Ароматты көмірсутек. Бензол. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ 10.2С КИНЕТИКА

Ұзақ мерзімді сабақ жоспары 10.2С

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сыныбы:

Қатысқандар:

Қатыспағанда:

Тақырыбы:

Ароматты көмірсутек. Бензол

Оқу мақсаты

  • 9.4.3.14 бензолдың алынуын, қасиетін және қолданысын сипаттау

Сабақ мақсаты

  • Бензолдың құрылымдық формуласын болжайды
  • Бензолдын алыну жолын ұсынады
  • Бензолдың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды

Бағалау критериясы

Оқу мақсаты

-9.4.3.14 бензолдың алынуын, қасиетін және қолданысын сипаттау

Дескриптор

*Бензолдың алыну теңдеуін жазады

*Алынуының жүру жағдайын көрсетеді

*Бензолдың физикалық ьұрғыдан толық сипаттама береді

*Бензолдың жану теңдеуін жазады

*Айналымдағы мүмкін химиялық теңдеуді жаза алады

*Бензолдың кем дегенде 6 қолданысына мысал келтіреді

Тілдік мақсат

Арнай лексикаларды қолдана отырып делоколизацияланған бензол құрылымының тұрақтылығын дәлелдей алады және оның электрондық орынбасуға бейімділігін түсіндіре алады

АҚТ дағдысы

Ноутбукпен жұмыс жасау

Сабақ жоспары

Сабақтың кезеңдері

Сабақ кезіндегі іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың бастапқы кезеңі

0 -3 мин

4 – 6 мин

Оқушылармен амандасу. Олардың сабаққа қатысын тексеру.

« Ой шақырыу » оқушыларға презентацияда «БЕНЗОЛ» ұғымы беріледі. Оқушылар осы ұғым туралы не білетіндігін жапсырма қағазына жазып, сөздің айналасына жапсырады. (мүмкін жауаптар: спирттер класына жатады, себебі ол жұрнағы жалғанған, алкиндер тримерленгенде түзіледі, медицинада кездесетін қосылыстарының атауы және т.б)

Оқушылардың сұрақтарын талқылау.

Жаңа тақырыпты ашып, оқу мақсатын талдау.

Сыныпты түрлі таңбалары бар таяқшалар арқылы топқа бөлу.

Слайд 1

Сабақтың орта

7 - 12 мин

13 – 15 мин

15 – 20 мин

21 – 28 мин

29 – 36 мин

Әр сыныпқа бензол молекуласының молекулалық формуласы беріледі. Топта талқылай отырып құрылымдық формуласын ұсынуларын сұрау.

Өз жауаптарын мини планшеттерге жазып,таныстырады.

Кейінен қандай қиындықтарға кездескендерін сұрау. Алған ұсынған Кекуленінің құрылымдық формуласымен таныстыру

Топ оқушыларына келесі тапсырмаларды орындауларын сұрау.

1 топ бензолдын алынуы

2 топ химиялық қасиеті

3 топ физикалық қасиеті

4 топ қолданысы

ТАПСЫРМА

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЯСЫ

+

-

Бензолдың алынуы

Бензолдың алыну теңдеуін жазады

Алынуының жүру жағдайын көрсетеді

Бензолдың физикалық қасиеті

Бензолдың физикалық ьұрғыдан толық сипаттама береді

Бензолдың химиялық қасиеті

Бензолдың жану теңдеуін жазады

Айналымдағы мүмкін химиялық теңдеуді жаза алады

Бензолдың қолданысы

Бензолдың кем дегенде 6 қолданысына мысал келтіреді

«Шабарман» әдісі

Топтың бір оқушысы орнында қалады, қалған 3 оқушы басқа 3 топққа барып, өз тобының тапсырмасын таныстырады.

Жаңадан жиналған топта әр оқушы өз тобының жұмысын 1мин қорғайды. Қалған оқушы мұғалім берген жұмыс парағының сұрақтарына жауап жазады.

Оқушылардың жеке білімдерін тексеру мақсатында қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жүргізу үшін kahoot.it

http://bilimland.kz

Оқулық §50 164-165 бет

Жұмыс парағы

https://play.kahoot.it/#/lobby?quizId=3254c89c-c435-4ec8-badc-8a246317313b

Сабақтың соңы

37- 40 мин

3:2:1

3 – Сабақта үйренген 3 нәрсе

2 - Сабақта 2 қызықты факт

1 - Өзіңдегі 1 сұрақ

Оқушыларға рефлексия қағаздары беріледі. Оқушылар өз жауабын жазып, шығарда есікке жабыстырып кетулерін сұрау. Келесі сабақты жоспарлауда оқушылардың жауаптарын ескеру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?