file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Квант сандары және орбитальдар, Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Квант сандары және орбитальдар, электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер

Оқу мақсаттары

10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасын түсіндіру , электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер

Электронның күйін сипаттайтын квант сандарымен таныстыру,

электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлерге электрондардың таралып орналасуын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Бағалау критерийлері

Оқушы ,

- электронның күйін сипаттайтын квант сандарымен танысады

- квант сандарын сипаттайды

электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлерге электрондардың таралып орналасуын біледі

Еске түсіру сұрақтары

1. Химиялық реакция кезінде атом ядросында қандай өзгеріс болады?

2. Атомның химиялық қасиетін қалай болжауға болады?

Өз бетімен жұмыс

3. Көміртек атомының құрамын сипаттаңдар

4. Оттек атомының электрондық – графикалық формуласын жазыңдар

Квант сандары

Электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерге толуын түсіндіру

Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады

Квант сандары

Электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерге толуын түсіндіру

Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады

Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар: бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.

Электрондардың құрылысы

Электрондарды қарапайым бөлшек деп қарап оның кеңістіктегі қозғалысын 4 квант саны n, l, m және s анықтайды.

Ал электронды толқын деп қарасақ оның қозғалысын 3 параметрмен сипаттайды олар:

- толқын ұзындығы;

- бағыты;

- амплитудасы.

Электронның күйін 4 квант саны сипаттайды

Бас квант саны – n электрондардың жалпы энергия қорын және электронның ядродан қандай қашықтықта орналасқан көрсетеді.

n - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7

бүтін сандармен ал оған сәйкес келетін энергетикалық деңгейлерді латынша бас әріптермен белгілейді K, L, M, N, O, P, Q

Бас квант сандары 1, 2 , 3, 4, 5, 6, 7;

Энергетикалық деңгей K,L,M,N,O, P, Q

энергетикалық деңгей деп - бас квант сандарының мәндері бірдей орбитальдардың жиынтығы айтады

Орбиталь квант саны – l

(қосымша квант саны) электронның энергетикалық күйін және орбитальдардың пішінін көрсетеді.

Қосымша квант санының қабылдайтын мәндері 0- ден n-1ге дейінгі бүтін сандар болып келеді және оларға

0, 1, 2, 3... n -1

s, p, d, f деңгейшелер сәйкес келеді

Магнит квант саны - ml

Магнит квант саны - ml пішіндері бірдей орбитальдардың кеңістікте орналасу бағытын көрсетеді.

Магниттік квант саны орбиталь квант санына тәуелді болады және орбиталь квант санының мәніне сәйкес l, 0, + l шегінде болатын бүтін сандар.

Магнит квант сандарының мәндері

Спин квант саны – ms электронның өз осінен қай бағытта қозғалатынын көрсетеді.Электрон өз осінен сағат тілінің бағыты бойынша немесе оған қарсы бағытта қозғалуы мүмкін.

Осыған сәйкес спин квант саны

Спин квант саны

және

Электрондардың құрылысы

Атомдағы электрондар қозғалысының траекториясы белгісіз, кванттық механикада ядро маңындағы кеңістікте электрондар болу ықтималдығынэлектрондық бұлт, ядро маңындағы электронның болу ықтималдығы 90% жоғары кеңістікті орбиталь деп атайды.Мөлшері жуық орбитальдардан

электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады.

Электрон бұлты болатын кеңістікті орбиталь деп атаймыз.

электрондық қабат

Электрондық қабат деп-бір энергетикалық деңгейдегі электрондардың жиынтығын айтады. Орбитальдар бір- бірінен өздерінің энергиялары, пішіндері және кеңістіктегі орналасу бағыттары арқылы ажыратылады және бұл жағдайлар электрон қасиеттерінің кванттық сипатын көрсетеді.

Энергетикалық деңгейде орналасқан электрон саны

Егер n = 1 болса N = 2

n = 2 болса N =2∙22=8

n = 3 болса N =2∙32=18

Өз бетімен жұмыстар ҚБ

1- Na атомының электрондарың энергетикалық деңгейлерде орналастырыңдар

2 - S атомының электрондарың энергетикалық деңгейлерде орналастырыңдар

Бағалау критерийлері

-Әрбір оқушы берілген химиялық элементтердің электрондарын дұрыс энергетикалық деңгейде орналастырса



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды