Сабын және синтетикалық жуғыш заттар, Химия, 9 сынып, презентация.


Сабын және синтетикалық жуғыш заттар

Сабақтың мақсаты

Сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;

Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері:

Сабынның формуласын біледі;

Сабынның ортасын анықтайды;

Стеарин қышқылының триглецератының сабындану теңдеуін құра алады;

Сабынның кермек судағы реакциясын түсіндіре алады және оны реакция теңдеуімен дәлелдейді;

Синтетикалық жуғыш заттардың құрамын біледі;

Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін біледі және түсіндіреді.

Миға шабуыл

Майларды неліктен күрделі эфирлерге жатқызады?

Майлар табиғатына қарай қалай жіктеледі? Неге?

Қаныққан, қанықпаған карбон қышқылдарына мысал келтіріңіздер.

Майлардың қолданыс аясын сипаттаңыздар.

Сабынның негізгі құрам бөлігі не болып табылады?

Сабын - бұл майлы қышқылдың (стеарин, пальмитин, олеин) және (натрий, калий) сілтілік металдар катионымен түзетін

тұздары.

Сабындармайлардың сілтілік гидролизі (сабындану) арқылы алынатын май қышқылдарының натрий тұздары.

Нұсқаулық картасымен жұмыс

Гидролиз (су мен сілті әрекеттесіп сабындану)

Бұл жағдайда өнім- сабын, жоғары карбон қышқылдарының және сілтілі металдардың тұздары болып табылады. Натрий тұздары - қатты сабындар, ал калий тұздары сұйық.

Сабындану реакциясы - майлардың натрий немесе калий гидроксидімен әрекеттесіп, сабын мен глицерин түзу реакциясы.

Сабындар

Табиғи триглециридтердің құрамында кездесетін қышқылдар:

қаныққан:

пальмитин - C15H31COOH

стеарин - C17H35COOH

қанықпаған:

олеин - C17H33COOH,

линол - C17H31COOH,

линолеин - C17H29COOH.

Майлар гидролизі немесе майлардың сабындануы

Натрий гидроксидімен әрекеттескен кезде, майлар ыдырауға ұшырайды. Бұл реакцияның өнімдеріне май қышқылдарының натрий тұздары және глицерин жатады.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/karbonil-toby-bar-qosylystar/lesson/sabyn-zhane-sintetikalyq-zhuhysh-zattar

Сабынның алынуы

Майдан сабын алу — өте оңай. Ең бастысы — майдың біраз мөлшерін, мысалы, шошқа майын натрий гидроксидінің ерітіндісіне қосып, қоспаны біраз уақыт қыздыру керек.

Тапсырма

Бұл сабынды өндіру үшін қандай май қолданылады? H3C—(CH2)16—COONa

H3C—(CH2)14—COOK

Сабынның қасиеттері

Сабын суда ерігендеаздап лайланған ерітінді  пайда болады. Ерітіндінің  pH көрсеткіші  сілтілік.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/karbonil-toby-bar-qosylystar/lesson/sabyn-zhane-sintetikalyq-zhuhysh-zattar

Кермек суда сабын көбіктенбейді (себебі, құрамында кальций және магний иондары бар)

2 C17H35 + Mg2+ (C17H35COO)2Mg↓

Сабын іріп кетеді, кір ашылмай қалады.

Сабындар жуғыш заттар ретінде

Сабындардың құрылысы оларды майлы кірді  кетіретін жақсы жуғыш  заттар ретінде пайдалануға  мүмкіндік береді.

Сабын мен жуғыш заттарға біз күнделікті өмірде жиі кездестіретін заттар жатады. Олар тазарту мен жуу үшін қолданылады.

Сабын мен жуғыш заттар нақты құрылымды молекулалардан тұрады.

Судағы сабын мен жуғыш заттардың әрекеті

Сабынның немесе жуғыш заттардың суда еруі кезінде,  молекуланың полюссіз ұштары сумен байланысудан қашады.

Молекулалар сфера пішінді жиындарға бірігеді.

How a soap works

Mechanism of stain/dirt removal

Roll-up mechanism

The hydrophobic tails ‘burrow’ into

the droplet of oil or grease. 

The hydrophilic heads are left to

face the surrounding water.

 This results in the formation of a

ball-like structure (a micelle).

The non-polar substances, such as

oil or grease, are held inside the ball

and suspended in water, to be

washed away.

Soapless detergents

When soap is used in hard water, a white solid precipitate we call scum forms. This is because charged calcium and magnesium ions present in the hard water react with soap to form an insoluble substance.

Like soap, detergent molecules have a long chain of carbon and hydrogen atoms, but at the end of the molecule there is this group -SO3 - called sulphonate instead of the -COO - carboxylate group present in soap.

The calcium salt of a sulphonate is soluble in water unlike the calcium salts of the carboxylate.

Сабын мен жуғыш заттардың тазартқыш әсері

Кірдің жойылуы

Кір – май арқылы біріккен күйе, шаң, органикалық және бейорганикалық қосылыстардың қоспасы.

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/organikalyq-ximiya/karbonil-toby-bar-qosylystar/lesson/sabyn-zhane-sintetikalyq-zhuhysh-zattar

Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсері

Сатылымдағы кір жуғыш ұнтақтар, негізінен, фосфат құрамдас болып келеді. Ал, фосфат-кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет ғана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші. Сондықтан жуылған кірді мүмкіндігінше қайта-қайта шайып, содан соң ілу керек.

Синтетикалық қоспа адам ағзасына келіп түсіп, аллергиялық реакция туғызуы мүмкін. Енді осы факторға бүгінгі күнгі адамдардың ағзасындағы иммунитет қасиетінің нашарлауын қоссақ, онда кір жуғыш ұнтақты дағдылы пайдаланудың адамға тигізетін залалын айтпай кетуге болмайды.

Аллергиялық аурулардың келіп шығуына адамның иммундық жүйесінің төмендеуі себепші болады. Бұл, сөз жоқ, жас ұрпақтың болашағына қауіптене қарап, тиесілі баға беруді, мұндай дерттің алдын алу шараларын ертерек қолға алуды міндеттейді.

Қорытынды

Жақсы кір жуғыш ұнтақ бұл тазалық белгісі. Олар әруақытта жағымды иісті және киім-кешекті, заттарды кіршіксіз етіп тазалауы керек. Қазіргі тұрмыста пайдаланып жүрген ұнтақтар осы талаптарға сай келгенімен, олардың екінші жағы бар, олайналадағы қоршаған ортаға келтіріп жатқан зиянды әсері.

Сабақтың мақсаты

Сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;

Синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен үшін жаңалық болды.................

Бүгінгі сабақта маған ұнаған /қызық нәрсе ...................

Бүгінгі сабақтан алған білімімді қолданамын..........

Бүгінгі сабақта мен түсінбедім....................

Үйге тапсырма:

- Химиялық заттарды қолданғанда қандай ережелерді сақтау керек?

Кір жуғыш ұнтақтардың пайдасы мен зиянына эссе жазу.

(таңдау бойынша)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?