Квантық сандар. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың стартері:
Сабақтың тақырыбы:
Кванттық сандар
Сабақтың мақсаты:
11.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін атау;
КВАНТ САНДАРЭлектронның атомдағы күйін төрт түрлі квант сандарымен сипаттайды.
- Бас квант саны - Орбиталь квант саны - Магнит квант саны - Спин квант саныКвант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі атомдық электрондык орбиталь (АО) деп аталады.
Бас квант саны – n
n – (бас квант саны) атомдағы электронның энергиясын және энергетикалық деңгейін, яғни АО өлшемін анықтайды.
Бас квант саны 1-7 мәндерін (периодтық жүйедегі период номеріне сәйкес) қабылдайды. Деңгей саны артқан сайын электронның энергиясы да жоғарлайды. Бас квант сан периодты жүйедегі период номеріне тең.
Орбиталь квант саны – l
l – орбиталь квант саны атомдағы электронның энергиясын және электрондық орбитальдардың пішінін анықтайды, мәні 0 – (n - 1) қабылдайды. Орбиталь квант саны бас квант санына байланысты. l = 0,1,2,3 сәйкес атомдық орбитальдар s-, p-, d-, ƒ – орбитальдар деп аталады.
Магнит квант саны – ml
Магнит квант саны ml – электронның магнит моментімен байланысты, электронның магнит өрісіндегі бағытын, электронның қабылдаған бағытына қатысты электрондық бұлттың ориентациясын (бағытын) көрсетеді.
Магнит квант сан mІ орбиталь квант санға байланысты болады да орбитальдардың кеңістіктегі орнын көрсетеді. Оның қабылдайтын мәндері –l-ден +l, ноль мәнін қоса. Мысалы, l = 2-ге тең болса, ml мәндері -2, -1,0, +1, +2, яғни 2l +1 = 2×2 +1 =5.
Спин квант саны – ms
Спин квант саны ms – электронның ішкі қозғалысын сипаттайды.
Спин квант саны ms электронның өз осінен айналуын сипаттайды. Электрон өз осі бойымен біріне-бірі қарама-қарсы бағытта айнала алатындықтан онын тек екі мәні болады: + 1/2 және − 1/2. Егер екі электронның басқа квант сандары бірдей болса, олардың спиндері әр түрлі болады. Ондай электрондарды жұптасқан деп атайды да, қарама-қарсы айналатынын былай ↑↓ белгілейді. Егер ұяда бір электрон болса, оны дара деп атап былай белгілейді ↑.
Квант сандарына байланысты қысқша тест:
Бас квант саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің санын
с/ электрон бұлтының пішінін
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
Орбиталь квант саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін
с/ электрон бұлтының пішінін
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
Магнит квант саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін
с/ электрон бұлтының пішінін
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
Спин кван саны нені көрсетеді?
а/ электрон санын
в/ электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің ретін
с/ электронның өз осінен айналғандағы бағытын
д/ кеңістіктегі орбитальдың бағытын
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?