Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер. Кван сандары және орбитальдар. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 10.1А Атом құрылысы | Мектеп: | Қостанай қ. ФМБ НЗМ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | Дарибаева С.А. | |||||||||||
Сынып: | 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер. Кван сандары және орбитальдар | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | -10.1.3.1 квант сандарының сипаттамаларын және маңыздылығын атау; -10.1.3.2 орбитальдарды толтыру үшін энергия минимумы, Паули принципі, Хунг ережесін қолдану. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау Критерийлері | - квант сандарының ажырата алады; - әрбір квант санының мүмкін болатын мәнін біледі; - орбитальдардағы электрон санын анықтай алады; - орбитальдарды толтыру үшін энергия минимумы, Паули принципі, Хунг ережесін қолдануды біледі. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты терминология: Электрон – электрон – electron Протон – протон – proton Нейтрон – нейтрон – neutron Ядро – ядро – nucleus, Нуклон – нуклон – nucleon Бас квант саны – главное квантовое число – principal quantum number, Орбиталь квант саны – орбитальное квантовое число – orbital quantum number Магнит квант саны – магнитное квантовое число – the magnetic quantum number Спин квант саны – спиновое квантовое число – the spin quantum number Пәнге қатысты сөз тіркестері: ...электрлік бейтарап, ...бос және шектеусіз, ...орталық денені құрайды, ядроны қоршайтын бұлт..; оң бүтін мәндер..., сфера тәріздес пішін.., кеңістіктегі орналасуы бойынша.., анық шектелген геометриялық фигуралар..., өз осінде айнала қозғалу.., электрлік заряталған бөлшектер.., магниттік өріс.., сағат тілімен бағыттас және оған қарама қарсы..., жоғары бағытталған бағдарша.., төмен бағытталған бағдарша, т.б. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс жасау барысында достық қарым-қатынас, коммуникативті қасиетті дамыту, сынтұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылығын арттыру. | ||||||||||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | ||||||||||||
АҚТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Өмірмен байланысы | Электрондардың атом құрылысында орналасуын қонақ үйдегі адамдармен салыстыру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (энергия минимумы ережесі) | ||||||||||||
Бастапқы білім | Атом құрылысы | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
1-ші сабақ | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу. 2) Оқушыларды түгелдеу. 3) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. * Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу. | Презентация «Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер» | |||||||||||
Сабақтың ортасы 3-13 мин 14-22 мин | (Т) Мұғалімнің түсіндіруі. Атомның электрондық құрылысы турады қысқаша сөз қозғау. Проблемалық сұрақ: - Атом құрылысында электрондар ядро төңірегінде белгіленген айналмалы түрде қозлады ма? Презентацияда көрсетілген мысал ретінде электрондардың қозғалысын талдау. - Негізгі ұғымдарды енгізу: 1) Электрондық конфигурация/ электрондық құрылыс: электрондардың орналасуы Электрондар қабаттарда (деңгейлерде), деңгейшелерде және орбитальдарда орналасады. 2) Кванттық сандар – электронның жағдайын және сол электрон орналасқан атомдық орбитальдың типін анықтайтын энергетикалық параметрлер. Кванттық сандар атомдағы әр электронның жағдайын сипаттау үшін қажет. Олар: бас квант саны - n, орбитальды квант саны - l, магниттік квант саны - ml және спиндік квант саны - ms. (W) Бейнебаян қарастыру. (бейнересурс-1-Негізгі және орбиталь квант сандары) (І) Төмендегі кестені әрбір квант санының мүмкін болатын мәнімен толықтырыңыз. *жауаптарын слайдта көрсету. (І) қарастырылған білімді бекіту үшін оқушылар дұрыс/бұрыс тапсырмасын орындайды. Орындалу уақыты: 5 минут | 1-11 слайдтар 12-23 слайдтар дұрыс/бұрыс карботкалары немесе қызыл/жасыл түсті карточкалар | |||||||||||
23-37 мин | (Т) Мұғалімнің түсіндіруі. - магниттік квант саны - спиндік квант саны Проблемалық сұрақ: -Орбитальдағы электрондар санын квант сандары арқылы қалай анықтуға болады? Бейнебаян қарастыру (бейнересурс-2-орбитальдағы электрон саны) *саралау тапсырмасы ретінде бірінше қосымшада ұсынылған тапсырманы беруге болады. | 24-28 слайдтар Қосымша_1_саралау тапсырмасы | |||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Рефлексия. «Пирамида»
| ||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу. 2) Оқушыларды түгелдеу. 3) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (W) Өткен сабақ тақырыбы бойынша кері байланыс ретінде шағын тест жұмысын өткізу. Орындалу уақыты: 3 минут Жауап кілті бойынша өзара тексеру: 1 минут * Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу. | Презентация «Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер» қосымша_2_стартер 2-ші сабақ | |||||||||||
Сабақтың ортасы 6-26 мин 27-36 мин | (G) электрондардың орбитальдарда орналасуын түсіндіретін үш ережені қарастыруда оқушыларға өзіндік білім алуға жағдай жасау. Оқушыларды үш топқа бөлу Әр топқа бір ереже бойынша постер жасауды ұсыну Оқушылар берілген критерийлерге сай 20 минут ішінде тақырып бойынша постер дайындайды. (G) Әр топ регламентке сай өз жұмыстарын қорғайды. Регламент – 3 минут | ||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Рефлексия. «Маған 5 нәрсені айтыңызшы...» Бүгін Сіз ұғынған нәрсе Сіз жақсы орындаған іс-әрекет Топ жақсы орындаған іс-әрекет Сіз не туралы көбірек білгіңіз келеді? 40 минут бұрын қандай білмеген ақпаратты Сіз қазір білесіз?
| ||||||||||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпараттарды қайталау. | қосымша_3_теориялық ақпарат үш ереже | |||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Барлығы: - бас, орбиталь, магнит және спин квант сандарын ажырата біледі. Көбісі: - нақты химиялық элемент үшін квант сандарын жаза алады. Кейбіреулері: - орбитальдарды толтыру үшін энергия минимумы, Паули принципі, Хунг ережесін қолданады. | Сабақ барысында оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеру деңгейі: ауызша жауаптар, саралау тапсырмалары және топтық жұмыс нәтижесі арқылы анықталады. | Сабақ барысында оқушылардың денсаулығына кері әсер келтіретін іс-әрекеттер жүргізілмейді. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру