Масс-спектрометр. Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принциптері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1A: Атом құрылысы

Мектеп: Талдықорған НЗМ

Күні:

Сынып: 10

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Масс-спектрометр. Масс-спектрометрдің жұмыс істеу принциптері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- Масс-спектрометр негізгі бөліктерін және олардың атқаратын қызметін білу

- Заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай білу;

 Сабақ мақсаттары

10.1.2.3 Масс-спектрометр негізгі бөліктерін және олардың атқаратын қызметін білу

10.1.2.4 заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай білу;

 Жетістік критерийлері

- масс-спектрометр негізгі бөліктерін білсе;

- масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіре алса;

-заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс- спектрді талдай білсе.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнгетән лексика мен терминология:

(масс-) спектрометр, (масс-) спектр,

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Масс-спектрометр жұмысы ........ тұрады.

Иондану кезеңінде ........

Магнит өрісінде ауытқуы .........қатынасына тең.

Масс-спектрдің тіркелуі ....... нәтижесінде болады.

 Құндылықтардыдарыту

Құндылықтарды дарыту өзіне және айналадағы адамдарға құрмет, азаматтық жауапкершілік, өмір бойына оқу және академиялық адалдық, жұппен, топпен жұмыста өзара көмек арқылы жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Физика- магнит өрісі

 АКТ қолдану дағдылары

http://www.youtube.com/watch?v=GSYueQzo2n8

Бастапқы білім

7-10 сынып аралықтарындағы химия курсында қарастырылған дағдылар, білімдер мен түсініктер қолданылады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сабақбасында:

Жағымды психологиялық ахуал тудыру:

«СЕРГІТУ» ТРЕНИНГІ

-сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 минут

20 минут

15 минут

12 минут

15 минут

5 минут

Масс-спектрометрия — атомдардың, молекулалардың және молекулалық бөлшектердің  массасын, сондай-ақ олардың таралымын магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің ауытқуын бақылау арқылы тікелей өлшеуге арналған аналитикалық әдіс.

Оң зарядты түзілген иондар жеке-жеке бөлік, фрагменттерге ыдырайды да, олардың олардың ағыны ток туындатады. Жекеленген фрагменттер ағыны туындататын ток шамасы мен оның массасы арасындағы байланыс масс-спектр түрінде тіркеледі.

Масс-спектрометрия төмендегілерді анықтауға мүмкіндік береді:

1. Заттың молекулалық массасын

2. Заттың молекулалық формуласын

3. Заттың құрылысын

(T) Видеомультипликация көмегімен масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі көрсетіледі

(T) Презентация арқылы масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі түсіндіріледі.

Презентация арқылы бейне-баян көрсету

Бірнеше мысалдарды талқылағаннан кейін,

(G) (f) оқушыларға жұптасып отырып спектрді талдауға арналған есепті шешуді тапсырылады

1.Бор атомының масс-спектрі берілген. Оның салыстырмалы атомдық массасын табу тапсырмасы беріледі.

  • 123 бор изотопының ішінде: 23-і 10 В және 100 -і 11 В болса. Ортақ массасы (23 х 10) + (100 х 11) = 1330.
  • 123 изотоп атомдарының орташа массасы 1330/123 = 10,8.
  • 10,8 бор атомының салыстырмалы атомдық массасы.

2. дихлорметан CH2Cl2 масс-спектрі берілген.

Презентацияны қолданып, дихлорметанның салыстырмалы атомдық массасын табу. Оқушылар жауабын тексеру өзара тексеру арқылы жүзеге асады.

Дұрыс жауап презентация арқылы тексеріледі.

(f) Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау.

(I)1-тапсырма – масс-спектрометрдің блок-схемасы бойынша масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін дұрыс сәйкестендіруге арналған. Оқушылар жауабы жеке оқушылардан тексеріліп, түсіндірулері сұралады.

(I)2- тапсырма - -масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін дұрыс түсіндіп сипаттауға, заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай білуге арналған.

Сұрақ-жауап

  • Молекулалық массаны есептеу үшін масс-спектрометрияны қалай қолдануға болады?
  • Масс-спектрде жұмыс жасау принциптері қандай?
  • Масс-спектрдің қолдану аясы?
  • Қарапайым масс-спектрді түсіндіріңіз?

Тапсырмалардың бағалау дұрыс жауаптарын көрсету арқылы өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асады.

масс-спектрометрдің бейне мультипликациялары:

http://www.youtube.com/watch?v=GSYueQzo2n8

http://www.yteach.co.uk/page.php/resources/view_all?id=atom_molecule_structure_elementary_particle_atomic_mass_number_molecular_spectrometry_t_page_17&from=search

пайдалы диаграммалар мен түсіндірулер:

http://www.chemguide.co.uk/analysis/masspec/howitworks.html

https://www.youtube.com/watch?v=EzvQzImBuq8

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zertxanalyq-adister-zhane-spektroskopiya/spektroskopiya/lesson/mass-spektroskopiya-1

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ мақсатына, жетістік критерийлеріне қайта оралып, сабақта атқарылған жұмыс нәтижелері арқылы сабақ мақсатының орындалу деңгейіне кері байланыс беру.

Оқушылар сұрақтарына жауап беру.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Нақты оқушыдан күтілетін нәтиже:

-масс-спектрометр блок-схемасын біледі;

-масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсінеді;

-заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай біледі;

Қабілеті жоғары оқушылар:

-заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрдің мәндерін қолданып, есептер шығыры алады.

-масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіргендері бағалады;

-заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдаулары бағаланады.

Топтық, жұптық жұмыс кезінде қозғалыс арқылы шаршауды болдырмау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екіа спектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?