Масс-спектрометр. Химия, 10 сынып, қосымша материал 1.
Масс-спектрометрия негізі
Масс-спектрометрия – молекула массасын және оның бөліктерінің массасын анықтап, оны идентификациялауға арналған әдіс. Бұл үшін электрондар ағынымен бейтарап молекула атқыланады. Осының нәтижесінде иондар түзіледі.
Оң зарядты түзілген иондар жеке-жеке бөлік, фрагменттерге ыдырайды да, олардың олардың ағыны ток туындатады. Жекеленген фрагменттер ағыны туындататын ток шамасы мен оның массасы арасындағы байланыс масс-спектр түрінде тіркеледі.
- Молекуланың ионға (молекулярный ион) яғни жеке бөліктерге бөлінбеген, ионданған молекула күйіне сәйкес келеді;
- Молекула ыдыраған фрагменттерге тән спектр сызықтары;
- Негізгі фрагмент үшкіріне сәйкес келетін сызық спектрі.
Суреттен алынатын негізгі мәліметтер:
- Қосылыстың молекулалық массасы.
- Фрагмент массалары. Фрагмент массалары арқылы молекула құрылымында қандай бөліктер бар екендігін анықтауға болады. Мысалы, органикалық қосылыс спектрінде 77 м.а.б. сәйкес келетін фрагментке фенил – топшасына келетіндігін жорамалдауға болады. (С6Н5 – фенил топшасы. Mr(С6Н5) – 77 м.а.б.). Ал, фрагмент 15 м.а.б. сәйкес келсе, онда метил топшасы деуімізге болады. Өйткені Mr(СН3)=15м.а.б.
- Зат молекуласының толық спектрі оның қандай зат екендігін идентификациялауда қажет.
Электр ағынымен қоздырылған молекула төмендегідей түрде оң молекулалық ионға айналады:
М + е М+ + 2е
Мұндағы М+ - молекулалық оң ион.
Түзілген молекулалық М+ ионы тұрақсыздау болады да, лезде жекеленген фрагменттерге ыдырайды (фрагментация):
М+ А+ + В0
М+ С+ + D0
Мфрагменттер
Түзілген фрагменттер әртүрлі құрылымдар түзуі де мүмкін.
Пайда болған ион және оның фрагменттері, массалық сандарына байланысты дедекторда m/e түрінде тіркеледі. Демек, бөлшек массасының электрон зарядына қатынасы тіркеледі. Көп жағдайда бір зарядты иондар түзілетін болғандықтан m/e қатынасы ион массасына тең.
Масс-спектрометрлер ұяшығында өте жоғары вакуум болғандықтан, қосымша реакция түрлері орын алмайды. Сонымен қатар өзге спектроскопия әдістеріндегідей масс-спектр сызықтары бір-бірімен қабаттасып келмейді.
Масс-спектрометрия қолданылатын жерлер
Масс-спектрометриялық талдауға сынаманың 20 мкг массасы жеткілікті. Әдіс 10-9 – 10-12г дейінгі шамадағы қоспаны анықтауға мүмкіндігі бар.
Масс-спектрометриялық әдіс нәтижелі болу үшін сынама оңай буланып ұшатын және термиялық тұрғыдан тұрақты болғаны жөн.
Масс-спектрлік әдіс төменде аталған мәлелелерді шешумен айналысады:
- белгісіз затты идентификациялау мен құрылымын анықтау;
- дәл молекулалық массасын табу;
- зат молекуласының элементтің құрамын анықтап, брутто формуласын құрау;
- Әртүрлі изотаптарды анықтап, олардың таралуына тұжырым жасау;
- Биологиялық активті қосылыстардың ең аз мөлшеріне талдау-анықтау жүргізу;
- Пептидтерде аминқышқылдың орналасу ретін анықтау;
- Өзге әдістермен бірлесе отырып қоспа құрамын талдау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?