Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» есептеу тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | 10.1AАтом құрылысы | Мектеп: | Қостанай қ. ФМБ НЗМ | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: | 10 А, В, С, D | Қатысқандар саны: А (...), В (…), С (…), D (...) | Қатыспағандар саны: А (...), В (…), С (…), D (...) | ||
Сабақ тақырыбы | Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» есептеу тақырыбына есептер шығару | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 10.1.2.1 «Изотоп» пен «нуклидтің» физикалық мағынасын түсіну. 10.1.2.2 Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу | ||||
Жетістік критерийлері | - Атомның құрылысын біледі; - Атомның протон, нейтрон және электрон санын дұрыс анықтайды; - Бір элементтің әртүрлі изотоптарын анықтайды және атайды; - «Изотоп» ұғымының мағынасын біледі; - Тзотоптарды нуклидтерден ажырата алады; - Атом құрылысы арқы элементтерді анықтай алады; - изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады; - салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады; | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: тақырыпты зерттей отырып және алынған мәліметтерден өздерінің қалаулары бойынша сапалы ауызша презентация жасау; Пәнге қатысты лексика мен терминология деңгей, деңгейше, орбиталь, айналу, квант саны, изотоптар, (радиоактивті) ыдырау, (масс-) спектрометр, (масс-) спектр, (электрондық) конфигурация, иондану, экрандау Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер X -ті yyyy-та ашқаннан кейін, Z… тұжырымдамасы Z атом ядросы … тұрады деп болжады Бұл теория … ашуға көмектесті (анықталған факт) | ||||
Құндылықтарды дарыту | – Сыйластық (Бір-бірінің ойын айту кезінде) – Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында) – Ашықтық (сұрақтарды ұялматсан қою және оларға жауап беру) | ||||
Жаһандық азаматтықты тәрбиелеу | Этикалық жауапкершілік пен белсенділікті жеке және ұжымдық іс-әрекеттер арқылы тәрбиелеу | ||||
АҚТ қолдану дағдылары | Сабақ презентациясы , атом құрамы, құрылысы изотоптар | ||||
Өмірмен байланыс | Радиация, изотоптардың табиғатта таралуы және оның қоршаған ортаға әсері. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Физика (атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік) | ||||
Бастапқы білім | «атом құрылысы», «изотоп» | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 мин | Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Бейнебаян қарау: Атом деген не? (3:31 мин.) Сілтеме: https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-atom Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және жетістік критерийлерін анықтау. | Бейнебаян 1 Презентация | |||
Сабақтың ортасы 6-15 мин 16-25 мин 26-38 мин | Жаңа сабаққа көшпес бұрын, төменгі сыныптарда алған білімін еске түсіру мақсатында Қосымша 1 берілген 1 және 2 тапсырманы оқушыларға орындату қажет. Екі тапсырманы орындап болғаннан кейін, сыныппен бірге жұмыстарды тексеру қажет. Жауабы презентацияда көрсетіледі. Тапсырмаларды тексеріп болғаннан кейін, сыныппен бірге келесі тапсырманы тақтаға орындайды. Уранның изотоптары Қазіргі таңда уранның 26 изотопы белгілі. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %). 1. Уранның үш изотобының атом құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылық бар? 2. Изотоп дегеніміз не? Оқушыларға «изотоп» пен «нуклид» ұғымдарын түсіндіру.
Мысалы сутегінің: Табиғатта: Н1, Н2, Н3, Жасанды жолмен алынған: Н4 – Н7 Оқушыларға жер әртүрлі элементтердің изотоптарынан құралғанын айта кету қажет. Бейнебаян: Изотоптардың атаулары мен химиялық таңбалары Сілтеме: https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/zhalpy-ximiya/atomnyng-qurylymy/lesson/izotoptar Оқушылардың алған білімін бекіту үшін қосымша 1 берілген қалған тапсырмаларды орындайды. | Қосымша 1 3-слайд 4-слайд 5-слайд 6-слайд Бейнебаян 2 Қосымша 1 | |||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Кері байланыс. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу. | ||||
Сабақтың басы 0-3 мин | Ұйымдастыру сәті. Амандасу.Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Екінші сабақта қарастырылатын сабақ мақсаты және жетістік критерийлерімен таныстыру. Сабақ мақсаттары: 10.1.2.2 Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу; Жетістік критерийлері: - изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады; - салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады; | 7 слайд | |||
4-20 мин | Оқушыларға ақпараттық парақтарды таратып беріңіз. Мәліметпен танысып болғаннан кейін оқушылармен бірге табиғатта таралған элементтердің үлесі арқылы, олардың салыстырмалы атомдық массасын есептеуді және оған кері есепті тақтаға шығарыңыз. 1. Табиғатта уранның үш изотопы кездеседі: 234U, (үлесі 0,0055 %), 235U (0,7200 %), 238U (99,2745 %). Уранның салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз. 2. Табиғатта азоттың екі тұрақты изотобы кездеседі: 14N және 15N. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы 14,00643 екенін ескеріп, әрбір изотоптың табиғаттағы үлесін анықтаңыздар. | Қосымша 2 9-слайд | |||
21-38 мин | Алған білімдерін бекіту мақсатында ҚБ тапсырмаларын орындайды. | Қосымша 3 | |||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Кері байланыс. Қойылған мақсаттар мен критерийлерге оралу. | ||||
Үй жұмысы | Теориялық ақпаратты қайталау. | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Барлығы: - химияның негізгі ұғымдарын біледі; Көбісі- изотоптардың табиғатта таралған үлесі арқылы элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептей алады; Кейбіреулері: - салыстырмалы атомдық массасы арқылы изотоптардың табиғатта таралуын анықтай алады; | Бекітуге арналған тапсырмаларды тексере отырып, оқушылардың қаншалықты жаңа ақпаратты игергенін қадағалайды. | Интерактивті тақтамен мұқият жұмыс жасау. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?