Аминқышқылдары. Нәруыздар. №17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы". Химия, 9 сынып, қосымша материал.


Оқушының аты, фамилиясы_______________________ сыныбы__________ күні_________

№17 зертханалық тәжірибе "Нәруыздардың денатурациясы"

ОМ: 9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;

Жұмыс мақсаты: Жұмыртқа нәруызының қайтымды және қайтымсыз денатурациясын зерттеу

Бағалау дескрипторлары:

1. Жұмыртқа ақуызының кейбір тұздармен қайтымды денатурацияға ұшырайтынын біледі;

2. Жұмыртқа ақуызының ауыр металл тұздарымен қайтымсыз денатурацияға түсетінін біледі

3. Жұмыртқа ақуызының спирттермен қайтымсыз денатурацияға түсетінін біледі

4. Жұмыртқа ақуызының азот қышқылымен сапалық реакцияға түсетінін біледі.

Реактивтер мен құрал-жабдықтар: жұмыртқа нәруызы ерітіндісі, аммоний сульфаты, мыс сульфаты ерітіндісі, этил спирті, азот қышқылы, спиртшам, сынауықтар, шыны таяқшалар

Жұмыс барысы:

1-тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне құрғақ аммоний сульфатын қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнбаның еруін түсіндіріңіз. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2- тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне мыс сульфаты ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3- тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне этил спирті ерітіндісін құйыңыз, шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаға су қосып, аралыстырыңыз. Тұнба неге ерімейді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4- тәжірибе

Жұмыртқа нәруызының ерітіндісіне абайлап концентрлі азот қышқылын тамшуырмен тамызыңыз , шыны таяқшамен араластырыңыз. Не байқадыңыз? Түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңыз. Тұнба неге ерімейді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5- тәжірибе

Сынауыққа жұмыртқа нәруызының ерітіндісін құйып, абайлап, спиртшам жалынында қыздырыңыз. Не байқадыңыз?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Денатурация ұғымына анықтама беріңіз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Күнделікті өмірде кездесетін нәруыз денатурациясына мысал келтіріңіз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?