Органикалық қосылыстардың гомологтық қатары. Көрсетілім № 11 «Алкандар және спирттердің алғашқы бес өкілінің сызықтық құрылымды модельдері». Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.4А Органикалық химияға кіріспе | Мектеп: | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімдердің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Органикалық қосылыстардың гомологтық қатары. Көрсетілім № 11 «Алкандар және спирттердің алғашқы бес өкілінің сызықтық құрылымды модельдері». | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.4.3.4 -гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - «Гомологтық қатар» терминімен танысады; - Функционалдық топқа байланысты органикалық қосылыстарды жіктей алады; - Функционалдық топқа негізделе отырып бірнеше органикалық қосылыстардың гомологтық қатарын құрастыра алатын болады; - Органикалық қосылыстарының ерекшелігі, байланыс түрі, құрлымдық формулаларын біледі және түсінеді.
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Гомологтың қатардың әрбір мүшесі алдыңғыдан қалай өзгешеленетінін дұрыс айта алады; Берілген гомологтық қатар үшін жалпы формуланы дұрыс құрастыра алады; -Берілген гомологтық қатар үшін жалпы формуланы дұрыс құрастыра алады; - Жалпы формуланы пайдалана отырып,берілген гомологтық қатар үшін басқа көміртек қосылыстарының бестен онға дейінгі 3-4 формуласын дұрыс жаза алады. | |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындауы тиіс : Гомологтық қатарлар туралы сұрақтарға жауап береді және оны басқаларға түсіндіреді Пәнге қатысты лексика мен терминология Электрондық құрылыс, көміртегі, коваленттік байланыстар, органикалық қосылыстар, сыртқы қабаттағы электрондар, ядро формасы, құрылысы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Көміртегі атомы, одан жасалған / одан тұратын ... Сыртқы қабатта / көміртегі атомында X / Y электрондары бар. Ол X байланыстар / коваленттік байланыстар құрай алады. | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Әр тапсырманы орындап,өзін өзі бағалағанда академиялық адалдықты сақтайды, топта ынтымақсатықта жұмыс жасайды, өмір бойы білім алады. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Биология – тірі ағза, органикалық заттар | |||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер және олардың қосылыстары 8.4 Су | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-8 минут | Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу. Сабақ басында сыныпта позитивті орта қалыптастыру. Тақтаға 15 заттың формуласын жазып қоямыз. 2 мин уақыттың ішінде оқушылар ішінен 5 органикалық затты тауып жазу керек. Уақыт біткен соң жұмыстарын басқа парта оқушыларымен ауыстырады.
Тақтадан көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы оқушылар бірін – бірі тексереді. Осы кезде мұғалім жұмысын дұрыс жасаған және қателескен оқушыларды анықтайды. Үй тапсырмасын пысықтау. «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасы: Керекті сөздер: азот, кремний, бор, коваленттік, иондық, екі, үш, төрт Көміртек атомы басқа элементтермен ___________________ байланыстар түзеді. ______________ байланыс түзген соң ол қанығады, өйткені: _______________ секілді электрон тапшылығы болмайды. _______________ cекілді бос екі электроны болмайды. ________________секілді ашық d-орбиталь болмайды. Тексеру үшін тақтадан жауаптары көрсетіледі. Оқушыларды бүгін сабақ тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру. | Слайд презентация Бинго карта | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 8-25 минуттар | Жаңа сабақты өз беттерімен меңгеруге бағыттау үшін оқушыларды жұпқа бөлу. Жұптық жұмыс Әр жұпқа шарөзекті модель жинағы мен кесте (1-қосымша) таратылады және олардан метан, этан, пропан, метанол, этанол, пропанол молекулаларының шарөзекті моделін құрастыруды сұрау. Әр жұп бір молекуланы құрастырады. Жұмыстарын аяқтап болған соң, барлық жұп жасаған жұмыстарын бір жерге жинайды. Сыныпқа сұрақ: (і) Бұл молекулаларды құрылысына қарап қалай жіктер едіңіздер? Жіктеу себептеріңізді түсіндіріңіздер. Күтілетін жауап: оқушылар алкандар мен спирт молекулаларын құрамындағы функционалдық топтарына қарай ажыратып, екіге жіктейді. (іі)Бұл органикалық қосылыстардың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар? (ііі) Гомологтық қатардың әрбір мүшесі алдыңғыдан қалай өзгешеленеді? Қандай қорытынды жасар едіңіздер? Оқушылар жауаптары тыңдалып, ұқсастығы көміртекпен сутектен тұратындығында, айырмашылығы СН2 тобында және соған байланысты молекулалық массалары да артатындығы туралы болжам жасайды. (iv)Осыдан кейін келетін төрт қосылыстың мүмкін болатын құрылымдық формуласын алдарыңызға берілген кестеге салып көріңіздер. Оқушылар алкандар мен спирттер үшін төртінші көміртектен бастап сегізінші көміртек аралығындағы өкілдерін сәйкесінше кестеге орындайды. (v) Қатардың барлық мүмкін болатын қатысушыларын көрсететін жалпы формуланы өрнектеуге болады ма? Оқушылар гомологтық қатардағы формулаларға қарай отырып, алкандар мен спирттер үшін жалпы формуланы өз беттерімен есептеп табулары керек. (vi) Жалпы формуланы қолдана отырып, алкан мен спирт үшін құрамында 100 көміртек атомы болатын гомологтерінің формуласын жазыңыздар. Гомологтық қатар, олардың жалпы формуласы туралы мұғалім слайд презентация немесе https://bilimland.kz/kk cілтемесі арқылы өз жауабымен қорытындылайды. | Molymod модельдер Алкандардың гомологтық қатары https://bilimland.kz/ru/subject/ximiya/9-klass/klassifikacziya-nomenklatura-izomeriya-uglevodorodov-nasyshennye-uglevodorody-metan 1-қосымша | ||||||||||||||||
25-38минуттар | Білімді бекіту үшін оқушылар жұпта және жеке тапсырмалар орындайды. Жұптық жұмыс Оқушыларға формулалар жазылған қима қағаздар таратылады. Олар формулаларды гомологтарға жіктейді. Әр гомологқа тән жалпы формуланы өрнектейді. Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды. Тапсырма №1 Пропанға С3Н8 гомолог болатын зат: A) С4Н6. B) С6Н14. C) С7Н14. D) С2Н4 Тапсырма №2 (i) Берілген органикалық қосылыстарынан бір-біріне гомологтар болып келетін қосылыстарды көрсетіңіз
Жауабы:....................................................................................... (ii) (i) анықтаған гомологтық қатарының жалпы формуласын жазыңыз ........................................................................................................ Оқушылар жұмыстарын аяқтап болған соң мұғалімге тапсырады. | 2-қосымша | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минуттары | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: « Аяқталмаған сөйлем» Бүгінгі сабақта мен .................................................түсіндім Мен үшін ............................................................қиын болды Мен үшін .........................................................қызық болды Мен енді ................................................................................ Үй тапсырмасы: функционалдық топтар, гомологтық қатарлар тақырыбы бойынша өткенді еске түсіре отырып, cемантикалық карта құрастыру | Таратпа қағаздар | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Барлық оқушылар Гомолог ұғымына анықтама бере алады, гомологтарға мысал келтіре алады Көпшілік оқушылар көптеген формулалардың ішінен бір біріне гомолог болатын қосылыстарды белгілей алады. Кейбірі Берілген гомологтық қатарларға қарай отырып, сәйкесінше жалпы формуланы есептеп шығарады және керісінше. | Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау, бірін – бірі бағалау, оқушының өзін - өзі бағалауы жүзеге асырылады | Сабақта қолданылған белсенді оқыту тәсілдері, оқушылардың гомологтық қатарлар жайлы білімді қалыптастыруларын жеңілдетеді және топтық жұмыста өзара оқыту әдісі өздерін табысты сезінулеріне мүмкіндік береді.
|
- қосымша
Көміртек саны | ||
1 | ||
2 | ||
3 | ||
4 | ||
5 | ||
6 | ||
7 | ||
8 | ||
9 | ||
10 | ||
Жалпы формуласы | ||
C100H? | C100H?OH |
- қосымша ( жұптағы оқушыларға әрбір ұяшықтағы формулаларды қиып тарату)
Берілген формулаларды гомологтарға жіктеңіз. Әр гомологқа тән жалпы формуланы өрнектеңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?