Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі бағынады, Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Атомдардың электрондық конфигурациясы
- Электрондық конфигурация электрондардың атомдық орбитальдарда қалай орналасатынын көрсетеді. Әрбір элемент атомдарының өзіндік, бірегей электрондық конфигурациясы болады.
- Элементтің электрондық конфигурациясын оның атомдық реттік нөміріне байланысты үш қарапайым ереже арқылы жазуға болады:
- Электрондар бос орбитальдарды энергиясы ең төменінен бастап толтырады.
- Атомда төрт квант сандар жиыны бірдей екі электрон болуы мүмкін емес. (Паули принципі).
- Деңгейшенің ең тұрақты электрондық конфигурациясында ең көп жұптаспаған электрон саны болады. (Хунд ережесі).
Тапсырма №1
Деңгейшелерді сәйкес орбитальдар санымен байланыстырыңыз.
s | |
p | |
d |
Элемент атомдарының электрондық конфигурацисы
Электрон спині. Паули принципі
Электрондар өз осі арқылы айналады және олардың айналу қозғалысының бағыты электронның спиндік квант саны арқылы анықталады. 1925 жылы австралиялық
физик Вольфганг Паули өте маңызды ережені тұжырымдады, бүгінгі таңда ол Паули принципі деген атпен белгілі.
Атомда төрт квант сандар жиыны бірдей болатын екі электрон болуы мүмкін емес.
Вольфганг Паули 1900 жылы 25 сәуірде Венада дүниеге келген. Неміс физигі 1925 жылы Паули
принципін ұсынды, ол принципке сәйкес атомдағы екі
электронның энергиясы бірдей болуы (бірдей кванттық күйде орналасуы) мүмкін емес. Ол кванттық механикаға маңызды үлес қосты. Паули негізінен өзінің Паули принципі арқылы танымал, сол еңбегі үшін ол 1945 жылы Нобель сыйлығын алған болатын.
Электронның күйін сипаттайтын 4 квант саны белгілі
Бас (негізгі) квант саны n әрпімен белгіленеді
n=1,2,3,... Электрондық қабатты анықтайды.
Орбиталь (қосымша) квант саны L әрпімен белгіленеді
L =0,1,..., n–1. Деңгейшені анықтайды.
Магниттік квант саны ml әрпімен белгіленеді
ml =−l , −(l−1) , ... , −1 , 0 , 1 , ... , l −1 , l
Деңгейшедегі орбитальдарды анықтайды.
Электронның спиндік квант саны ms әрпімен белгіленеді
ms=+12, −12. Электрон спинін анықтайды.
Мысалы сутек атомы үшін бейне материалды көре аласыз төмендегі ссылкамен кіріңіз
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/kvanttyq-sandar
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?