Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы. Химия, 9 сынып, презентация.


Сурет арқылы тақырыпты анықтаңыз

Сабақ тақырыбы:

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы

Оқу мақсаты:

Ауыр металдармен ластаушы негізгі көздерін білу

Ауыр металдардың тірі ағзаға әсерін түсіну

Бағалау критериилері:

Периодтық кестеден «ауыр металдарды» анықтайды;

Қоршаған ортаны «ауыр металдармен» ластайтын негізгі көздері мен айналымын біледі;

«Ауыр металдардың» тірі ағзаға тигізетін әсері мен оның салдарын біледі;

«Ауыр металдардың» зардабының шешу жолдарын азайту немесе алдын алу жолдарын ұсынады

Ауыр металдар

АУЫР МЕТАЛДАР – орташа тығыздығы 7,8 г/см3 жоғары болатын металдар тобы.

Периодтық кесте олар ауыспалы металдар бөлімінде орналасқан. Олардың саны шамамен 40-тан асады.

Олардың негізгі өкілдері: хром, марганец, мыс, мырыш, вольфрам, сынап, қорғасын, т.б.

ТАПСЫРМА 1.

Сізге берілген қысқа және ұзын периодтық кестесін пайдалана отырып, ауыр металдардың орналасу аймағын анықтаңыз.

Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуі

Ауыр металдардың табиғи ортаға түсуі табиғи (тау жыныстары мен минералдардың үгілуі, эрозиялық процестер,жанартау атқылауы) және техногенді (пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, жанармай жағу, көлік, ауылшаруашылығының әсері) болып екіге бөлінеді.

Ғалымдардың мәліметтері бойынша жоғарыда келтірілген түсті металл балқыту зауыттарынан жыл сайын қоршаған ортаға - 154650 т. мыс, 121500 т. мырыш, 89000 т. қорғасын, 12000 т. никель, 765 т. кобальт, 1500 т. молибден, 30,5 т. сынап, ал көмір және мұнай өнімдерін жағудан 1600 т. сынап, 3600 т. қорғасын, 2100 т. мыс, 700 т. мырыш, 3700 т. никель және автокөлік газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді.

Қазақстанда Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі бойынша ауаның ластануының 70%-дан көбі автокөліктердің, 11%-дайы жылу-электр орталықтарының үлесіне тиеді. Осы аталмыш металдардың концентрациясы ортаның нысандарында көбейген сайын өсімдіктің өсуі баяулайды, өнімі төмендейді.

АУЫР МЕТАЛДАРДЫҢ ҚОРШАН ОРТАҒА ТҮСУІ СТАТИСТИКАСЫ

ТАПСЫРМА 2. Cуретті пайдалана отырып, сынаптың табиғаттағы айналымы бойынша жұпта эссе құрастыр (5-6 сөйлем). 7-8 мин

Эссе критериилері:

Эссенің құрылымы 5-6 сөйлемнен тұрады;

Құбылыстарды сипаттанда кілтті сөздердің болуы;

Логикалық жүйеліліктің болуы;

Жалпы жазбай (су құймай), нақты объективті сипаттама беру

БАҒАЛАУ:

Оқушылар жұптар бір-бірімен жұмыстарымен ауысып бағалап, кейін кез-келген 2 жұп бүкіл сыныпқа оқиды. Бағалауын түсіндіреді.

Қорғасынның адам ағзасына түскен кездегі өзгерісі (Pb)

Ең қауіпті тыныс жолдары арқылы қорғасынның енуі болып табылады. Бұл металл асқазанға енсе, онда ол тұз қышқылымен араласады және қорғасын хлоридін түзеді. Бұл бейорганикалық қосылыс тез ериді және асқазан қабырғасы арқылы қанға сіңеді. Қанда қорғасын ақуыздармен (атап айтқанда, альбумин) және фосфаттармен байланысады. Осындай коллоидтық жағдайда қорғасын қанның құрамындағы эритроциттерде (шамамен 90 пайыз) және паренхиматоздық органдарда (бүйрек) болады.

 

Кейбір элементтердің адам ағзасына түскендегі кері әсерлері

Тапсырма 3

https://www.twig-bilim.kz/ru/film/the-elements-lead сілтемесі бойынша төмендегі бейнебаяндағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Ежелгі римдіктер қорғасынды неліктен су құбырларына пайдаланған?

Қорғасын көбінесе қайда қолданылады?

Қорғасынның адам ағзасына кері әсерлерін атаңыз.

Бұрын қорғасынды бензинің октан санын арттыру үшін «тетраэтилқорғасын» қосылысы ретінде және бояулар жасағанда қолданылатын. Қазір оған тыйым салынған. Неліктен?

Бағалау:

Оқушылардың белсенділігі мен талап ниеттері бойынша жауаптар беріледі. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

ТАПСЫРМА 4.

Ауыр металдардың қоршаған орта мен адам өміріне тигізетін пайдасы да, зияны да бар. Дегенмен де, қоғамда адам денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болғандықтан ауыр металдардың адам ағзасына тигізетін зиянын төмендету үшін қандай әдістер ұсынар едіңіз.

Ауыр металдардың зиянын төмендетуге арналған іс-шаралар:

1. Жанармайға мүмкіндігінше қорғасын қосылыстарын қосуды азайту.

2. Жанармайдың балама түрлерін (биожанармай, этил, метил спирттері) қолдану.

3. Негізгі автокөлік көп жүретін күре жолдарды елді мекендердің ішінен өткізбеу керек.

4. Автокөліктердің түтін шығатын жерлеріне қорғасынды ұстап қалатын сүзгі қондырғысын орналастыру.

5. Жанармай бекеттерін елді мекендердің ішіне салуға тыйым салу.

6. Қорғасын зауытының қалдығынан өлкемізді тазарту керек.

7. Ескі автокөліктердің жүруін шектеу керек, көп мөлшерде айыппұл төлету.

8. Жол жағалауларына ағаш отырғызу.

9. Электр үнемдеуші лампаларды қолдану туралы үгіт-насихат жұмыстарын көбірек жүргізу қажет.

10. Құрамында сынабы бар металдар мен аспаптарды  қолдану аясын төмендету.

11. Сынап мен қорғасынды алмастыратын түрлерін жасап шығару.

Ескерту: басқа да логикаға сыйымды әдіс-тәсілдер қабылданады.

Сабақты қорытындылау

Бүгінні сабақта мен үшін жаңалық болды.................

Бүгінгі сабақта маған ұнаған /қызық нәрсе ...................

Бүгінгі сабақтан алған білімімді қолданамын..........

Бүгінгі сабақта мен түсінбедім....................

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?