Алкиндер. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4В Көмірсутектер. Отын | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Алкиндер | |||||||||
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | 9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Алкиндерге тән химиялық қасиеттерді білу | |||||||||
Жетістік критерийлері | Алкиндерге тән химиялық реакция түрлерін біледі; Химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жаза алады; Реакцияның жүруіне қажетті жағдайларды біледі | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Алкин - Alkin Этин - Etin Гидрлеу - hydrogenation Гидратация - Hydration Галогендеу - Halogenation Сапалық реакция - Qualitative reaction (test reaction) | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірін-бірі, өзін-өзі бағалау кезінде оқушы бойында өз біліміне сенімділік пен шынайылылықты дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Алдыңғы бөлім тақырыптары | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырушы сұрақтар:
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, сынып ішінде талқыланады. | Тақырып бойынша презентация | ||||||||
Сабақтың ортасы | Алкиндер − молекулалары көміртек атомдарының арасындағы бір үштік байланысты құрайтын қанықпаған көмірсутектер. Сыныпта «Фишбоун» әдісі арқылы ацетиленді сипаттау жүргізіледі. Алкиндерге тән химиялық қасиеттерді оқушылар өздері зерттеп топта жұмыс жасайды. 1-топ: жану 2-топ: гидрлеу 3-топ: гидратация 4-топ: галогендену 5-топ: сапалық реакция Әр топ бірін-бірі бағалайды. Мұғалім оқушылар айтпаған деректермен толықтырып өтеді. Алкиндердің химиялық қасиеттері
Қанықпаған қосылыстар болғандықтан, алкендер секілді алкиндерде де электрофильді қосылу реакцияларына ұшырайды. Бұл реакциялар сутекпен, сутек галогенидтерімен, галогендермен немесе сумен жүреді. Реакциялық қабілетті екі π-байланыстарының болуына байланысты олар екі кезеңде өтеді: алдымен алкендердің туындыларының, кейін алкандардың туындыларының түзілуімен жүреді. Кучеров реакциясы Ацетилен катализатор (қорғасын сульфаты) қатысында сумен әрекеттеседі. Реакция нәтижесінде сірке альдегиді түзіледі. Аралық тұрақсыз өнім – винил спирті түзіліп, ол изомерленеді де, ацетальдегидке айналады. Кучеров реакциясы үлкен маңызға ие. Оның өнімі ацетальдегид, органикалық синтездің маңызды аралық өнімі.
Сутекті қосып алу реакциясының жүру жағдайы алкендердің гидрленуі тәрізді Ni, Pt, Pd металл катализаторларының қатысында жүреді. Реакция барысында алдымен алкен, содан кейін алкан түзіледі. HC ≡ CH + H2 = H2C = CH2 H2C = CH2 + H2 = H3C = CH3
Ацетилен қатарындағы көмірсутектердің галогендермен әрекеттесуі де сатылап жүреді. Мысалы, ацетилен броммен әрекеттесіп, алдымен дигалогенді, сосын тетрагалогенді қосылыс түзіледі. Бромның түсін жоюы құрамында еселі байланысы бар қанықпаған көмірсутектерге тән дегенді білдіреді. Яғни сапалық реакция. HC ≡ CH + Br2 = BrHC = CHBr 1,2-дибромэтен BrHC = CHBr+ Br2 = Br2HC – CHBr2 1,1,2,2-тетрабромэтан
Ацетиленді калий перманганатының судағы ерітіндісі арқылы өткізсе, ерітінді түссізденеді. Бұл реакция еселі байланыстардың сапалық реакциясы екенін алкендер тақырыбынан білесіздер. HC ≡ CH + 4[0] KMnO4 HOOC – COOH Қымыздық қышқылы Егер қосымша жағдайлар жасалмаса, ацетилен ауада күйелі жалынмен жанады: C2H2 + O2 = C + CO + H2O Қосымша оттек немесе ауа үрлесе, ацетилен толық жанып, көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Өте көп мөлшерде жылу бөлініп, температура 30000С-тан асады: 2C2H2 + 5O2 = 4CO2 + 2H2O Сараланған тыпсармалар: 1. Неге алкендер ашық жалынмен, алкиндер түтінденіп жанады. Жауаптарыңызды бутен мен бутиннің молекула құрамындағы көміртектің масса үлесін есептеу арқылы дәлелдеңіздер.2.Мына айналымдарды жүзеге асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңыздар.CaC₂ → C₂H₂ → CO₂ → CaCO₃ → CO₂3.Ацетиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:2C₂H₂ + 5O₂ → 4CO₂ + 2H₂O + 2600 кДж5, 6 литр ацетилен (қ. ж.) жанағанда бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңіздер. | Химиялық реакция жылдамдығына катализатордың әсері. «Катализатор қатысуым | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: Сабақта қарастырған тақырып пайдалы болды ма? | Тақырып бойынша презентация | ||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | ||||||||
Барлық оқушылар: -Алкиндерге тән химиялық реакция түрлерін біледі; -Реакцияның жүруіне қажетті жағдайларды біледі -Химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жаза алады; Көптеген оқушылар: Алдыңғы тақырыппен байланысқан айналымдарды жүзеге асырып, есептеулер жүргізе алады | Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дұрыс және анық жауап беруі,сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алуы басты назарда болады. | Денсаулық сақтау технологиялары.
Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.
Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
| ||||||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?