль саны...............тең

Х массасының сақталу заңына бағынатын теңдеу

 Құндылықтарды

 дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Жаһандық азаматтық. Заң ортақ. Химиядағы атомдар, молекулалар да заңға бағынады деген мағынада өз ойыңызды жеткізіңіз.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Физика

Кезең

Зат массасының сақталу заңын түсіндіруде. 1905 ж. А. Эйнштейн ашқан қатынастар заңына сәйкес, зат массасының сақталу заңының дәл еместігі дәлелденді. Δ Е = Δ тс2 осы теңдеуге сәйкес реакция барысында жалпы масса энергияның бөлінуі немесе сіңірілуі кезінде өзгеру керек. Мұнда, Δ Е — энергия өзгерісі; Δ т — сәйкес массаның өзгерісі; с — вакумдағы жарық жылдамдығы. Бірақ, химиялық реакция кезінде энергиялық эффектінің нәтижесінде масса өзгерісі елеусіз аз болады. Сондықтан химияда зат массасының сақталу заңы қатаң орындалады.

 Дифференциация

Барлық оқушылар:

химияның негізгі стехиометриялық заңдарын түсінеді.

Оқушылардың көбісі:

химияның негізгі стехиометриялық заңдары реакцияны теңеструде және есептеулерде қолданалуын біледі.

Кейбір оқушылар:

химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолданып есептеулер жүргізе алады.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушыларға мәліметтерді Power Point презентациясы арқылы көрсетеді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бөлмені желдету.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгелдеу.

Сыныпта ынтымақтастық орнату. Слайдта төмендегі сурет көрсетіліп, оқушыларға тақырыпты болжауға уақыт беріледі.

Кейін оқушылармен сабақ мақсаты болжанады!

Слайд 1,4

Сабақтың ортасы

5-10 минут

10-18 минут

18-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

35-37

Сабақтың басында біз сіздермен жеке тапсырма көмегімен өткен тақырыпты қайталайық.

Егер, кім дұрыс жауап берсе сол кісі өзіне топ құрады. Жалпы топ саны 3 болады. Бірінші партадан кубиктерді лақтыру арқылы бастайсыз.

Сандар

Сұрақтар

Индекс қайда қойылады және ол нені білдіреді?

Реагент дегеніміз не?

Өнім дегеніміз не?

Коэффициент қайда қойылады және ол нені білдіреді?

Химиялық теңдеуге анықтама беріңіз.

Моль дегеніміз не? Химияда оның маңызы қандай.

Проблемалық сұрақ: Химиялық реакция барысында өнім массасы реагент массасымен салыстырғанда өзгере ме?

Бұл сұраққа жауап беру үшін келесі видеоны қараңыз.

Видео-эксперимент: Мысты қыздыру.

Қорытынды: Колбаның массасы қыздырудан кейін өзгермейді. Зат массасы реакциядан кейінде өзгеріссіз қалды.

Бәріміз бірге зат массасының сақталу заңын құрып көрейік. (оқушыларға топта талқылауға уақыт беріңіз, талқылағаннан кейін бағалау карточкасы арқылы өз-ара бағаланады (қосымша 1))

Зат массасының сақталу заңы: реакцияға қатысқан заттардың массасымен реакциядан кейінгі түзілген заттардың массасы тең болады.

Зат массасының сақталу заңы химиялық реакцияны теңестіруде қолданылады.

 Кім бірінші. (Жұптық жұмыс).

Берілген реакцияларды теңестіріңіз!

І топ

5 л сутек қ.ж. қанша молекуландан тұрады?

ІІ топ

5 л оттек қ.ж. қанша молекуландан тұрады?

ІІІ топ

5 л азот қ.ж. қанша молекуландан тұрады?

Оқушылар жауаптарын тақтаға жазғаннан кейін не байқағандарын сұраңыз.

Қане бәріміз бірге Авогадро заңын құрып көрейік. (оқушыларға топта талқылауға уақыт беріңіз, талқылағаннан кейін бағалау карточкасы арқылы өз-ара бағаланады (қосымша 1))

Авогадро заңы: бірдей жағдайда алынған кез-келген газдардың бірдей көлемінде бірдей молекулалар саны болады.

Авогадро саны – бір моль заттағы бөлшектер саны; NA = 6,02∙1023 моль–1.

Молярлық көлем – бір моль кез-келген газдың қ.ж. көлемі (температура 273 К, қысым 101,3 кПа); 22,4 л∙моль–1.

Мына суретке қарап көлемдік қатынастар заңын құрыңыз.

(оқушыларға топта талқылауға уақыт беріңіз, талқылағаннан кейін бағалау карточкасы арқылы өз-ара бағаланады (қосымша 1))

Егер химиялық әрекеттесу газтектес заттардын катысуымен жүрсе, онда көлемдік қатынастар заңы қолданылады. Оны француз ғалымы Гей-Люссак бірдей жағдайда (температурада ж\е қысымда) реакцияеа қатысқан газдардыц көлемдерінің және сол реакцияда тузілген газтектес өтмдердің көлемдерінің өзара қатынастары кішкентай бүтін сандар.

Н2+ С12 = 2НС1 қатынасы -1:1:2.

Стехиометрияның мәні

Заманауи химияда стехиометрия мәнінің орыны ерекше. Ол сандық химиялық анализдің негізі. Химиялық өндірісте стехиометрияны білу реакция өнімінің шығымын және химялық реакцияның тиімділігін есептеуде қолданылады. Аэрокосмикалық және тасымалдау өндірісінде стехиометриялық әдістер жану шығынын есептеуде маңызды.

 Үй тапсырмасы ретінде үш топқа басқа да стехиометриялық заңдарды қарап слайд немесе постер дайындап келуге тапсырма беруге болады.

І топ. Құрам тұрақтылық заңы (Ж. Пруст):

ІІ топ. Кіші еселік қатынастар заңы (Д. Дальтон):

ІІІ топ. Эквиваленттер заңы (И. Рихтер):

Оқу мақсатына қайта оралып, талқылаңыз оқушылармен бірге талқылаңыз.

Слайд 6

Слайд 12

Слайд 13

Слайд 17

Слайд 19

Слайд 20

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?